Куатбекова Меруерт Малдыбаевна
Дулыбаева Гулжазира Сулейменовна
Бастауыш сынып мұғалімдері
Аңдатпа
Мақалада педагогтің іс-әрекетіндегі сабақты зерттеуде анықталған мәселелерді шешуде әдістердің тиімділігі жазылған. Зерттеуге алынған А,В,С деңгейіндегі білім алушылардың жазылым дағдыларын қалыптастырудағы оқу жетістіктері баяндалған.
Аннотация
В статье изложена эффективность методов решения выявленных проблем при изучении занятий в деятельности педагога. Изложены учебные достижения в формировании навыков записи обучающихся уровня А, В, С, взятых на исследование.
Кілт сөздер: сабақты зерттеу, А,В,С деңгейдегі білім алушылар, тиімді әдіс-тәсілдер, тізбектелген сабақтар, жазылым дағдылары, кіріс және шығыс сауалнама.
Педагогикалық қызметте өз еңбегінің оңды нәтижесін көргісі келетін мұғалім үнемі ізденісте болуы керек. Себебі, білім сапасын көтеруде, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда мұғалім оқу мен оқыту үрдісінде түрлі қиындықтармен кездесіп, тәжірибеде туған мәселелерді шешудің жолдарын іздестіреді. Оқыту үрдісінде мәселелерді шешудің бірден бір жолы жүргізетін сабақтарын зерттеуі қажет. Сабақты зерттеудің тиімділігін бүгінгі уақытта республика көлемінде педагогтер дәлелдеп, оң нәтижелерін көріп келеді. Оның дәлелі, мұғалімдердің рефлексиялық есебінен, жазған мақалаларын республикалық ғылыми-практикалық конференция жинақтарында, баспасөз беттерінен кездестіруге болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысы бойынша Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 6-бағытында «Балаларға білім беретін педагогтің кәсіби рөлі оқу, жобалау және зерттеу қызметін ұйымдастыру арқылы тереңдетіледі, сонымен қатар педагог білім беру, оның ішінде цифрлық ортада кеңесші, зерттеуші, жоба жетекшісі, «бағыттаушы» рөлін атқарады. Педагогтер өздерінің педагогикалық және әдістемелік практикасын үнемі жетілдіруді және жаңартуды көздейтін өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандырылады» делінген. Олай болса, бүгінгі таңда педагогтердің сабақты зерттеу жұмысы өзекті екендігін айқындайды. [1, 6]
Сабақты зерттеу арқылы кез келген мұғалім өз жұмысындағы туындаған мәселелердің шешімін табады. Осы орайда, 2022-2023 оқу жылында 2 «В» сынып білім алушыларының әдебиеттік оқу пәнінде бірінші тоқсандық жиынтық бағалауында түрлі қиындықтағы жазылым тапсырмасын орындау барысында келесі кемшіліктері анықталды. Атап айтсақ:
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыруда қиналуы;
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде сөйлемнің құрылымын бұзуы;
• Әңгіме құрастыруда сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтамауы;
• Ойын жазбаша жеткізуде грамматикалық, лексикалық қателіктің орын алуы.
Бұл кемшіліктерді түзету үшін сабақты зерттеуді жөн көрдік. Алдымен туындаған мәселені анықтау барысында білім алушылардан кіріспе сауалнама алынды. Сауалнама 4 сұрақтан және 3 түрлі жауаптан құралды. (1-кесте)
№ Сұрақтар Жауап
иәжоқкейде
1.Мәтіндегі негізгі ойды анықтай аласың ба?
2.Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра аласың ба?
3.Тірек сөздер арқылы мәтін құрап жаза аласың ба?
4.Мәтін мазмұны бойынша сөйлем құрастырғанда қиналасың ба?
1-кесте. Кіріспе сауалнама
Кіріспе сауалнама нәтижесінде 1-ші сұраққа «иә» деп жауап бергендері 36,6%, 44% -і «жоқ», 20% -ы % -«кейде»; 2-шісіне 43%-ы «иә», 40% -ы «жоқ», 17% -ы «кейде»; 3-шісіне 33% -ы «иә», 4-ші сұраққа 60% -ы «иә» деп жазған. Бұдан шығар қорытынды, білім алушылардың мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастыру, тірек сөздер бойынша сөйлем, мәтін құрауда қиналатындығы анықталды.
