Home » Мақалалар » «Бөбек сенімі – тәрбиешілік бақытым!»

«Бөбек сенімі – тәрбиешілік бақытым!»

Какимова Айша Абаевна
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы
Жамбыл НОМ, КММ  «Қызғалдақ»  шағын орталығы
тәрбиеші, педагог- сарапшы

     Бала пәк,бала тап –таза  мөлдір бұлақтың бастауы. Осы бұлақтың көзін ашып, тұнығына қану үшін жылы жүрек, аялы алақан, әсіресе баланың жеке бас ерекшілігін құрметтеу, оның адамшылдық ар- ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай  сыйлау, құрмет тұту менің басты қағидам!

Балалармен жұмыс жасау- үлкен бақыт. Еш нәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді. Мен топтағы балаларымды өте жақсы көремін .Өйткені бала жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтсада әділ шындықты айтады. Әр бала өзінше әлем. Жаны жақсылыққа құмар,арманшыл. Мен  шағын орталықта жұмыс жасағаныма он алты  жыл, бұл еңбектен жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды  өмірдегі ең бағалы уақытым деп санаймын. Күндегі таңертеңгі жас бүлдірішндер ді қарсы алып,тәтті күлкілерін,

«Сәлеметсіз бе?» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы, бала назарынан еріксіз оқу қызметіне аударту, баламен қарым- қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты  екеніне көзім жетіп жүр. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімдерін арттырып, оқу іс –әрекетіне тұрақты зейінін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады.

Біз тәрбиешілер, түрлі  болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас. Болашақ -заңгерлерді әділдікке үйрету, дәрігерлерді- жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды – нақтылыққа тәрбиелеу  бәріде тәрбиешінің қолында. Білімімді кеңейтіп тәжірибе жинақтау алдымда. Шын білімдінің зердесі кең, алыстан қарасаң  -кербез, жақыннан қарасаң- кішіпейіл. Жүзіне үңілсең-мейірімді,  жанына үңілсең – шуақты болып көрінбек. Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді шуақты тәрбиеші атансам- адами парызымның орындалғаны болар.

Сөзіміз -түзу, еңсеміз-биік, рухымыз- мықты болсын десек, бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екенін естен шығармайық.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.