Home » Мақалалар » Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен шығармашылық қабілетін әр түрлі әдістер арқылы дамыту

Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен шығармашылық қабілетін әр түрлі әдістер арқылы дамыту

Молжигитова Лиман Калкамановна
«№13 орта мектеп»КММ

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі,өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

В.В.Давыдов, В.И.Слободчиков, Г.А.Цукерман еңбектерінде «Адам өзін өзгерту үшін оның білім алуы керек, ол біріншіден, өзінің  білімді меңгеру шегін білуі қажет, екіншіден, өз мүмкіндіктерінің шекараларына өте алуы қажет»-дейді.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай білім беру жүйесіндегі бүгінгі өмірдің талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдалану. Бұл мақсатқа жетудің бірден — бір жолы оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру. Сондықтан да оқытудың жаңа түрлерін күнделікті сабақта қолданып, жоғары нәтижеге жету – мұғалімнің міндеті.

Бастауыш мектеп оқушысы үшін дамытатын жаттығулардың кешенді орындалуы олардың танымдық іс-әрекетінің барлық түрлерін қамтиды.

Ол үшін «шығармашылық   құқықтарды теңгеру» терминін пайдаланамыз. Дамытатын шығармашылық әдістердің мақсаты мектептегі оқытудың интеллектуалдық потенциалын көтеру  және әр сабақты оқушының танымдық құқықтарын меңгеруге бағыттау, тапсырманың шешу жолдарын талдау, тапсырманың орындалуына түрлі тәсілдер іздеу,өзінің шешімін құрбыларының жұмысымен салыстыру, өзінің дәлелдеген шешімін айтуға үйрету болып табылады.

Грамматикалық алғашқы мағлұматтардың мазмұны ашылып,дамытылу жағы қарастырылады. Сонымен қатар оқушының оқып отырған пәнге қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттырып, сабақты танымдық жаттығулар арқылы игеру мақсаты көзделеді.

Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология,синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әр түрлі әдіс-тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.

Фонетика саласы бойынша

«Кім жылдам?» ойыны.

  1. А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар.
    Мысалы:  Астана,…

(Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп,қала туралы не білетінін сұрау).

  1. Тек қана а (е, ы, і ) дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар.

Мысалы: (а)Тамаша, Тамара,Шағала,…

(ы) Ыдыс, ыстық,…

(і)   Ірімшік,ілгіш,…

(е)   Береке, ертең,…

  1. Жұмбақты шеш.

Бір ақынның атында

12 әріп, 4 буын.

Төртеуіде де бітеу буын.

Бұл қай ақын?

(Сұлтанмахмұт)

(жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жасаңдар)

«Кім тапқыр? ойыны.

1.Әрқайсыларының есімдерінде:

а)    2 «з»                          б) 3 «е»

ә)    2 «а»                         в) 4 «т»

әріптері келетін халық композиторлары кімдер?

2.Құрамында 2 дауысты дыбыс қатар келетін фонетикалық термин қай сөз?

  1. Екі дыбыс, үш әріппен жазылатын қай өзен?

(бұл ойынды кімде- кім белгілі бір уақыт ішінде тапса, сол жеңімпаз болып     саналады).

Лексика саласы бойынша

«Жалғасын тап» ойыны.

Мына мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жазыңдар

  1. Қолы қимылдағанның ………………………………………………
  2. Көп жасаған білмейді………………………………………………
  3. Кәріге құрмет,………………………………………………………….
  4. Біреуге ор қазба,……………………………………………………..
  5. Жақсы қыз,…………………………………………………………….

Жақсы  жігіт,…………………………………………………………..

Әр сөзі «Е» әріпінен басталатын үш сөзден тұратын еңбек туралы бір мақал жаз.

Е…………………….е…………………………….е……………………..

Әр сөзі «Ж» әріпінен басталатын үш сөзден тұратын ерлік,батырлық туралы бір мақал жаз.

Ж…………………ж…………………..ж………………………..

«Кім білгір?» ойыны.

Тақтаға заттардың жан-жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал-мәтелдерді кім көп біледі?

(Көп айтқан оқушы жеңімпаз болады).

«Кім дұрыс пайдалана алады ? ойыны.     Плакатқа жазылған тұрақты сөз тіркесі тақтаға ілінеді.Ойынға қатысушылар сол жасырылған сөздерді тауып, тұрақты сөз тіркестерін айтып,оны кірістіріп сөйлем құрастырулары керек.

1…….тай   ұшты,……нан күлу,…………..ыңды балта кеспейді.

2…….жұтқан,…….нің түгі бар,……….айну.

3…….ге ілмеу,….іне шөп салмау,……..і  тоймау.

……ге күйіу болмау,….іне көк ала шыбын үймелету.

4…….ын шүйіру,….ын көкке көтеру,……ына су жетпеу

…….ындық болу.

Морфология саласы бойынша.

Жаттығуларды түрлендіріп жүргізу нәтижесінде оқушылардың алғашқы  грамматикалық ұғымдар жөнінде түсінік беру үшін, түсінгендерін есте берік сақтау үшін және балалардың өздері істейтін жұмысын әртүрлі қызықты етіп ұйымдастыру жағын мұқият қарастырдым.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай шебер ұстаздың еңбегінің жемісі оқушының сол пәнге деген қызығуын арттырып,толық білімді игерте білуінде.

Сабақтың әрбір бөлімінде оқушы баяндау, сұрақ-жауап беру, топтық жұмыстар арқылы сабақтың жоспарлық құрылымының нақтылы жетістігіне қол жеткізеді.

Осы әдіс-тәсілдерді үзбей қолданып, оқыту процесінің барлық формасына (практикалық сабақтар, оқушылардың өзіндік жұмыстары, факультативтік сабақтарда) қолдану керек деп тұжырымдаймын. Себебі, оқыту іс-әрекетінің негізгі міндеті танымдық іс-әрекетті дамыту,ойлауды дамыту болып табылатындығы әрбір педагог үшін кәсіби парыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Жалпы Орта Білім Берудің Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Стандарты Атамұра
  2. //Дамыта оқыту технологиялары.// Б.А.Тұрғынбаева

Алматы 2000жыл

  1. //Бастауыш мектеп// журналы№2012 ж.
  2. //Қазақстан мұғалімі//журналы 6сәуір 2011ж.
  3. //Ұлағат//журналы №4.2007жыл.
  4. //Қазақ тілі мен әдебиеті//журналы №2.2014ж.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.