Home » Мақалалар » Қоянға көмек

Қоянға көмек

Тұрсынбай Аяулы,
Астана қаласы  әкімдігінің
№61 «Шолпан» балабақшасы тәрбиешісі

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық, қатынас, денсаулық

Оқу қызметі:Құрастыру, сенсорика, сөйлеуді  дамыту, дене тәрбиесі.

Мақсаты: Балалардың түстер мен пішіндер   туралы білімдерін тапсырмалар орындау арқылы бекіту. Геометриялық  пішіндер  ерекшеліктерімен және оларды қолдана отырып, құрастыруды бекіту.

Балалардың зейін, қабылдау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Балаларды ұқыптылыққа, жануарларға қамқорлықпен қарауға, өзара көмектесуге тәрбиелеу. Балалардың қимыл қозғалыстарын арттыру.

Қолданатын көрнекі құралдар: геометриялық пішіндер, үй жануарларының,  үлгі суреттері, көкөніс пен жемістер .

Тәрбиеші;
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе апай!
Балабақша есігін
Үшке толып ашқанбыз.
Балапандай өсіріп Мәпеледі бақшамыз.

Тосын сәт
Қоян көңілсіз кіреді (есік қағылып )
-Марс тобының балалары қорытынды оқу қызметін өткізіп жатыр дегенді естіп келе жатыр едім, жол бойында көжегімнен адасып қалдым .
Тәрбиеші: уайымдама қоян біз саған көмектесеміз,
Қане балалар біз қонға көжегін табуға көмектесеміз бе?
-Балалар иә деп жауап береді
-олай болса біз мына тапсырмаларды орындау арқылы көмектесейік!
1-тапсырма;
Балалар үй жануарларын көлеңкесіне қарай суреттерді орналастырады
Жарайсыңдар  балалар енді, келесі  тапсырманы орындайық!

2 – тапсырма Балаларға геометриялық пішінді машина беріліп түстер арқылы, сол Машинаға өз — өз пішіндерін дұрыс орын – орына қоямыз. (Музыкамен)
Жарайсыңдар балалар!

Сергіту кезеңі:
Балаларға риза болған қоян балалармен бірге жасайды.
Музыка әуенімен
Балалар көкөністер мен жемістерді ажыратады.
3-тапсырма
Заттардың бейнесін құрастыру
Жарайсыңдар балалар !
4- тапсырма;
Осы кезде балалардың арасынан қоян көжегін тауып алады, қатты риза болған қоян балаларға алғысын бңлдіреді .
Балалар естелік болу үшін сәбізді бояп берейік!
Жарайсыңдар, балалар! Тапсырмаларды жақсы орындап шықтыңдар!
Сәбіздерді бояп бердіңдер енді  қоян жанға барып, досымызды қуантайық.

Балалар қоянның көжегін тауып береді, разы болған қоян балаларға әкелген сыйлықтарын таратып береді.
Қорытынды :
Балалар үй жануарларын біледі. Түстерді, пішіндерді ажыратады, көкөністер мен жемістерді таниды. Заттарды үлкен кішісіне қарап құрастырады.

 

10 комментариев

  1. Жанаргуль

    Жұмысыңызға сәттілік ✊Алға

  2. Сәттілік ✊

  3. Қызымның сүйікті апайы. Өз ісінің нағыз маманы.Отбасымыз атынан сізге көп рақмет. Істеріңізге сәттілік.

  4. Қызымыздың Жақсы көретін апайы! Жұмысыңыздың жемісін көріңіз! Сәттілік

  5. Гульмира

    Сәттілік Аяулы апай👍

  6. Гүлдана Аскаровна

    Аяулы апай еңбегіңіз жемісті болсын

  7. Аңсаған

    Сәттілік апайка👍❤️

  8. Абишева Улосын

    Аяулы сізге сәттілік тілеймін

  9. Жұмысыңның жемісін көр, сәттілік

  10. Өте қызықты тақырып, еңбегіңіз жаңа берсін🌸

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.