Абишева Улбосын Парахатовна
Астана қаласы әкімдігінің
№61 «Шолпан» балабақшасы тәрбиешісі
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Мақсаты: Балалардың «достық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту, жануарларына көмек жасау жолдарын үйрену. Балаларды достыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі:Үй жануарларының суреті, құрастырмалы заттар, қамқорлық жайында суреттер.
Билингвальды компонент: Мысық-кошка
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.
Мотивациялық-қозғаушылық
Жылулық шеңбері
Дос болайық бәріміз,
Жарсып тұр әніміз,
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз Тәрбиеші:
-Достық дегенді қалай түсінесіңдер балалар?
-Достық дегеніміз бірге ойнау, көмектесу, дос дегеніміз сырласымыз, ойымызды тыңдайтын адам. Балалар біз тек адамдармен ғана емес жануарлармен де дос бола аламыз.
-Балалар сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?
-Сиыр, қой, ешкі, жылқы, мысық, ит. Енді дауысын естіп көрейік. Балалар табады.
Дидактикалық ойын: «Үй жануарларын тап»
Шарты: жабайы және үй жануарлары араласқан суреттерден, үй жануарын тауып тақтаға орналастыру. Оларға қандай көмек жасауға болады?
Суретпен жұмыс: Тамақ береміз, су береміз, итке үйшік жасап берсек ол суық кездерде, жылынады. Мысыққа сүт береміз.-Дұрыс айтасыңдар, балалар, бәріміз үй жануарларын жақсы көріп, оларға қарай алады екенбіз.
-Үй жануарлары адамның пайдасына жарайтын досы, көмекшісі екен. Ит адамның жанында жүріп қорғайды, үйлерді күзетеді. Мысық болса үйді тышқаннан тазартады. Ал ендеше сендерге достық жайында бір әңгіме айтып берейін.
Әңгімелеу(Мысығым)
Бес жастағы Арманға әкесі сыйға әдемі, сүйкімді мысықтың баласын әкеліп береді. Оған қуанған Арман әкесіне рахмет деп мысығын қолына алып сипап сен менің досымсың деді. Арман мысыққа тамақ беруді, күтіп қарауды өз қамқорлығына алады. Бір күні мысығы далаға шығып торғайларды қуа жөнеледі. Оны көрген Арман ренжіп мысығын ұстап алып, сенің бұл істегенің дұрыс емес, торғайды неге ренжітесің деді. Мысығым сен ешкімге тиіспеуге , қиянат жасамауға үйрен сонда екеуміз дос боламыз дейді.
Балалар, біз текқана адаммен ғана емес жануарлармен де дос бола аламыз.
Арманның әкесі не сыйлады?-Мысық сыйлады
Арман мысығына неге ренжіді?-басқаға жамандық жасағаны үшін
Арман мысығына нені үйретті?-қиянат жасамауды үйретті
Топтық жұмыс мысықты құрастыру: Балалар мысықтың бөліктерін тауып құрастырады.
Тәрбиеші: Балалар шаршаған шығармыз, бір серігіп алайық.
Сергіту сәті
Мысық, мысық тұршы , Бетіңді жуушы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы.
Ойын: «Үй жануарының дыбысын сал»
Шарты: Допты бір-біріне беру арқылы төртке дейін санаймыз. Кімде доп қалса сол бала атаған жануарды бейнелейді яғни дыбысын салады.
Қорытынды: Қорытындылау
Балалар, біз кішкентай достарымызға
Көмектесу керектігін үйрендік.
Жалпы достық дегеніміз не?
-Қамқорлық, достық, көмектесу.
-Дұрыс, әрқашанда достықта мейрімді болыңдар, сонда барлығы жақсы болады, достықта, бірлікте болайық деп оқу қызметімізді аяқтайық.
Әріптесім өзіңе сәттілік тілеймін
Ұлбосын керемет 👍 сәттілік