Қазір заман талабы білім мазмұнын жетілдіруге назар аударып отыр. Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, ұлттық мектептердің кеңінен ашыла түсуі-пән мұғалімдеріне күрделі міндеттерді жүктеп отырғаны анық. Осындай іргелі міндет қазақ тілін оқытуды жаңаша ұйымдастыру, әрбір пәннің ғылыми сипатын арттырып, ұлттық деңгей дәрежесіне жеткізу, «жаңа буын» оқулықтарын сапалы құрастыру болып табылатындығы анық.
Осы ретте «Қызықты грамматика» атты авторлық бағдарламаны құрастыру осындай абыройлы міндеттерді жүзеге асыруды қолға алумен дараланады.
Менің құрастырған бағдарламамның негізгі мақсаты-оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін нығайту, кеңейту және сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту. Сонымен қатар курсқа туған жер, қазақ халқының тарихи тұлғалары, дәстүрлері туралы алынған мәтіндер оқушыларды туған жерді қадірлеуге, ұлы тұлғалардың өлшеусіз еңбегі оларды алға жетелеуге, салт-дәстүрмен мақтаныш етуге тәрбиелейді. «Қызықты грамматика» оқу құралы оқушылардың білімдерін тереңдетуді, ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды қарастырады. Балаларды ізденімпаздыққа және өзінің даму деңгейіне сенімді болуға тәрбиелейді.
Осы бағдарламаны енгізу барысында өз сыныбымның оқушылары бірталай жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Атап айтсам басы мектепішілік қазақ тілінен пәндік олимпиададан Әлімбек Баян жүлделі І-орындарды иеленсе, қалалық қазақ тілінен пәндік олимпиададан Сыздықова Камила ІІ орын иеленді. «Зерде» зерттеу жұмыстары байқауынан оқушым Марат Ерасыл ерекше көзге түсіп, грамотамен марапатталды.
Астана қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы
BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Искакова Сандуғаш Жантасқызы