Home » Мақалалар » Санның заттардың кеңістікте орналасуына тәуелсіздігі. Көзбен шамалау қабілетін дамыту. Балалардың зейінін дамыту

Санның заттардың кеңістікте орналасуына тәуелсіздігі. Көзбен шамалау қабілетін дамыту. Балалардың зейінін дамыту

Аусарова Айсулу Советовна,
Астана қаласы әкімдігінің
№61 «Шолпан» балабақшасының
1 санатты тәрбиешісі


Білім беру саласы
: Таным

Бөлімдері: Математика негіздері

Мақсаты:  Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; заттар тобының теңдігін кеңістікте орналасуын, оларды қоюды үйрену; Математикалық  жұмбақтарды шешу жолдарын үйрету; көлемі әртүрлі заттарды салыстыруды үйрету; әртүрлі заттардың ұқсас белгілерін табу және оларды сол белгілері арқылы біріктіруге үйрету.
Әдіс-тәсілдері:  Сұрақ-жауап, Шаттық шеңбері. Сергіту сәті, санамақ, жұмбақ, тапсырмалар, ойын Бестемше
Көрнекіліктер: сандар  слайд,
Барысы: Шаттық шеңбері
Таңмен бірге оянып,
Күлімдейміз күндей біз.
«Күнің сәтті болсын!» деп
Баршаңызға тілейміз
Жұмбақ
                Туысқан бес кісі,
Бірінен-бірі кіші
Бәрінің аты бір
Ең кішісі шеткісі (бессаусақ)
-Неше жыл мезгілі бар?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
Тосын сәт: «Хат келді»
Балалар бізге алыс қаладан «Білім ханшайымы» хат жіберіпті. Ол  хатқа көп
тапсырмалар жіберіпті.
Сол тапсырмаларды орындайық.
Есеп орталығы.
Заттың санымен цифрды сәйкестендір.

1.Санамақ айту

Екі көз бен қос құлақ

Бір бас пенен бір мұрын

Нешеу болды қос шырақ,

Санап шығар кім бұрын?!

Екі аяқ пен екі қол,

Бір ауыз бен бір тілің…

Нешеу болды қане, бол,

Санап шығар кім бұрын?!

Сұқ саусағым суға барды

Ортаң қолым орақ орды.

Аты жоғым ағаш жарды,

Жұмсамапты алақаным,

Тек шынашақ–балапанын.

2.Суретті аяқтап сал.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйiрдiсығамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бiр айналып шығамыз.

Бiр,екi, үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз.

  1. Асанның оң жағындағы машинаны көк түспен,сол жағындағы машинаны қызыл түспен боя
  2. Ойын: «Бестемше»

Шарты: Ойынды жүру тәсілдерін түсіндіру. Әр ойыншы өз отауларынан ғана тастарды алады және жүрістерді өз оталарынан бастап жүреді. Тәрбиеші ойындарын қадағалап қарап шығады. Бақылаушы тәрбиеші болады.

Саусақтар жаттығулары. «Өрмекші»

Күні бойы еңбекпен

Өрмекші өрмек тоқиды

Нөсер тек кенет селдеткен

Еңбегін оның жоқ қылды

Күн шықты қайта жарқырап

Құрғады тез-ақ төңірек

Өрмекші өрмек тоқуда

Кірісті дереу тезірек.

Қорытынды: -Бүгін қандай оқу іс-әректтері болды?

-Қандай тапсырма   қызықты болды?

-Не туралы  әңгімеледік?

— Ойында қай досың белсенді болды?

13 комментариев

  1. Еңбегіңздің жемсін көріңіз

  2. Айсулу Советовна еңбегініз жемісін көріңіз керемет😘👍🏻

  3. Керемет жазылғсн

  4. Керемет тамаша

  5. Айсулу апай керемет жалған👍🏻

  6. Оте керемет! Енбегиниз ушин улкен рахмет. Алда жетистиктерге жете беруынызге тилектеспиз👍🏻👏🏻

  7. Рахымбай Лаура

    Айсулу Советовна, еңбегіңіз жемісті болсын! Өз ісінің маманы.

  8. Айдахар

    Берекелі жұмыс болсын

  9. Еңбегіңіз жемісті болсын!

  10. Рәш Ибрагимовна

    Айсұлу, еңбегің жемісті болсын, керемет!!!

  11. Дилноза Хасанова

    Жақсы жазылған. Балапандардын болашағына бей жай қарамайтын мұғалім. Біз сізді қолдаймыз

  12. Гулдерай

    Еңбегініздің жемісін көріңіз!

  13. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Зеренің сүйікті апайы! Керемет👍👍👍

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.