Шименбаева Аяжан Сәлімқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№61 «Шолпан» балабақшасы тәрбиешісі
Мақсаты:
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік -күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті.
Шаттық шеңбер: Арайлап атқан танымыз қандай?-тамаша! Шуақты күніміз қандай?- тамаша! Ортақ дала, қаламыз қандай?-тамаша! Елбасымыз біздің қандай?-тамаша! Қазақстан жері қандай ?-тамаша! Тәуелсіздік елім қандай?-тамаша! Бүгінгі ашық тақырыптық сабағымызды 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арнаймыз. Бұл мереке салтанатты болғандықтан еліміздің Әнұранымен бастауға рұқсат етіңіздер
Әнұран айтылады. Сұрақ-жауап:Жыл ерекшеліктері: —Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыс -Қыс мезгілінде қанша ай бар? 3ай бар -Қыс айларын атайық? Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. -Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады? Салқын, боран, аяз. -Қандай ойындар ойнаймыз? Сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз. Жарайсыңдар балалар! Біз аспаны ашық, сәулелі кең байтақ елде тұрамыз. Ол ел-Қазақстан.
Тәрбиеші сөзі:
-Қазақстан қандай мемлекет? -Егеменді, тәуелсіз мемлекет -Ал бүгін қандай мереке? -Тәуелсіздік күні -Дұрыс балалар өте жақсы. Ол күнді біздер ерекше қуанышпен тойлаймыз. Балалар Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік деген сөздің мағынасы терең ұғым жатыр. Қазақтан тәуелсіздікке қалай қол жеткізді көру үшін тарихқа көз жүргізейік. Марғұлан: Желтоқсан айы естесін, Дауыл боп бұрқап ескенсің Азаттық күйі қашаннан, Көкейін елдің тескенсің
Тәрбиеші сөзі: Осыдан 5 жыл өткен соң 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік турады заң қабылданып. Сол күннен бастап тәуелсіз мемлекет болдық. Тәуелсіздікке байланысты өлең шумақтарын балаларды ортаға шақырайық. Тақпақ: Қайсар:
16-желтоқсан! Тәуелсіздік алған күн Мерекеде ел қуанып Шаттанып ән салған күн.
Аяжан: Тәуелсіздік таңы атты! Барлық әлем қуанып Осы тұрған халқыма, Бейбітшілік орнады!
Әзиза: Тәуелсіздік-рухы күшті ғажап күн, Артта қалды бодан болған азат күн. Елім, жерім қазағым деп тебіренем, Өйткені мен , тәуелсіздік азатпын. Бауыржан: Он алтыншы желтоқсан, Тәуелсіздік алған күн. Ерекше боп мәңгілік, Ел жадында қалған күн. Динара: Құтты болсын ағайын, Тәуелсіздік мереке. Тілейміз біз Сіздерге, Ырыс, бақыт, береке. -Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Елбасымыз , төл теңгеміз, рәміздеріміз бар елтаңба, ту, әнұранымыз бар. -Елбасымыз кім? -Қасым-Жомарт Тоқаев. –Рәміздерге не жатады? — Елтаңбу, ту, әнұран. — Рәміздерде не бейнеленгенін айтып бересіңдерме? Әдемі:
Елтаңбасы елімнің ,
Неткен әйбат, әдемі,
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі!
Құт, береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Зайра:
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы, Оны халық қашанда, Биікке іліп қояды. Тәрбиеші: тәуелсіздік алғаннан кейін біздің қаламыз көркейе бастады, әдемі ғимараттар салынды. Мысалы: бәйтерек, пирамида, ақорда, ханшатыр. Құрастыру ойыны: Көлеңкесін табу.
Сергіту сәті: Дөңгелекке тұрайық, керегені құрайық. Уық болып иіліп, Киіз үйді құрайық.
Тапсырма: балалар тақтада не көріп тұрсыңдар? сандар Балалар, олар жай сандар емес, олар сиқырлы сандар. –оларда сұрақтар жасырулы, егер біз сұрақтар ға жауап берсек, бізде керемет бейне шығады. (тудың суреті)
Қортындылау:
-Рәміздерге не жатады?- елтаңба, ту, әнұран
-Біз қандай мемлекетпіз?- егеменді, тәуелсіз
-Біздің мемлекетіміз қалай аталады?- Қазақстан республикасы
-Тудың түсі қандай?-көк
-тәуелсіздік күні қай күн?- 16 желтоқсан
-Тұңғыш Президентіміз кім екен?- Нұрсұлтан Назарбаев
-Ал қазіргі президентіміз кім?
-Қасым-Жомарт Тоқаев
Ненің суреті шықты? -Рәміздеріміздің бірі тудың суреті. Ендеше туымыз әрқашан жоғарыдан желбірей берсін. Елімізде әрқашан тыныштық болсын деп кезекті әнге берейік. Ән: Атамекен
Еңбегің жемісті болсын!
Тек биіктен көрініңіз
Аяжан апай еңбегіңіз жемісті болсын
Аяжан еңбегінің жемісін көр
Еңбегіңнің жемісін көр
Аяжан жас болса пысық. Еңбегің жана берсін