Home » Жаңалықтар » Берері мол семинар

Берері мол семинар

Берері мол семинар

2024 жылдың 24 қаңтарында «№63 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында «Инклюзия тәжірибесі: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқу процессіне қосу жағдайлары» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті.

Алматы қаласы Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО және «№63 жалпы білім беретін мектеп» КММ ұйымдастыруымен өткен семинарда Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары-Малгаждарова Б. Т., Бостандық аудандық білім бөлімі басшысы — Касымбек А. Ж. алғы сөз сөйлеу барысында қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинарды «Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған «Болашақ мектебі» жобасы» тақырыбындағы баяндамамен «№63 жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры Актымбаева Г. О. ашып берсе,  ҚББЖТҒӘО «Инклюзивті ресурстық орталық» бөлім әдіскері Мұқашева Жұлдыз Мұқашқызы «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастырудың ерекше шарттары» тақырыбында, аталған басқарманың басқа да өкілдері семинар тақырыбының аясында баяндама оқыды.

Әр аудандардың мектеп директорлары қатысқан семинарда тәжірбие алмасу сабақтары өткізілді. Атап айтқанда, 1- сыныпта математика пәнінде «Есептің шығарылуы»,  2-сыныпта ашық тәрбие сағатында «Отбасы-бақыт мекені»,  4-сыныпта «Дене шынықтырудағы ойын компоненттері» тақырыбында О.В Михайлова., Э.Қ.Тұрлығожа, Ж.Қ. Оспановалардың сабақтары тартымды өтіп, оқушылардың ынтасын арттырып, зейінін шоғырландыратын, есте сақтау қабілетін дамытудағы әдіс-тәсілдері мен жұмыстарын көрсетті.

Сонымен қатар, «Көркем еңбек» пәні мұғалімі М.А.Даулгазинова, «Химия» пәнінің мұғалімі  И.В.Лебедева, «Физика» пәнінің мұғалімі Б.Б.Сарсенбаева, «География» пәнінің мұғалімі Г.М.Бахырғанова және С.С. Сабырбайдың өткізулерімен ашық сабақтар, шеберлік сағаттар, ғылыми тәжірибелер көрмесі ұйымдастырылды.


Содай-ақ Инклюзивті білім берудегі педагог-ассистент А.Ж.Бибанова, мектептің логопед маманы А.М.Бижан,. және арнайы педагог Ж.Қ.Мұратбай «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың танымдық белсенділігін нейрожаттығулар арқылы арттыру» тақырыбындағы өз тәжірибелерін ұсынды.

Семинар соңында рефлексия «WhatsApp»  әдісі бойынша жасалып, қорытындыланды.

«Білім айнасы»
Алматы
Дулатбек Нұрланұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.