Home » Балабақша » Ұлттық тәрбие – болашаққа бағдар

Ұлттық тәрбие – болашаққа бағдар

Бейсенова   Жұлдыз
№ 81 «Әсемгүл» балабақшасы
мектепалды тобының тәрбиешісі 

«Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», — дейді Жүсіпбек Аймауытов. Осы бір ұлағатты сөз астарында отбасында ата-анасынан, мектепке дейінгі ұйымда тәрбиешіден талап етілетін тағылым жүгі жатыр.

Қазір ұлттық тәрбие балабақшада кеңінен насихатталып, көрсетіліп жүр. Бала бойына ұлттық тәрбие мен білімді кішкентайынан сіңіруі қажет.

Бала – біздің болашағымыз. Болашағымыздың ертеңі бұлыңғыр болмауы үшін қазірден тілін, ділін, кім екенін ұғындырғанымыз жөн.

Мектеп жасына дейінгі балаларды:

  • «Ойната отырып тәрбиелейміз»;
  • «Ойната отырып оқытамыз».

Ұлттық құндылықтарды балаларға насихаттау арқылы оларды отансүйгіштікке, елін-жерін қорғауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет жасауға баулуға болады. Сондықтан ұлттық ойындар мазмұны мен түрлеріне қарай оқу іс-әрекетінде үлкен қолдауға ие бола алады.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан ойындарының көбі – асық арқылы ойналатын ойындар.
«Асық» дегеніміз не? Оны қайдан аламыз? Әртүрлі түске қалай бояймыз? Осы сұрақтар қазіргі заманауи балаларға таңсық. Себебі отбасында ата-аналар да балаларына айтып отырмайды. Гаджеттен әртүрлі пайдасыз ойындар ойнап өскен баладан ұлт болашағын көру мүмкін бе?

   
Міне, осы олқылықтардың алдын алу үшін балабақшада ұлттық құндылықтарымызбен бала тәрбиелеуді қолға алып келе жатырмыз.
Асық – табиғи сүйек болғандықтан, бала денсаулығына зияны жоқ.
Кіп-кішкентай асықтан оқу іс-әрекетіне көптеген тапсырмалар жасауға болатынын дәлелдеп жүрміз. Балаларға да өте қызықты.
Сондай-ақ балабақшамызда әр жұма «Ұлттық киім күні» болып бекітілді.

13 комментариев

  1. Күшті жарайсың

  2. Zhadyra.targynkyzy@bk.ru

  3. Бөлтірік

    Тамаша. Керемет. Болашағымызды ослай ұлттық тәрбие сіңіріп ұлт жанды қылып ұшыра беріңіздер. Еңбегіңе сәттілік Жұлдыз Болатқызы.

  4. Ұлттық құндылықтарды осылай оң-солын танымайтын баланың санасына сіңіруден бастау керек!

  5. ШОЛПАН ЖАНАЛИЕВНА

    Сәттілік еңбегінің биіктен көріне берсін! Керемет

  6. Керемет! Ұлттық ойындар елене берсін, еңбегіңіз жаңа берсін Жұлдыз Болатқызы🌹

  7. Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Саналы ұрпақ көп болсын!

  8. Казына Толқынбайқызы

    Балабақшаның бала өмірінде алар орны зор. Таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін бала балабақшада. Ата-ана отбасының қамы деп жұмыс жасауға міндетті болып отыр. Сол кезде баласына алаңдамай, осындай мемлекеттік мықты балабақшада отырғаны, керемет жұмыстар жасалып жатқанын көргенде, көңіліңді жайландырады. Тәрбиешілерге, балабақша ұжымына алғыс. Екі жақтап болашақ ұрпаққа жақсы тәрбие мен білімді бойларына сіңірулеріне жағдай жасай берейік🌹

  9. Керемет! Еңбегіңіз жаңа берсін Жұлдыз Болатқызы🌹

  10. Ұлттық тәрбие – болашаққа бағдар атты жобасын қолға алып, болашақ ұлт жанды бала тәрибелеп, ұлт болашағына жаңашырлық танытып, ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, ұлттық құндылығымызды бала санасына сіңіру мақсатында қолға алып отыр. Ұлтымыздың ұмтылып бара жатқан ұлттық ойындарын енгізіп, мәселен асық ойыны. Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасын қолға алып тәрбие сағатын өткізуде. Сонымен қатар Ұлы ақынымыз «Абай бұрышы» деп аталатын балаларымызға Абай шығармаларымен таныстырып, жатқа айтқызып жүр. Қуантарлық жағдай. Жұлдыз Болатқызы, балаларымызға тәлім-тәрбие беріп отырсыз үлкен алғысымызды білдіреміз. Бар күш-жігеріңіз бен мол тәжірибеңізді Тәуелсіз еліміз Қазақстанның мүддесі үшін аянбай жұмсай береді деп сенеміз. Сізге еңбегіңізге толағай табыстар, өзіңізге мықты денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін. № 81 «Әсемгүл» балабақшасы ұжымына шығармашылық табыстар тілеймін. Жасаған жұмыстарыңыз бағалана берсін. Алғысымыз шексіз.

  11. Назерке Құрбаналықызы

    Тамаша ойындар, ұмыт бола жаздаған ойындарды қайта жаңғыртып, келер ұрпақтың санасына тоқудағы еңбегіңіз елене берсін

  12. Гульбану Т

    Жұлдыз Болатовна, жарайсыз! Мақалада өзекті мәселе қозғалған. Ұлтшыл жандар көп болсын!Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!!!

  13. ұлттык ойын ,салт-дәстүр құндылықтарын бала тәрбиесінде бирге алып журген Жулдыз Болатқызына мың алғыс😘😘

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.