Молбасова Асемгуль Кулановна,
Астана қаласы әкімдігінің
№61 «Шолпан» балабақшасының тәрбиешісі
Мақсаты: 10 санын мысалдар келтіре отырып түсіндіру, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын қалыптастыру. Балалардың оқу қызметіне қызығушылықтарын артыра отырып, ойын барысында ой-өрістерін, тілдік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, еңбекшілдікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Оқу қызметіндегі көрнекілік құралдар: ертегілер кейіпкерлері, карточкалар, геометриялық пішіндер, 1-10 сандар
Оқу қызметінің барысы: Балалар бүгін біздің оқу қызметімізге қонақтар келді, кәне амандасып алайық!
Шаттық шеңбер:
Қайырлы таң, аспан!
Қайырлы таң, күн!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, достарым. Балалар үйшік ертегісін есімізге түсіріп ,бүгінгі тапсырмаларды дұрыс орындай отырып, тышқанды, бақаны, қоянды т.б. үйшіктеріне орналастырамыз.
Тышқан ірімшік жеп тұр еді, оған достары келіп қосылды. Қанша досы келді? Санайықшы.
— Тышқанды үйшікке орналастырамыз.
— Аю, қоян, кірпілердің сүйікті астарын тап.
Бақаның үйшікке орналастырамыз.
— Тауық балапандарын санайық. Барлығы алтау, екеуі қызыл бантикті.
Қалғаны қанша?
Қоянды үйшікке орналастырайық.
Сергіту сәті:
Оң қолымда 3 алма,
Сол қолымда 2 алма,
Қосып едім екеуін
Болып шықты 5 алма. (5 санын көрсету)
— Балалар, қазір қай мезгіл?
— Көктем.
— Көктемде не ағады?
— Өзендер. Жуан және жіңішке
— Жуан өзенде неше үлкен балық жүзіп жүр? – 3
— Жіңішке өзенде неше үлкен балық жүжіп жүр? – 2
Барлығы неше балық жүзіп жүр? – 5
Ендеше түлкіні үйшігіне апарайық.
Қасқырдың тапсырмасы:
— Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
Мына суреттегі заттар қандай пішіндерге ұқсайды?
(суреттер көрсету)
Қасқырдың үйшікке орналастырайық.
Сәргіту сәті:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
— Балалар, ендеше қорбаңдаған аюдың тапсырмасын орындап жіберейік.
Тапсырма: 1-5-ке дейін тура және кері санату
1, 2, 3, 4, 5 6 7 8 9 10 – тура санату
10 9 8 7 6 5, 4, 3, 2, 1 – кері санату
Қорытынды
Ертегінің аяғын балалар қорытындылап, үйшіктің сынып қалғаны жайлы айтты.
Ендеше, балалар, біздің ертегімізде үйшік құламай, өз қалпын сақтап қалды.
— Үйшіктің төбесінде не отыр?
— Тышқан.
— Тышқан не себепті үйшіктің төбесінде отыр?
Себебі аңдар ақылдаса келе, тышқан жыл басы болғандықтан, үйшіктің төбесіне отырғызыпты.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Тура және кері санауды.
Болу керек: Сабаққа ынта жігер.
Игере білу керек:Өз ойларын толық жеткізе алады.
Жұмсыңыз жемісті болсын!
Асемгуль Кулановна мықты тәрбиеші. Сәттілік