Сертаева Айгуль Асилхановна
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
Қ.Сатпаев атындағы мектеп –лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
ХХІ ғасыр – ақпараттар ғасыры, дамудың жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Бірлескен әрекеттер – коммуникативті дағдыларды қалыптастырудың негізі. Коммуникативтік дағды жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек. Коммуникативтік дағдылар-баланың қоршаған ортаны танудағы, адамдармен қарым –қатынасудағы ең маңызды дағдының бірі болып табылады. Балалардың коммуникативті даңдыларын қалыптастыру мақсатында оның коммуникативті дағдысының даму деңгейін білу керек. баламен тілдесу, сұрақтар қою арқылы баланың балалармен қарым -қатынасы дамуының деңгейін анықтауға болады. Коммуникативті дағдылар-ең маңызды дағдының бірі, себебі барлығымыз қоғамда өмір сүріп, кез келген қоғам өкілімен қарым -қатынаста боламыз. Өмірде, жұмыста жетістікке жету үшін бізге дұрыс қарым -қатынас жасап, диалог құрып, өзгенің сезімін танып білу керек. Бала-өмірді, өмір заңдылықтарын қоршаған орта және үлкендермен жанасу арқылы таниды. Осы орайда, баланың коммуникативті дағдыларының дамуы ата-ана және тәрбиеші-мұғалімдер жауапкершілігіне негізделеді. Баланың коммуникативті дағдыларын қалыптастыру үшін бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек Коммуникативті дағдылардың белсенді әдістері – оқу материалын меңгеру үрдісіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері. Осы заманғы педагогикалық үрдісте қолданылатын әдістер саны, түрі орасан көп. Маңызды мәселелерді шешуде, жас ұрпаққа сапалы да, саналы ой еңбегіне тәрбиелеуде математиканың алатын орны ерекше. Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал, талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты – математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады. Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және шыңдай түседі. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап түсінуге көмектеседі. Математика – адамдарға ой салу арқылы толғандырады, адамдардың ойын жетілдіреді. Математика адамдарды ойшыл, салмақты болуға, ақыл парасаттылыққа жетелейді. Ойлану, толғану болмаса математика да болмайды.
Оқушының математика пәнін игерудегі негізгі қызметі: математикалық формулалар мен ережелерді жатқа білу, оларды есептер шығаруда қолдана білу, күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыруы. Оқушының үй тапсырмаларын орындап отыруы – олардың есеп шығара білу дағдысын жақсартады. Математика сабағында мұғалім теориялық ілімдерді меңгертуді, практикалық әдіс- тәсілдермен ұштастыра отырып, тез, ұтымды есептеулерге жаттықтырады. 1 математика сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, математиканы оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс — тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Ойын кезінде кез келген адамның, әсіресе жас өспірімдердің қабілеттері толығымен байқалады. Ойын – ақыл күші мен ерекше ұйымдастырылған эмоционалды серпілісті талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ түрі. Ойын – қалай істеу керек, не айту керек, қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Осы сұрақтарды шешуге талпыну арқылы ойыншылардың ақыл – іс әрекеттерін дамытады.. Ойын — сауық және демалыс түріндегі ойын оқушылардың ара — қатынас үлгісіне, шығармашылыққа, оқытуға үйретеді. Ежелгі әлемнің өзінде де ойын-оқытудың бір түрі ретінде қолданылған. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пентабандылық қалыптасады. Ал, әрбір ұстаздың басты міндеті – жас ұрпаққа жан-жақты білім бере отырып, оқушының бойындағы қабілетін ашу арқылы, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Оқушы бұл пәнді тиімді меңгеру үшін, оқытылатын материалға қызығуы, есеп шығаруы тиіс. Оқушылардың оқу- танымдық іс-әрекеті- күрделі процесс. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлерімен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу үдерісі оқу- танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық әрекеті оқу- танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады. Танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласынын құштарлығының ерекше көрінісі. Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларда ақыл-ой қабілеттерінің мынандай элементтері дамиды; зеректік, зейіндік, байқағыштық, ойлау мен сөйлеу дербестігі, қызығушылығы т. б. Танымдық іс-әрекет оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үдеріс бола отырып, ол оқушы міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үдерістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т.б. сипатталады. Бұл қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары: — оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы; оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы кері байланысты жетілдіру.
Бүгінгі таңда алдымызда тұрған міндеттердің бірі – ешкімді қалыс қалдырмай, барлық балаларға, соның ішінде арнайы білім алу қажеттіліктері бар балаларға да бірдей сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Олардың өз мүмкіндіктерін толық дамытуын қамтамасыз етужәне барлық балаларға бірдей мүмкіндіктер беру, Белгілі бір көлемдегі білім-білік дағдыларды меңгертумен бірге қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.