Home » Мақалалар » Бояулар  әлемі

Бояулар  әлемі

Саркытбаева Бакытгуль Аманжоловна,
Астана қаласы әкімдінің
№61 «Шолпан» балабақшасы тәрбиешісі

Мақсаты: Балалардың сенсорлық қабілеттерін дамыту, көлем пішін, түстерді ажыратуға үйрету. Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, бейнелеу материалымен ойын ойнауға ынталандыру, балаларға қуаныш сыйлау, шығармашылық шабыт ахуалын қалыптастыру.
Балалардың түсініктерін қалыптастыру, білімдерін тереңдету.                        .

Көрнекілігі: Түрлі түсті бояу түстері,пішіндер, заттар.

Әдіс – тәсілі: Көрсету, түсіндіру сұрақ-жауап, мадақтау

Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары

Оқу іс-әрекеттің барысы: -Балалар бізде бүгін ерекше оқу іс-әрекеті. Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң қонақтар

Балалардан жыл мезгілдерін сұрау:

—  Балалар  казір жылдың қай мезгілі?

—  Қыс мезгілінде неше ай бар балалар?

Сол 3 айды атайықшы.Балалар қыс мезгілінде ауа-райында қандай ерекшелік болады .

Ғажайып сәт:  Есікті қағып қоян келеді.

Тәрбиеші:Ақ қоян саған не болған?

Қоян:Салеметсіндер ме, балалар!

Балалар бізде орманда барлық түстер өзгеріп кетті. Күн болса жасыл түске, тал болса көк түске, бұлт болса қызыл түсті, енді барлығын орнына келтіру үшін тапсырмаларды орындау керекпім. Ал мен тапсырмаларды орындай алмаймын, балалар сендерден көмек сұрап келдім. Балалар маған көмектесесіндер ме?

-иә

Тәрбиеші: Балалар күннің тапсырмасы қандай екен оқиын.

  1. 1. Күннің тапсырмасы:

1)Бояуларды ата?

2)Бояулардың түсіне сәйкес заттарды сәйкестеңдір.

Дидактикалық ойын:Бояу құралдарын тап, үстел үсті.

Тәрбиеші: Балалар бұлттың тапсырмасы қандай екен оқиын.

2.Бұлттың тапсырмасы

1)Пішіндерді ата санмен сәйкестендір.

2)Пішіндерден үй құрастыр.

3)Түстерге байланысты сергіту

Сергіту сәті:

Қызыл,жасыл, сарыны.

Қолға кезек аламыз,

Карандашпен әртүрлі,

Алуан сурет саламыз.

Тәрбиеші: Балалар ағаштың тапсырмасы қандай екен оқиын.

3.Ағаштың тапсырмасы қандай екен?

1)Бағдаршамның неше көзі болады?

Қоян: Балалар мен жол ережесінде білмеймін.

Тәрбиеші: Бізбен бірге қайтала. Казір бағдаршамға байланысты қимылдар жасаймыз.

Қоян: Балалар мен сендерден көп нәрсені үйрендім, өте ақылды балалар екенсіңдер.

2)Бағдаршамның жоқ түстерін боя.

—         Жарайсыңдар балалар мен сендерге риза болдым, рахмет сендерге, енді орман әлеміне барып бояуларын өзгертейін

Қорытындылау:

Бізге кім қонаққа келді?

Балалар бүгін біз іс әрекетте не істедік?

Қоянға не істеуге көмектестік? Балаларды мадақтау

2 комментария

  1. Еңбегің жемісті болсын !

  2. Бақытгүл апай күшті мықты еңбегіңіз жана берсін

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.