Home » Мақалалар » Ұлттық ойын ұлықталуда

Ұлттық ойын ұлықталуда

Даулетбаева Назым Кенеспековна
Ұлытау облысы Қаражал қаласы
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ұлттық ойын ұлықталуда

Асық ойыны- қазақ халқының дәстүрлі ойыны, асық мергендікпен ептілікке баулиды. Асық ойынының бірнеше түрі бар. Ойынды  неғұрлым көп адам ойнаса соғұрлым қызықтырақ болады. Мен өзімнің сабақтарымда оқушыларыма ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарымыздың дәріптелуін назарға алып жатырмын. Балалар «құмар», «тәйке», «омпы», «алшы» ойындарын жақсы меңгерген. Үлкен қоғырау кезінде «Ханталапай» мен «Бесасық» ойынын ойнауды әдетке айналдырған. Басты мақсатым, келешек ұрпақ ұлттық құндылықтарымызды оның ішінде асықты білсін, қастерлесін, ұмыт бола бастаған асылдарымыз дәріптелмін деген ниет. Оқушы санасына осы қасиеттерді сіңіре отырып ұлтжандылыққа баулу.

   

Оқушылардың білімін бағалауды осы асықпен байланыстырдым. Яғни асық түстеріне қарай бағалаймын мысалы; өте жақсы деген баға жасыл түсті асық, жақсы деген баға қызыл, орташа деген бағалау сары түс болып белгіленеді. Балалар қызығып, бір-бірімен жарысып сабаққа қатысып баға алуға тырысады.

Жақында  қазақ тілі әдебиеті пән апталығы  ұлттық ойын түрлерінен  өтті, оған қатысып оқушыларым жүлделі болды. Айтыс сайысы өтті онда да  талантты балаларым марапатталды. Өзім тәрбиелеп отырған оқушыларымның жетсітіктері мен үшін мәртебе. Ұстаз үшін осыдан артық не керек?

Бала тәрбиелеу мен білім беру бағытында өз идеяларым мен жоспарларым жоқ емес, алдағы уақытта жүзеге асырамын деген ойдамын.

Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалдық құндылықтарға жатады. Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту, ұлттық құндылықтарды тереңнен оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды отбасында да мектепте де ұлтжандылықпен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.