Күн жылына салысымен бар табиғат жандана бастайды. Соның ішінде адам өміріне қауіпті кішкентай кенелерге де жан бітеді. Кенелер көптеген аурулардың таратушысы болып саналады, сондықтан шағып алған жағдайда тез арада алғашқы жәрдем жасау қажет. Кене несімен қауіпті? Бұл майда паразиттер көктемнің алғашқы сәулесімен тіріліп, белсенділігі арта бастайды. Олардың ең белсенді уақыты мамыр мен маусым айлары. Кене энцефалиті — табиғи ошақтық вирустық ауру, орталық нерв жүйесін, тірек-қимыл аппаратын және теріні зақымдайды. Аурудың тасымалдаушысы иксод кенелері. Аурудың бірінші белгілерінің пайда болуы 7 күннен 14 күнге созылады. Аурудың белгілері: дене қызуы 39-40оС дейін көтерілуі, бұлшық еттер ауыруы, жүрек айнуы, ауру адамда құсу белгісі пайда бола бастайды. Ауыр жағдайларда дененің жоғары бөліктері, иық пен мойынның салдануы мүмкін, бұл өз кезегінде мүгедектікке әкеліп соғады. Кене шағып алғанда не істеу керек? Егер денеңізде кене табылса, жақын жерде медициналық мекеме болмаса, оны алып тастау керек, бұл сіздің қауіпсіздігіңізге кепілдік береді. Кенеге өсімдік майын тамызып, тұмсығының негізін жіппен байлап, маятник тәрізді қозғалыстармен баяу денеден алып тастау керек. Кене шаққан малдың сүтінен беріледі. Кенеден қалай қорғануға болады? Кенелер қалың шөптің, бұталардың, құлаған ағаштардың арасында мекендейді. Сондықтан, табиғат аясына шыққанда жабық аяқ киім мен ашық түсті киім киіңіз. Шалбардың балағын шұлықтың ішіне, ал жейде немесе футболканы – шалбардың ішіне салыңыз, бас киім киіңіз. Көбіне кенелер терінің бүгілген аймақтарын: мойын, қолтық, тізе асты, сонымен қатар шаш аймағын шағады.Қыдырғаннан кейін осы жерлерді мұқият тексеріңіз. Кенелерден қорғайтын кремдер мен спрейлерді пайдаланыңыз. Кене энцефалитіне қауіпті аумақта тұратын тұрғындар, сонымен қатар қауіпті аумақтарда келесі қызметтерді атқаратын адамдар және тұрғындар алдын алу мақсатында ауруға қарсы екпе (вакцинация) алғандары жөн:
— ауылшаруашылық, құрылыс, топырақты қазып алу және орнын ауыстыру, геологиялық .
— ағаш дайындау, орман тазалау және жайлау, сауықтыру аймағы және тұрғындар демалыс орнында;
— кене энцефалитіне эндемиялық аймаққа демалу, саяхаттану мақсатымен барған, саяжай бау-бақшаға жұмыс істеуге баратын адамдар.
Сол жерде, ауруға қарсы иммуноглобулин екпесі егіледі, тиісті екпелер ақысыз жүргізіледі. Кене тістеген жағдайда травматологиялық бөлімдеріне жүгінгеніңіз жөн. Сол жерде, ауруға қарсы иммуноглобулин екпесі егіледі. Кене шаққаннан зардап шеккен науқастарға диспансерлік бақылауды тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық ұйымда — жиырма бір күн ішінде жүргізіледі.
Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының эпидемиологиялық
бақылау және қадағалау бөлімінің
бас маманы Шағала Жұмашқызы Оразай