Home » Мақалалар » МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!

МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!

Сариева Санияш Бахытовна,
Астана қаласы әкімдігінің
№63 «Әсем-ай» балабақшасы
«Лағыл» ортаңғы топ тәрбиешісі

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Ж.Аймауытов


Бала пәк, бала тап –таза мөлдір бұлақтың бастауы. Осы бұлақтың көзін ашып, тұнығына қану үшін жылы жүрек, аялы алақан, әр  баланы ертеңгі ел тұлғасы деп құрметтеу, оның адамшылдық ар- ожданын, намысын, жеке басын сыйлау менің басты қағидам! Балалармен жұмыс жасау- үлкен бақыт. Еш нәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенетін ортаның бір мүшесі болғанымды мақтан тұтамын.
Менің болашағыма қанат бітірген  — ұстаз әлемі болды. Ұстаз — мен үшін идеал, өмірге құштар, мотиватор, заманауи адам. Осылайша, ел баласына қызмет етіп, сауат ашуға  үлесім тигені  ̶ ел алдындағы перзенттік парызымның орындалғаны деп білемін. Әр бала өзінше әлем. Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл. Бәрінен де маңызы – кристалдай таза, сүттей ақ, судай мөлдір бала көңілінің шырағын жағу – басқа бақыт. Балалармен өткен уақыт ең қызық, әрі маңызды сәттер деп айтар едім. Жаныңды жадыратып, жүрегіңе тыныштық беретін саланың әр күні жарқырап тұрмайды. . Көлеңкелі сәттерде бір тұрып, бір жығылып ілгері басудың қаншалықты маңызды екенін де түсінуіміз керек.  Адамның ниеті дұрыс әрі таза болса болғаны, қалауы орындалып, кәсіби биігі жоғарылай түспек. Осы кезге дейін мамандық таңдаудағы шешіміме қылаудай болса да күмән түскен емес. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы: «… Бір әдісті болу – олақтықтың белгісі, түрлі әдісті білу – шеберліктің белгісі» деп ұрпақ тәрбиесінде қызмет қылатын «қауымға» айтса керек. Мамандығым жан – жақтылықты, үнемі ізденісті қажет ететін сала. Бала бойындағы сан қырлы ерекшелікті ашу үшін тәрбиеші талғамы биік, өресі жоғары болуы керек деп түсінем. Мамандығымның жақсы тұсы да осы. Тоқтап қалмай үнемі өзіңмен жұмыс жасау. Ата анамен дұрыс қарым қатынас орната білу, ортақ бала тәрбиесі тақырыбында еркін әңгіме айту, баласының жақсы жағымен кемшілігін түзетуге бірлесе жұмыс жасау да үлкен жауапкершілік. Менің кәсіби жолымның басты қағидаты да осы. Үнемі дамыған адам ғана үдерістің үдесінен көрініп,  тұлғалық деңгейге жетеді.
Әр адам мамандық арқылы  өз өмірін қалыптастырады, баянды да мазмұнды етуді мақсат етеді. Лайым, осы жолдағы көшіміз оңға бассын!

43 комментария

  1. Еңбегіңнің жемісін,зейнетін өр

  2. Керемет жазылған,қолыңнан ұшып шыққан балапандар,сені алғашқы ұзтазы ретінде мақтанып жүрсін.

  3. Тәрбиеші деген өте мықты мамандық оны қолынан келген игере алатын адам ғана істей алады

  4. Жарайсың, тәрбиеші болу оңай емес. Мың алғыс тәрбиешілерге

  5. Жарайсыз,сіздей тәрбиешіге мың алғыс!Нағыз өз маманы!Тек қана алға

  6. Жумысын жемиси осе берсин! Тек биитерден корине бер!

  7. Санияш апай мамандығын сүйіп таңдаған деп айта аламын. Балармен өте керемет жұсы жасайды. Сізге сәттілік 👍🏻

  8. Еңбегіңіз бағаланып тек биік белестерге шыға беріңіз.

  9. 😍😍😍👍👍👍

  10. Сандуғаш

    Еңбегіңіздің тек жемісін көріңіз. Сәттілік сізге🥰

  11. Айгерим

    Мы вас любим ! 🙏

  12. Сиз сиякты тарбиешилер коп болсын сизбен мактан етемин жумысынызга саттилик болсын

  13. 😘🌹💐🌸🌺

  14. baiguatovazhuldyz@gmail.com

  15. Назгуль

    Біздің сүйікті тәрбиешіміз! Өз ісінің үздік маманы Санияш Бахытовна!

  16. Сандугаш

    Тәрбиешінің кәсіби деңгейін балалар береді ғой негіз. Егер баланы таңертең оятқанда «Тұра ғой апайға барамыз» дегенде бала атып тұрып «апайға барам, достарыма барам» деп жиналса, бала-бақшаға кірерде жыламай кірісе демек бұл жерде тәрбиешінің улкееен еңбегі жатыр. Сіздің бағаңызды балам арқылы осылай байқағанмын.Сол үшін өзіңізге мың алғыс. Тәрбиешілердің жұмысы өте қиын әрі жауапты жұмыс. Өздеріңіздей сенімді тәрбиешілер барда қоғам тыныш.Бала үшін ел шулайды, бала үшін бүкіл ел тұрып кетуі ғажап емес. Сіздер қоғамдағы осындай дүрбелеңнің алдын алатын, тыныштықты сақтап тұратын тұлғасыздар! Топтағы балалардың жақсы көңіл — күйі үшін өзіңізге мың алғыс! Бұл — еңбек! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Алғысымыз шексіз!

