Home » Мақалалар » Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат

Нарымбаева Назира Шохановна,
Астана қаласы әкімдігінің
№61 «Шолпан» балабақшасы тәрбиешісі

Тобы: «Мерген» ересек тобы
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхаттау арқылы балалардың жыл бойына өткен тақырыптарын тиянақтау. Суреттер бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету. Балаларды бір-біріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Білім беру саласы: Таным, қатынас
Көрнекілігі: Ертегілер бейнеленген суреттер, геометриялық фигуралар, жемістер, жануарлар, сандар
Әдіс-тәсілдері: Саяхатқа шығу, сұрақ-жауап, ойын
Барысы:
Шаттық шеңбер
Достар бері келіңдер!
Қолдарыңды беріңдер!
Шаттық толы шеңберге
Қуанышпен сеніңдер!
Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтайық,
Атсын күліп таңымыз.
Балалар, біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.
— Ертегілер еліне саяхатқа шақырғыларың келе ме?
— Саяхатқа немен баруға болады?
Балалар, біз саяхатқа пойызбен барамыз. Енді балалар, пойызға мініңдер. Балалар сендер ертегілер еліне келдіңдер. Бұл жер сендерге ұнай ма? Балалар мұнда мысықтың дауысы шығып жатқан сияқты. Ол қайда екен? Қарап көрейікші. Балалар мысыққа қараңдаршы. Оның неше көзі бар? Ал неше құлағы бар? Ал неше аяғы бар? Мысықтың қандай дене мүшесі жоқ екен? Балалар, сендер құйрығы жоқ мысықты қандай ертегіден білесіңдер? Ендеше балалар,мысыққа құйрығын алуға көмектесеміз бе? Балалар қараңдар біз қазір тапсырмаларды орындау арқылы мысыққа көмектесеміз.
Бірінші ертегіде мысық қайда барушы еді? Яғни шөптің бір талын алып онда қандай тапсырма бар екенін қарайық.

  • Бір жыла неше мезгіл бар?
  • Көктем айларын атап берші?
  • Қазір жылдың қай мезгілі?
    Жақсы бірінші тапсырманы орындадық. Ал екінші мысық қайда барушы еді? Ағашта не өседі? Ал енді келесі тапсырманы орындайық.
  • 1-5-ке дейін тура және кері сана.
  • Жұмбақтарды шеш.
    Балалар келесі мысық қайда барады? Шелекете не көріп тұрсыңдар? Ал енді келесі тапсырманы орындайық.
  • Алмаларды сана және салыстыр.
  • Қыздарды салыстыр.
  • Апта күндерін ата.
  • «Көршісін тап» дидактикалық ойын.

Балалар келесі қайда барады? Балалар бұл кім? Дүкенде не бар екен? Сөреде нелер бар?

  • Пішіндерді ата?
  • Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?
    Бұл тапсырманы да орындадық. Келесі мысық қайда барады? Тауықтың қасында нелерді көріп тұрсыңдар?
  • Сергіту сәтін көрсет.
  • Біз қандай республикада тұрамыз?
  • Отан туралы бір өлең айт.
    Келесі мысық қайда барады?
  • Бидайды сана,түсін анықта,ол қандай геометриялық фигураға ұқсайды?
  • Бидайларды боя.
    Балалар, сендер барлық тапсырмаларды орындап, мысыққа көмектестіңдер. Ал енді мысықтың құйрығын жалғап берейік.
    — Жарайсыңдар, балалар! Сендер мысыққа көмектескендерің үшін мысық алғыс ретінде сендерге сыйлық алып келіпті.
    — Ал енді пойызға мініп, балабақшамызға барайық.
    Балалар, біз бүгін қайда бардық?

— Онда сендер не істедіңдер?
— Балалар сендерге саяхат ұнады ма?
— Жарайсыңдар, балалар сендер тапсырмаларды орындап, мысыққа көмектескендерін үшін сендерге рахмет айтып, мысықтың әкелген сыйлығын табыс етейін. Осымен  ашық оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

11 комментариев

  1. Назира апай оте жаксы апай , сабактары конилди отеди , баларга унайды апайлары

  2. Назира апайымыз керемет

  3. Оте керемет апай.Енбегиниздин жемисин кориниз

  4. Айгерим

    Өте керемет

  5. Неткен күшті!!

  6. Айсауле

    Назира апай оте керемет апай. Мейырымды жан

  7. Назира апай білікті маман!

  8. Жеңістерің көп болсын!

  9. Керемет!!!

  10. Керемет . Тек алға .

  11. Аяулы ашық сабақ өте жақсы. Сәттілік

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.