Home » Мақалалар » Ана аса қымбат жан!

Ана аса қымбат жан!

Прназарова Рана Әмірбайқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№61 «Шолпан» балабақшасы тәрбиешісі

 

Балалар  залға  қол  ұстасып,  жұптасып  кіреді
Жүргізуші:

Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен  тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Ана — аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші:

  • Балалар, әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді , ең жүрегі жұмсақ кім екен?

Балалар:

  • Аяулы анамыз!

Жүргізуші:

  • Балалар, айтыңдаршы.

Бізді жақсы көретін,

Бар жақсыны беретін.

Баласы үшін әрдайым,

Мейірімін төгетін

  • Ол кім?

Балалар:

  • Анашым!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, олай болса анамызға арналған әсем әнімізді шырқайық.

  1. Ән: «Айналайын мама»

Жүргізуші:

  • Ой, балалар, тыңдаңдаршы, бізге қонақ келе жатқан сияқты. Қызық! Бұл кім екен?

(Әуенмен залға Көктем аруы кіреді)

Көктем:Сәлеметсіз бе, қонақтар! Айнала қандай тамаша! Балалар бүгін бәрің әдемі киініп алыпсыңдар ғой. Міне мен сендерге асыға жеттім,  келе жатқан көктем мерекелерін құтты болсын!

Сәлем бердім нәзік, сұлу қыздарға,

Сәлем бердім ержүрек бар ұлдарға.

Кездесуге асықтым мен сіздермен,

Биленсін би, айтылсын ән бұл залда.

Көктеммін мен

Мерекемен құттықтағым келеді.

Ақ әжелер, аяулы бар аналар,

Мерекеміз құтты болсын балалар!

 

Жүргізуші:

  • Сәлеметсің бе, Көктем! Сен біздің аналарымыз бен қыздарымызды және әжелерімізді 8 наурыз мерекесімен құттықтауға асығып жетіпсің. Көп рахмет саған! Төрлет, балалардың өнерін тамашалап, ән тыңдап,  деміңді ал. Біздің балалар аналарымызға арнап дайындаған әсем әнін тарту етеді.

Жүргізуші:

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар-  дей отырып балалардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік

  1. Тақпақтар:

Дерин:

 

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Алдияр:

Айналайын анашым

Әлпештеген баласын

Аяла:

Анам, анам, ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң.

Бекарыс:

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Аяна:

Ақ анашым, аппағым

Өзің жайлы тақпағым.

Төре:

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым.

Амели:

Ақ мамамды әрқашан

Сағынамын, сыйлаймын.

Асқар:

Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

 

 

 

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көктем біздің ұлдарымыз сізге арнап бір ойын ойнап, өздерінің жылдам, шапшаң екенін көрсетпекші.

Көктем: Ал қане, ойындарын тамашалайық.

  1. Ойын: «Гүл отырғызу»(Ұлдар)

 

Жүргізуші: Осында отырған біздің гүлдей құлпырған әдемі қыздарымыз отыр. Тек қана Сіздер үшін қыздарымыздың керемет биін тамашалаңыздар.

  1. Би «Гүлдер»

Көктем: —Жарайсындар балалар! Тақпақты да, әндіде жақсы айтасындар , би де әдемі биледіндер.

Жүргізуші:  — «Аналардың алдында асқар тауда аласа» – дейді халық, ендеше аналардың анасы сүйікті Әжелерімізге арнап балалар тақпақтары бар.

 

  1. Әжеге тақпақтар:

 

Томирис:

Менің  әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем.

Анам үшін мен үшін

Нағыз ана тіл әжем

 

Ғазиз:

Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Әбілқасым:

Әжем! Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді.

 

Жүргізуші:

  • Көктем біздің балалардың билері, әндері саған ұнап жатыр ма?

Көктем:

  • Ия әрине ұнап жатыр! Балалар жақсы дайындалыпты. Мен балаларға бір ойын ала келдім.
  1. Ойын: «Гүлді жина» (қыздар)

Жүргізуші:

  • Әр бір ана – өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Ана адамзат мекен еткен жершарының әр түпкірінде , әр үйінде мейірім мен мерейдің , достық пен туысқандықтың туын тіккен Адам.

Ендеше құрметті аналар балаларыныздың орындауында биін қарсы алыңыздар

  1. Би «Жігіттер»

Жүргізуші:

  • Көктем біздің балалардың билері, ұнады ма?
  • Көктем:
  • Ия әрине ұнап жатыр! Балалар жақсы дайындалыпты
  • Ендеше біз көктем туралы әнді шарқап берейік.
  1. ӘН: «Көкткемде!»

Көктем:

  • Балалар менің кететін уақытым болды. Мен сендерменқоштаспаймын. Әлі де мен сендерменбіргеболамын. Сендерменідалағасеруенге шыққанда көретін боласыңдар. Көріскеншесауболыңдарбалалар.
  • Музыка ойналып, Көктем залдан шығып кетеді.

Жүргізуші:

  • Ал біздің балалар аналарына, әжелеріне арнап сыйлықтар дайындады. Кәне балалар сыйлықтарынды табыстанлар.

(Балалар сыйлықтарын үлестіреді) 

  • Жүргізуші:Осымен біздің  «Марс» кіші тобының «Ана аса қымбат жан!» атты ертеңгілігі аяқталды,

Қымбатты да аяулы аналар мен әжелер, сұлу қыздар!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!

11 комментариев

  1. Керемет Рана ханым сиздей тарбиеши коп болсын, жумысыныз табысты болсын🌹🌹🌹
    Аттен Астанадан кетпегенде баламда сиздерден кетпейтин еди рахмет коп коп😊

  2. Рана Амирбаевна мықты маман екеніне бірінші күннен-ақ көзіміз жетті. Баламен қарым-қатынасы ерекше. Жақсы көреміз!!! Жұмысыңызда толағай табыс!!!

  3. Еңбегіңнің жемісін көре бер!

  4. Рана ханым өте жақсы маман. Жұмысыныз өрге жүре берсін !

  5. Рәш Ибрагимовна

    Рана өте керемет, еңбегіңнің жемісін көре бер!!!

  6. Өте тамаша өтіпті ертеңгідік😃

  7. Рана жұмысың жемісті болсын. Жоғарыға өрлей бер

  8. Айгерім

    Раяна, еңбегіңнің жемісін молынан көр!

  9. Рана ханым! Сiзге Алгысым шексiз, енбегiнiздiн жемiсiн корiнiз, ардайым заман талабына сай, басекеге кабiлеттi болып журе берiнiз, Сiзден коптеген тарбиешiге лайыкты жаксы касиеттердi игеруге болады. Тарбиешiлiк жумысынызда унемi ак жол тiлеймiн!!!

  10. Перизаи

    Сіз сиақты жаны жайсаң,кішіпейіл,мәдениетті тәрбиешілер көп болсын Рана ханым!Сізге зор денсаулық,еңбегіңізге мол табыс тілеймін.Балаларға беріп жатқан білім-тәрбиелеріңізге мың алғыс🌷🌷🌷

  11. Перизат

    Сіз сиақты жаны жайсаң,кішіпейіл,мәдениетті тәрбиешілер көп болсын Рана ханым!Сізге зор денсаулық,еңбегіңізге мол табыс тілеймін.Балаларға беріп жатқан білім-тәрбиелеріңізге мың алғыс🌷🌷🌷

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.