Нурлыбаева Жанаргуль Толеубаевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№61 «Шолпан» балабақшасы тәрбиешісі
Зал мерекеге сай безендірілген. Балалар екі-екіден залға кіреді. Барлығы билейді.
Ән: «Көктем келді»(Балалар орындарына жайғасады.
Мақсаты: Балаларды аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының барлығын күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Бүгін біздің балабақшада дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық сергісін бой.
Балаларға ең жақыны сіз ғой ана
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бірақ нәрсе, Отан ғана.
Құрметті ата-аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі тәрбиешілер! Қар астынан қалқиып, бәйшешек бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болып аналар мерекесі келді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қалың қар астынан бүршік атады. Біздің асыл аналарымыз да бәйшешектей барлық қиыншылыққа төзімді.
Аналар көктемгі гүлдей жарқырап, гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! «Мерген» ересек тобының қыздарының арасындағы «Көктем аруы» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі сайысымыз 3 кезеңнен тұрады.
- «Мен қазақтың қызымын» (таныстыру)
- «Өнерлі өрге жүзеді» (өнер сайысы: ән, би, қолөнер)
- Көктемгі сән үлгісі
Кімдер жүйрік өнерпазды білейікші
«Көктем аруы» деп жүрейікші.
Әділқазы алқасынан әділдікті,
Ал аруларға сәттілікті тілейікші, — дей келе әділқазы алқаларымен таныс болайық. - Таныстыру кезеңі
Ендеше таныстыру кезеңіне кезек берейік. (Әр ару өздерін таныстырып өтеді.)
Ата-аналармен ойын: (әжеге байланысты ойын ойнатылады)
Жүргізуші: Әжем менің аялаған,
Құшағынан сая табам
Қанша жақсы болса дағы,
Сендей әже қайда маған?- деп бүгінгі мерекеде әжелерімізге де арналған әнімізді шырқап берейік.
Ән: «Әжелер»
«Өнерлі өрге жүзеді» кезеңі бойынша қыздарымыз дайын болғанша кішкентай джентельмендеріміздің биін тамашалайық.
Ойын (Қыздармен)
Би: «Джентельмендер»
- Өнер сайысы
(Қыздар әрқайсысы өз өнерлерін көрсетіп шығады. Әділқазы алқалары бағалайды)
«Көктемгі сән үлгісі» кезеңі бойынша ару қыздарымыз дайын болғанша ұлдарымыздың аналарға, әжелерге арнаған өлең шумақтарына кезек берейік.
Биарыс: Ана-біздің күніміз
Ана-біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
Ермұрат: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Мирас: Ана-өмір шырағы
Ана-өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады.
Жанарыс: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анамызға сыйлаймыз.
Али: Шуағыңды шашасың
Құшағыңды ашасың
Маңдайымнан иіскеп,
Мауқыңды бір басасың.
Мейірімді тілекші,
Әжелер мәңгі жасасың.
Альбар: Анашым,анам
Ризамын саған
Тіліңді алам,
Ақылшы болам!
Бақдаулет: Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз!
Хамза: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек?
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Мағжан: Жүре берсем қасымда
Әйбат анам әй анам.
«Ботам» деген даусыңнан,
Мен мәз болып оянам.
Азим: Анашым жүрегім
Өмірлік тілегім.
Аман боп жүрші тек,
Алладан тіледім.
Ерназар: Құтты болсын ақ анам
Сегізінші наурызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың
Тілейді бақыт бір саған,
Әлпештеген ұл-қызың.
Әмірхан: Аялаған анашым
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім,
Қартаймашы анашым!
Таймас: Аман болсын басыңыз
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.
Азимхан: Мені ертіп жетектеп,
Осы күнге жеткізген.
Бізді бағып өсірген,
Аман болсын жан әжем.
Алихан: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Сардар: Ақ анашым аппағым
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де
Арнадым саған бәрің де.
Батыр: Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді.
Сәбилік сезіммен,
Арнаймын сөзімді.
Мади: Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді,
Біздің үйдің бәріне.
Жұмсайды әжем мені де
Тауыққа жем беруге
Ауырады кей кезде
Аяғы мен белі де.
Біз дәрісін табамыз,
Беліне әкеп жағамыз
Әжемізді өзіміз
Лезде емдеп аламыз.
«Көктемгі сән үлгісі» кезеңі бойынша қыздарымыз дайын болғанша ұлдармен ойын ойнайық.
Ойын:
Жүргізуші: Сымбатына сай киім жарасатын
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі кезекті сән үлгісіне берейік.
- Көктемгі сән үлгісі
(Қыздар қолдан дайындаған сән үлгісін көрсетеді)
Би: Қыздар
Жүргізуші: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын,-деп әділқазылар бүгінгі сайыстың қорытындысын есептеп шығарғанша аналарымызға арнаған әнімізді щырқайық.
Ән: «Ана,Ана» (балалар аналарына дайындаған сыйлықтарын тарту етеді) Сайысқа қатысқан ару қыздарды марапаттау:
- Өнерлі ару
- Шебер ару
- Биші ару
- Білімді ару
- Инабатты ару
- Көктем аруы
- Үлгілі ару
- Сымбатты ару
- Жайдарлы ару
- Сәнқой ару
- Көрікті ару
elmira.bayzakova.87@mail.ru
Әріптесім өзіңе сәттілік тілеймін
Ең керемет тәрбиеші👍Сізге мың алғыс🙏🏻Жұмысынызға сәттілік!
Жанаргул Толеубайқызы! Ең қымбатты біздің балаларымызға қамқорлық жасаған,баланың жанын терең түсіне білген,мәдениетті,кішіпейіл,ата-аналармен жақсы қарым-қатынас орната білген, біздің сүйікті Апайымыз💐 Ұлымның осындай мейірімді,жаны жайсан Апайы болғанына қуанамын🙌🙌 сізге алғысым шексіз,жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегіңізге жеміс тілеймін
Өз ісініздің адал маманысыз,сәттілік тілеймін👍
Жанаргүл апай еңбегіңіз жемісті болсын
Еңбегіңіздің рахатын көріңіз
Еңбегініздің жемісін көрініз👍Үнемі қызықты сабақтар өтесіз жоғары деңгейде
Өте керемет тәрбиеші! Өз ісінің маманы! Ісіңізге береке тілеймін! Елімізде осындай мамандар көп болсын!!! Еңбегіңізге мың алғыс ❤️
Жанаргуль апай еңбегініз жемісін көрініз ❤️
Жанаргуль апай еңбегініз жемісін көре беріңіз ❤️
Апай еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз😊 біз сізді жақсы көреміз❤️
Жанаргүл апай, балаларды ән-күйге үйретіп, білім беріп, тәртіпке үйретіп, сізге көп -көп рахмет, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз, біз сізді жақсы көреміз!!!
Құрметті Жанаргул апай сізге алғысым шексіз, өмірдегі бар жақсылықты тілеймін.Өз жұмысына адал,ынталы , балалармен тез тіл табыса біледі.Балалармыздың дамуына, білім алуына қабілеттілігі өте жоғары.Мінезі ашық, адамшершілігі мол, кішіпейіл, балаларды өз баласындай қарайды. Осы балабақшаны таңдағаныма өкінбеймін
Жанаргүл сізге сәттілік тілеймін. Еңбегіңіз елене берсін,шығармашылық табыстар тілеймін.