Home » Мақалалар » Наурыз келді – жайдарлы!

Наурыз келді – жайдарлы!

Жаксыбаева Карлыгаш Кошкарбаевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№61 «Шолпан» балабақшасы тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларды Ұлыс мерекесінің дәстүрлерімен, ырымдарымен, халқымыздың салт-дәстүрімен таныстыру. Ата-аналармен балабақша арасындағы байланысты нығайту.Ұлттық мерекелерді құрметтеуге, әдет-ғұрыпты сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Киіз үй жабдықтары. Қазақ халқының ұлттық тағамдары.Ұлттық киімдері, аспаптары. Қол-өнер бұйымдары
Тәрбиеші: Келіңіздер науырыз  тойға бәріңіз бүгін.
Аямас өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық ұлы мейрам – Науырызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
Келіңіздер, наурыз күнін қарсы алайық.
Балалардың орындауында ән «Наурыз»
Ендігі кезекті балалардың наурызға арналған тақпақтарына береміз.
Ахмат: Жаңа ағытқан қозыдай.
Жамырасып өрістен.
Ұлыс күні кәрі жас.
Құшақтасып көріскен.
Жігер: Ата-бабам тойлаған.
Наурызым, армысың!
Қызығына тоймаған,
Дарқан дала, қарлы шың.
Фатима:
 Мерекені байрығы.
Алды халқым қабылдап,
Ақ дастархан жайылды,
Ошақта от жалындап
Ойын: «Күш сынаспақ» Шарты: Екі бала білек күшін сынасады. Шынтақты үстелге тіреп қойып күш сынасады.
Би «Қамажай» Қыз балалар ортаға шығып қамажай биін билейді. Биді көбінесе жасөспірім қыз балалар орындайды. Оған ұлттық киімде,шаштары өрілген, ұлттық әшекейлермен көмкерілуі қажет. Биде нәзік іс-қимылдар, қол, бас, дененің бір қалыптылығы аса маңызды.

Ойын: «Арқан тартыс»

Шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді. Сызық бойына  арқан тасталады. «Үш» деген кезде 2 топ ойыншылары өз жағына тартады. Қарсыласын сызықтан асырғанша тартқан топ жеңеді.

«Қара жорға» би флешмобы 

Наурыз мейрамын тойлау аясында ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді насихаттау мақсатында ұл қыздарымызға қаржорға биін билетіп, көңіл күйлерін көтеру.

Тәрбиеші: Наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіреміз. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін, наурыз көже пісіру жолын айтып береді

                       Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!

Құрметті қонақтар,балалар жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тиіңіздер! Барлықтарыңызды наурыз  дастарқанына шақырамыз.

4 комментария

  1. Еңбегің жемісті болсын!

  2. Аңсаған

    Өте керемет

  3. Еңбегініз биіктен көріне берсін

  4. Қарлығаш еңбегіңіз жана берсін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.