2-диаграмма. Кіріспе сауалнама
Білім алушыларда туындаған қиыншылықтарды жою үшін, іс-әрекетті зерттеудің жоспары құрылды. Жоспарда сабақты зерттеудің сұрағы «Әдебиеттік оқу сабағында білім алушының жазылым дағдысын мәтінмен жұмыс барысында қаншалықты қалыптастыра аламын?» нақтыланды. А,В,С деңгейлі білім алушылар анықталып, күтілетін нәтижелер белгіленді. Жоспарда тізбектелген сабақтар тақырыптары, өтетін күні белгіленді. Білім алушылардың жазылым дағдысын қалыптастыратын, функционалдық сауаттылығын арттыруда белсенді әдістер: суретті пиктограмма, «Қырлы қарындаш», TopIQ.kz платформасы, «Кейіпкерге хат», worldwall.net платформасы іріктелді. (3-кесте)
№ Әдіс атауы Тиімділігі
1. Суретті пиктограмма Білім алушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады; суреттер арқылы сөйлем құрылымын сақтауға үйретеді; сөйлемді құрауда лексикалық, грамматикалық сауаттылығын қалыптастырады; алғашында үйрену үшін топтық формада, кейін жұптық жұмыстарда, дағдыланғаннан кейін жеке түрінде өзі қолданылады
2. Қырлы қарындаш 4 қыры бар қарындаш кестесінде: бір қырына сұраулы сөйлем құраса, екінші қырына жауабын құрап жазады. Бұл әдісте жұптық формадан басталды, кейін дағдыланған соң жеке түрде ұсынылды. Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырып, жауабын жазады.
3. TopIQ.kz платформасы www.topiq.kz платформасында әдебиеттік оқу оқулығының электронды түрі ұсынылған. Әдебиеттік оқу оқулығының бағдарламасы бойынша барлық тақырыптары қамтылып, интерактивті ойын үлгілерімен, сюжетті суреттермен, бейнежазбалармен толықтырылған қызықты оқу-танымдық платформа. Тақырып бойынша ұсынылған тапсырмалар білім алушының қызығушылығын, функционалдық сауаттылығын арттырып, білімді белсенді игереді.
4. Кейіпкерге хат Мәтін мазмұны бойынша кейіпкерлерді анықтап, олардың әс-әрекеттеріне баға беріп, өз ойынан кейіпкерге хат жазады. Хатта кейіпкерге ұсыныс, әрекетіне өзіндік пікірін білдіреді, жазылым дағдысын қалыптастырады.
5. worldwall.net wordwall.net платформасында түрлі интерактивті ойындар құрастырылып, сәйкестендір, жұбын тап, сөйлемдегі қажетті сөзді табу белсенді ойындары құрастырылды. Ойын ұжымдық формада өтеді, білім алушылар үшін өте қызықты платформа.
3-кесте. Тиімді әдістер сипаттамасы
Алғашқы зерттеу сабағы әдебиеттік оқу пәнінің 18.11.2022ж күні «Жыртық кітап жылады» тақырыбында өтті. Сабақта берілген оқу мақсаттарына сәйкес wordwall.net және topiq.kz платформалары, «қырлы қарындаш» әдістері қолданылды. Сабақта А деңгейдегі білім алушы белсенді көшбасшы болып, оқу мақсаттарына жетелейтін тапсырмаларды орындау еш қиындық келтірмеді. В деңгейлі білім алушы жұптық жұмыста «қырлы қарындаш» әдісінде мұғалімнің көмегімен тапсырманы орындау жолын сұрап, тапсырманы толық орындады. Ал, С деңгейлі білім алушы топтық жұмыста сыныптастарының көмегіне сүйеніп, жеке жұмыстарда көмек қажет ететінін анықталды. Бұл сабақта wordwall.net және topiq.kz платформаларын қолдану білім алушылардың белсенділігін арттырып, оқуға құштарлығын оятты. Тізбектелген сабақтарда А,В,С деңгейдегі білім алушылардың жазылым дағысын қалыптастырудағы рөлі 4-кестеде баяндалған. (4-кесте)
Сабақ реті Тақырыбы Әдістер Бақылау қорытындылары
1-з.с.
(зерттеу сабағы) 18.11.2022ж «Жыртық кітап жылады»
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу
2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан, жинақтардан, сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу wordwall.net және topiq.kz платформалары
«қырлы қарындаш» әдістері wordwall.net – өткен сабақты қорытуда АВС білім алушыларының қызығушылығын оятты;
topiq.kz – суретті пиктограмма ВС деңгейдегі білім алушылардың сөйлем құрауды және бейнежазбалар оқу-танымдық қабілеттерін арттырды;
«қырлы қарындаш» — алғашқыда тапсырманы орындауда қиналды, орындау жолында мұғалімнің көмегі қажетсінлді; АВС деңгейдегі білім алушылардың жұптық жұмыста сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан табуға және ақпаратты берілген үлгі кестеге салуды үйретті, кітапты күтіп ұстау туралы ереже құрастырды.
2-з.с.
23.11.2022ж «Кім күшті?»
2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу
2.2.3.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
«Сиқырлы дөңгелек» ойыны wordwall.net
topiq.kz платформалары;
Топтық жұмыс. «Суретті пиктограмма»
«Кейіпкерге хат» Дөңгелекті айналдырып, өзіне түскен сұраққа жауап беру АВС деңгейдегі білім алушылардың қызығушылығын арттырды;
Суретті пиктограммада тірек сөздер арқылы сөйлемді құрап, өзіндік ойын жеткізді; ВС білім алушылары белсенді болды.
Суретті кесте арқылы сәйкестікті анықтап, сөйлем құрады. ВС деңгейдегі білім алушылар жұптасып, қиындықты жеңді.
