Шакиржанова Арайлым Каиржановна,
Астана қаласы әкімдігінің
№61 «Шолпан» балабақшасы тәрбиешісі
8-наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Мақсаты: мерекелік көңіл-күйін құру; ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. .Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер айтады. Ана еңбегін қадірлей біледі.
Тәрбиеші:
— Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!
(Залға қолдарына гүл шоқтарын ұстап ән әуенімен ұлдар кіреді, олардың артынан қыздар кіреді. Ұлдар қыздарға гүлдерін береді.)
Ән: «Әжемнің ертегісі»
Е.Алихан
Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті әже, аналар!
Медина:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Аслан:
Армысыңдар мейірімді аналарым,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құтықтайды сіздерді балаларың!
Ән: «Аяулы анашым»
Б.Аяла
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Байдәулет
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Абдукарим
Ана пана
Ана дана
Өмірге әкелетін
Ана ғана
Ислам
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам
Тамирис
Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.
Төре
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Абылай
Әр сөзіңді жаттағам
Жүргегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын, ақ мамам
Амелия
Бәрімізге анасың
Біз үшін гүл боп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Айша
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Шухрат:
Бәрімізге анасың
Біз үшін көп жанасың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Айзере
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Иса
Анашым анам
Келгенше шамам
Үмітіңді ақтап
Азамат болам
Айсұлтан:
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз
Умар
Аялы алақан
Әлпештеп өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген
Ойын: Аналармен қыздардың ойыны.
Тәрбиеші:
— Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
(Әуенмен Көктем кіреді)
Н.Аяла: Көктем:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Құстар әнін ала келдім,
Жерге кілем жаба келдім.
Тәрбиеші:
— Салеметсіз бе ару көктем! Біздің балалардың барлығы да әдемі, ал бүгін ерекше көңілді. Ару көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет. Балалар сені көптен күтті. Саған арнап дайындаған әнін қабыл ал.
«Көктем келді» әні орындалады
Тәрбиеші: Қане балалар, олай болса ойын ойнайық!
Ойын: Аналардың ұлдармен ойыны
Тәрбиеші:
— Балалар, бүгін тек аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі.
Бізде әжеміз туралы ән, тақпақтарымызды айтып мерекемен құттықтайық!
«Жақсы көрем» әні орындалады
Айдай:
Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Әжем менің, ақ әжем,
Аппақ әжем, пәк әжем.
Басқалардай емессің,
Сүйкімдісің ақ әжем!
Алим
Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін
Қазбек
Әжем менің ақ әжем
Мейірімді ақ әжем
Эақсы көрем мен сізді
Мейірімді жан әжем
Аяри
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Балдай тәтті бал әжем
Шахназар:
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.
Әмина
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Гүлсезім:
Әжелерді сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқаша да ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Б.Алихан
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім
Айлин
Тәттілерін сақтайды
Айлиніме берем деп
Мен тілеймін әрқашан
Әжем аман болсын деп
Аяулым:
Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
Ойын: Аналармен, әкелермен ойын.
Компазиция
Тәрбиеші:
— Осымен көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын!
Жұмысыңыз өрлей берсін!! Біздің ашық сабақ 8 Наурызға қарсы улкен дәрежеде өтті!! Еңбегіңізге көп рахмет!!!
Саламатсыздар ма, Арайлым Қайыржанқызы, сіздің ашық сабағыңыз өте ұнады. Тәрбиесі мол. Еңбегіңіз әрқашан алға өрлей берсін! Шәкірттеріңіз көп болсын👍🥰💐
Арайлым Апай енбегиниз еселене берсин, балапандар бизди куанта берсин!
Әрқашан сәттілік тілеймін
Ертеңгілік өте жоғары деңгейде өтті! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!
САЛАМАТСЫЗДАРМА әрқашан белсенді мықты көшбасшы, білімді ұстаз, миірімді ана, Сүйікті жар, биіктерден көріне беріңіз!!!
Қайырлы күн! Иә… Керемет! Ертеңгілік өте жоғары деңгейде өтті, еңбегіңіздің жемісін көріңіз!
Салеметсиздерме. Ашык сабак жаксы отти. Балаларга да кызык болды. Рахмет улкен🤗👍
Өте қызықты керемет өтіпті🥰
керемат ертеңгілік
Арайлым ертеңгілік өте жақсы. Өте тамаша тәрбиеші сәттілік.
Арайлым еңбегіңіз дана берсін
Арай, ертеңгілік өте жақсы екен.
Күшті👍🏻👍🏻