  17. Ең сүйікті тәрбиешіміз Санияш Бахытовна!! Сіздей маман әлі көрмедім. Ең үздік маман. Балам ұйықтап жатып Санияш апайды түсінде көріп, күліп , Апайка деп шақырып жатады түсінде. Балабақшаға деген баланың сезімі сондай жылы. Үнемі барғысфэы келіп, Апайка мені күтеді деп, Апайка мені жақсы көреді деп айтады.

  18. Жарқынай Санияш еңбегін өрлей берсін, еңбегің жансын ,балапандарын белестерден ассын

    Мәртебең арта берсін

  19. kuka27121987@gmail.ru

  20. Кристина

    Сіздің жұмысыңызды және балаларымызды қаншалықты жақсы көретініңізді көріп отырмыз! Рақмет сізге!

  21. Керемет,,,жұмыста тек табыс тілеймін 👏

  22. Еңбегініздің жемісін көріңіз. Тек қана алға. Алар белесіңіз көп болсын.

  23. Жұмысыңызға табыс үйіңізге береке берсін.

  24. Жумагуль

    Кұрметті Санияш Бахитовна алғысым шексіз,сізге омирдегі бар жаксылықты тілеймин.Өз жұмысына ынталы,ұкыпты,балалармен тіл табыса біледі.Балаларымыздың дамуына,білім алуына кабилеттігі жоғары.Мінезі ашык адамгершілігі мол.

  25. Гульназ

    Санияш апайға мың алғыс! Әр үйдің бір еркесін үлкен шыдамдылық пен төзімділік таныта отырып, әр балаға жекелей көңіл аударып тәрбиелей алатын біліктілігі үшін. Жұмысында тек толағай табыстар тілейміз! Өз маманының кереметтей иесі!

  26. Біздің ең сүйікті Тәрбиеші! Бірінші күннен бастап баламыздың тілін тауып, баламызды баурап алды. Санияш апайымыз өз жұмысын өте жақсы біледі. Сіз сияқты тәрбиеші көп болсын! Еңбегіңізге көп рахмет! Жұмысыңыз табысты да жемісті болсын! ❤️❤️❤️

  27. Айжан Бауржанкызы

    Ұстазымыз Саняш Бақытқызын өте жақсы көреміз және бағалаймыз! Шәкірттеріне көрсеткен ілтипаты, сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін оған алғысымыз шексіз! Бас әріппен жазылған маман екенін айтқымыз келеді! Оның барлығы үшін оған рахмет!

  28. Ең сүйікті тәрбиешіміз! Балаларды еш алаңдамай, сеніп қалдырамыз! Балалар да тәрбиешісін жақсы көретінін айтып жүреді

  29. Ең мейірімді, жүрегі кең апайымыз❤️❤️❤️ сәттілік сізге! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Аллам отбасыңызға бақыт, амандық берсін🫶🏻

  30. Санияш апай, одна из лучших воспитателей! Дети и родители очень любят ее. Ребенок в садик всегда ходит с радостью, очень быстро проходит период адаптации!

  31. Еңбегіңіздін Алла берекесин берсін

  32. Меруерт

    Керемет, еңбегіңіз еселене берсін!!!

  33. Ботагоз

    Санияш апай, ең алдымен өз ісінің нағыз кәсіби маманы. Жұмысқа тек жұмыс деп қарамайды, балаларға екінші ана болып, олардың ғана емес топтағы барлық ата-ананың жүрегін өзінің мейірімділігімен, жылулығымен баурап алған. Санияш апай тәрбиеші ретінде балаларға белгіенін ұйретіп қана қоймай, бүлдіршіндердің тұла бойына қазақилықты сіңірген. Апайға айтар алғысымыз шексіз💐💐💐💐💐

  34. Самый лучший воспитатель !!!!!

  35. Биздің ең сүйікті Санияш апай 😍❤️🫶🏼

  36. Сәттілік серік болсын. Керемет тәрбиеші.👍👍

  37. Санияш Бахытовна биздин улымыздын суйикти Апайы. Бакшага баргалы, ешкашан бала бакшага бармаймын дегенди естимедик. Улымыз Апайын жаксы коретинин кунде айтады, соган карап биз — Ата ана оте ризамыз! Жумысыныздын жемисин кориниз! Биз сизди оте жаксы коремиз! ♥️😘

  38. Акжаркын

    Керемет тәрбиеші👍 Еңбегіңнің жемісін көр!

  39. Акмарал

    Санияш Апайымыз Ен мыкты устах.улым жаксы кореди.Апайымызна зор денсаулык, кажымас Кайрат тилеймин.жумысы Алга баса берсин🙏. Табысты , жемисти болсын.биз сизди жаксы коремиз апай

  40. Саттілік👍 Жұмысың табысты, жеңісті, жемісті болсын!

  41. Жұмысын жеңісті, жемісті, табысты болсын! Сәттілік👍👍👍👏

  42. Санияш Бақытқызы қызымның алғашқы тәрбиешісі.. Қызым апайын жақсы көреді, демалыс күндері апайына баруға асыға күтеді. Өз мамандығын жақсы көріп, балаларға бар мейірімін, білімін беретін асыл жан! Еңбегіңіз бағаланып, тек жемісін көріңіз.

  43. Салтанат

    Еңбегіңіз жемісті болсын, тек биіктерден көріне беріңіз ✊🏻✊🏻✊🏻🌹🌹🌹

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.