Кейіпкерге хат әдісінде арыстанға хат жазылып, мәтін тақырыбы мен шығарманың негізгі ойы анықталды. А деңгейдегі білім алушылар белсенділік көрсетті, ВС білім алушыларына мұғалімнің көмегі арқылы тапсырма орындалды.
3-з.с.
3. 30.11.2022ж «Қазіргі роботтар. Арман».
2.2.1.1 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу
2.2.9.1 сұраққа жауапты анықтамалық кітаптардан, жинақтардан, сөздіктерден табу және ақпаратты берілген үлгі кестеге салу topiq.kz платформасы
«Қырлы қарындаш» әдісі Суретті пиктограммада тірек сөздер арқылы сөйлемді құрап, өзіндік ойын жеткізді; ВС білім алушылары белсенді болды. Тапсырманы орындауға жаттыққан.
«Қырлы қарындаш» әдісі арқылы жұптық жұмыста бір-біріне сұрақ қойып, жауап жазады. ВС білім алушылары сөйлем құрастыруға жаттыққанын көрсетті.
«Дұрыс-бұрыс тұжырымдар» кестесі бойынша ойын дәлелдеп, ақпаратты кесетеге жаза алды.
4-з.с.
4. 07.12.2022ж «Жасыбай батыр»
2.1.2.1* шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау, сахналау wordwall.net
topiq.kz платформалары
«қырлы қарындаш» әдістері «Ақша бұлттар» ойыны арқылы өткен сабақты қорыту, Туған жеріді сипаттап айтады. Ойын қызықты өтті, АВС -белсенді.
«Төрт қырлы қарындаш» мәтіннен жер аттарын теріп жазады. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. АВ – сұрақ құрастыруға қалыптасқан, С – мұғалімнің көмегін қажетсінеді.
4-кесте. Тізбектелген сабақтар нәтижелері
Сабақты зерттеу үдерісі 3-ші зерттеу сабағында ойлаған болжамдар жүзеге асты. Алғашқы зерттеу сабағында білім алушылар өздерін еркін сезіне алмады. Өз ойларын ортаға салып, жазбаша ойын жеткізе алмағаны байқалды. Екінші зерттеу сабағында алғашқы сабаққа қарағанда, сәл де болса ілгерілеушілік барын байқадық. 3-сабақта толықтай көңілімізден шығып, АВ білім алушылары өз ойларын жазбаша түрде жақсы жеткізіп, мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырып, өзіне-өзі баға бере алатын деңгейге жетті. С білім алушылары ойын толықтай жеткізе алатын болды. Білім алушылар да күннен-күнге сыни ойлауға дағдыланып, сабақ барысында сұқбат жүргізгенімізде, бір-бірін мұқият тыңдауына, ұйымшылдықпен ынтымақтаса жұмыс істеуіне дағдыланып, мәтін мазмұны бойынша жазбаша ойын жаза білуге, сұрақ құрастырып, оған жауап жаза білу дағдысын қалыптастыруға жұмысты жандандыруға кірістік. Күнделікті сабақ жоспарларын да осы мақсатқа жетуге лайықтап жоспарладық. Сaбaқтaрдa қолданылған әдістер білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты, АВС қабылдау деңгейі ескерілді.
Тізбектелген сабақтардан кейін шығыс сауалнамасы алынды. Сауалнаманы сараптай келе, мынадай көрсеткіштерге қол жеткіздік. Кіріс сауалнамасымен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық байқалды.
5-диаграмма. Шығыс сауалнама
Нәтижесінде, АВС деңгейдегі білім алушыларда жазылым дағдысын қалыптастыруда қолданылған әдістер бастапқыда кездескен қиыншылықтарды жоюдағы тиімділігі анықталды:
— Суретті пиктограмма арқылы сөйлемге сұрақ құрастыруды үйренді;
— Жұптық, топтық жұмыстарда «қырлы қарындаш» әдісі арқылы сөйлемнің құрылымын, лексикалық мағынасын сақтауды білді;
— Жұптасып «кейіпкерге хат» әдісімен әңгіме құрауды үйренді;
— Жазылым дағдысын қалыптастыруға үлесін тигізді.
Қорытындысында көңілге түйген ой, тәжірибеде сабақты зерттеу үдерісінің ұстаздарға кәсіби өсуін, өзіндік шеберлігін арттыруға үлесін тигізді. Зерттеу барысында мұғалімдер бір-бірімен ұжымдаса, бірлесіп, ақылдасып жұмыс жасауды үйрендік. Әр сабақ сайын қысқа мерзімді жоспарды құрастыруды жетілдіре отырып, ең үлгілі сабақ жоспарын жасауды, көптеген әдіс-тәсілдерді қарастыруды және оны сабақта қалай қолдануды үйрене отырып, кәсіби біліктілігімізді арттыруға көмегі тиді. Ең бастысы, жаңашылдыққа бастайтын және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда, білімдерінің алға ілгерілеуіне ықпалы зор педагогикалық іс-әрекет.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысы.
2. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы, мұғалімге арналған нұсқаулық, екінші басылым, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015, -8 бет.
Бұл тақырып бүгінгі күні өзекті. Мұғаілмнің іс-әрекетті зерттеу жолындағы ізденісі көрісін тапқан.