Ерлан Анар Кабдылмаликовна,
Астана қаласы әкімдігінің
№61 «Шолпан» балабақшасы тәрбиешісі
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Елбасының суреті, Қазақстан Республикасының туы елтаңбасы, әнұраны.Тәуелсіздікке байланысты суреттер, ойынға қажетті дидактикалық материалдар.
Әдіс-тәсілдері: Сурет, көрсету, сұрақ-жауап,ойын.
Оқу іс-әрекетінің барысы: Қолдарына ту,ұстаған балалар музыка әуенімен ішке кіреді.
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болады. Себебі бүгін бізде үлкен мереке. Еліміздің тәуелсіздік алғанымызға 32 жыл толып отыр. Ендеше бүгінгі күнімізді Отанымызға арнаймыз. Алдыменен жылулық шеңберімізге тұрып, таңғы жиынымызды айтайық
Балалар: Көк аспанда күн күлсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Ұл қолында ту жүрсін
Қыз қолында гүл жүрсін.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, орындарыңа отырыңыздар.
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Дұрыс, қыс мезгілі. Қыс айларын атайық.
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Орыс тілінде айтып жіберейік. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.
Тәрбиеші: Ал ендеше бүгінгі оқу іс-әрекетімізді сұрақ-жауаптан бастайық.
Кім айтады біздің еліміз қалай аталады? Біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Қазақстан елінде өмір сүріп жатырмыз. Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Біз өз алдына бөлек Қазақстан деген тәуелсіз, егеменді елде өмір сүріп жатырмыз
— Отанымыз, қазақ жері туралы кім тақпақ айтып береді?
Фатима :
Отан туған үйіміз
Отан туған жеріміз
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз.
Жігер:Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап
Өйткені отан баласындай
Бізді өсірер аялап
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер, білесіңдер ме, тұңғыш Елбасымыз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Қазір елімізді кім басқарады?Президентіміз кім?
Балалар:Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Тәрбиеші: Дұрыс! Еліміздің Астанасы қай қала?
Балалар: Астана қаласы. Астана қаласында Бәйтерек бар!
Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы.Біз Астана қаласымен мақтана аламыз.Тәуелсіз елде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.Әрине ол Тәуелсіздігіміздің арқасында.
-Балалар еліміздің рәміздерін есімізге түсіріп жіберейікші
Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран
Тәрбиеші:Мінекей балалар,бұл біздің рәміздеріміз.
Дидактикалық ойын: «Дұрыс орналастыр»
Мақсаты:Үлгі суретке қарап, дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру.
Көк аспанда көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі оқу іс-әрекетіміз Отанымыз Қазақстан туралы, Желтоқсан оқиғасының батырлары жайлы, Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы әңгімелестік.
Біз тәуелсіз елде тыныш өмір сүріп жатырмыз.
Аспанымызда әрдайым күніміз жарқырап тұрсын деген ниетпен бәріміз жапсыру тақтаға шуақты күннің бейнесін жапсырайық.
Тәуелсіз елде тату-тәтті өмір сүрейік деген ниетпен бүгінгі оқу қызметімізді «Тәуелсіз ел ұраны» өлеңімен аяқтаймыз.
Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге жақсы қатысқандарың үшін барлықтарыңа көңілді смаиликтер таратамын.
Еңбегіңнің жемсін көре бер !
Мейримди, оз жумысым Жаксы билетин, мыкты апайлардвн бири Анар апай🌹🌹🌹
Анар апай еңбегіңіз жемісті болсын
Анар апай еңбегіңіздің жемісін көріңіз💐
Керемет!👍🏻👍🏻
Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!
Енбегиниз жемісін көріңіз
Еңбегіңіздің жемісін көрініз!
Керемет 👍
Еңбегіңіздің жемісін көріңіз
Керемет жазылған
Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Добрая, умная умеет найти подход к каждому ребёнку. Профессионал своего дела. Мы любим Вас
Анар апай еңбегіңіз жана берсін.