Home » Мақалалар » Менің мамандық ұстанымым

Менің мамандық ұстанымым

Ахмадиева Акмарал  Бейсенбековна,
Астана қаласы әкімдігінің
69 «Еркем-ай» балабақшасы тәрбиеші

Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі,сені улкен өмірге жетелейтін көптеген баспалдақтардың алғашқысы. Дұрыс таңдалған мамандық -болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.

Менің ойымша: әр адам өз жүрегінің үніне құлақ түріп,өзіне сеніп, сүйікті ісімен айналысса, істеген ісінен ләззат алса, яғни мамандықтың дұрыс таңдалғаны. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» (Ж.Аймауытов)

Расымен адамның өзіне тән бейімділігі болады. Тек сол бейімділікті дұрыс пайдаланып, дамыта білу қажет деп ойлаймын. Сонда ғана қандай маман иесі болатыныңызды біле аласыз.

Өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандыратын бір сұрақ: «Мен болашақта қандай маман иесі боламын?» Мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұрақтың жауабында таптым. Осы сұрақтың жауабы балабақша тәрбиешісі болу еді.

Тәрбиеші мамандығын таңдау себебім, ол өте қызықты мамандық: балалармен ойнау және оларға жақсы тәлім-тәрбие беру. Әрине ата-ананың тәрбиесіне ештеңе жетпейді ғой, бірақ балалардың жақсы азамат пен азаматша болуына кішкене болсын өз үлесімді қосқым келді.
Мен ұстазбын, мен мұғаліммін, мен жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етуді ұран еткен тәлімі терең тәрбиешімін. Осы салада қызмет еткеніме биыл 10 жыл толмақ. Мен балабақшаға, балаларға бауыр басқаным соншалық басқа салада жұмыс жасауды мүлде елестете алмаймын. Балабақшада жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, ата-ана ықыласына, алғысына бөлене бастадым.

Әрбір түлектеріңді ұядан ұшырған кезде қимастық сезіммен қоштасатын едім. Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін,  білуге құштар, шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын.
Алдымда отырған жас шыбық, яғни балаларды тәрбиелеуде оларды ертеңгі күні білімді, адамгершілігі мол, қоғамды өркендетуде қарымы мен қабілеті жететін азамат, жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін, балаларды дұрыс ойлап, ойын толық жеткізе білуге үйретудемін.

Менің тәрбиеші ретінде міндетім жеке тұлғаны қалыптастыруға атсалысу, жас бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындату, оларды дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеуіне мән бере отырып жаңа технологияларды тиімді пайдалану. Осы қиын да, қызық мамандық мені еш жалықтырған емес, қайта күннен күнге құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс – тәсілдерді іздеуге итермелейді. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр. Егеменді еліміздің дүниежүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын болашақ жас ұрпақ. Қазірге кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Мақсатым: рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол білімді шәкірт тәрбиелеу, қызметімді адал еңбекпен жүзеге асыру. Тәрбиеші болу оңай көрінгенмен, нағыз тәрбиеші болу екінің қолынан келе бермейді. Ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулысының ұлысы. «Ел есінде қалғың келсе ас бер, он жыл қалғың келсе ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе бала тәрбиеле»- дейді дана халық. Жасыратыны жоқ ,осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай, қиындығын айтатындары баршылық. Мен балабақшада еңбек етуден жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды, бақытты кездерім деп айта аламын. Себебі балаларды тәрбиелей, оқыта жүріп өзімде көп нәрсені үйреніп келемін.Ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа технологияларды қолданып, баланың өз бетімен жұмыс жасауына, берілген тапсырмаларды дұрыс әрі ұқыпты орындауына аса көңіл бөлемін. Өз білгенімді көңілге түйіп, көргенімді қолмен ұстап, әр ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларыма жаңашыл технологиялардың көмегімен қызықты да түсінікті етіп меңгертуге, алдағы жоспарымды жаңаша оқытуға күш жігерімді салуға тырысудамын.«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерістің алғашқысы өзің бол» демекші, кез-келген тәрбиеші соңғы ақпараттық технологияны еркін меңгерген болуы тиіс. Себебі, үнемі өзгеріс үстіндегі жаһандану заманында бізге жүктелген міндеттің салмағы ауыр екені сөзсіз. Жан-жақты тәрбиеші болу заманның талабы. Тәрбиеші өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар болуы абзал. Себебі мен балаға жеткізгелі отырған мәліметті толық зерттеп аламын. Әрбір оқу қызметім балалар үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, өзім сол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын. Әр күннің сәтті шығуы, әрине өзіме байланысты.

Жас шыбықты тәрбиелеуде ерекше қабілет пен асқан біліктілік, асқан сүйіспеншілік керек. Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім саласы болмасын әр жұмыстың тартымды, сәтті шығуы оқу қызметі үстіндегі қарым-қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр, және мен сондай тәрбиешінің қатарындамын деп мақтана айта аламын. Осы уақытқа дейін көңілге түйгенім, баламен қарым-қатынаста кішіпейілділік пен мәдениеттілік, шын жүректілік пен ізгі ниеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Тәрбиеші – деген атқа толықтай лайықты болу керек. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөз әр кез еске түседі. Менің қызмет жолындағы басты ұстанымым алдымен балаларды қызықтыру, содан соң үйрету. Әрбір оқу қызметін бастамас бұрын балаларға тосын яғни ойын арқылы қызықтырып алған ұнайды. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші сезінемін.Әрбір ұйымдастырылған оқу қызметтерімде ТРИЗ, Тәй-тәй, Асық ,Монтессори технологияларын жиі пайдаланамын. Алдағы уақытта эбру технологиясымен жұмыс жасауды қолға алуды ұйғардым. Жалпы «эбру» технологиясы су бетіне сурет салу. Бұл технологияны қолға алмас бұрын балаларға тиімді жағын зерттеп-зерделеп алмақпын.
Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол — адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Абай атамыз айтқандай «жас  бала анасынан туғанда екі мінезбен туады, біріншісі — «ішсем, жесем, ұйықтасам, ойнасам» болса, ал екіншісі, «білсем, көрсем, қарасам, ұстасам , ол немене? Ол кім екен?» деген қызығушылығы тұрады. Мұның бәрін білгісі келген балаға тәрбиеші бағыт-бағдар беріп, көмек  көрсетіп, тексеру, нұсқау тәрбиешінің тікелей міндеті.
Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады.Оқу- инемен құдық қазғандай десе, тәрбие де инемен құдық қазғандай деп айтуға болады.  Себебі, жоғары да айтып өткендей  әр баланың көңілінен жол табу ол бір үлкен ғылым дейтін болсақ, онда тәрбиеші  ол-ғалым болып саналмайды ма? Сол үшін тәрбиеші әр баланың жас ерекшелігіне, мінез-құлқына  қарай бейімделіп, онымен бірге бала болып сөйлесіп, бала болып ойнап, бала болып күлу ол  оңай емес, ол үлкен шеберлікті қажет ететін жұмыс.
Балалар — біздің ертеңгі болашағымыз. Оларды тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әрбір баланың тілін тауып, онымен дос болу оңай іс емес. Сондықтан, балалардың қызығы мен шыжығын көріп, еркелігін көтеріп,  бауырыма басып еркелетіп отырамын.  Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін көмегімді тигізсем деген, мақсатымды алға қоямын.
Осы мақсатыма жету үшін талмай еңбек етіп, әрқашан ізденіп, жаңашылдыққа талпынамын. Бұл менің басты мақсатым!

32 комментария

  1. Биіктерден көріне беріңіз Ақмарал апай💐💐💐

  2. Назерке

    Керемет👍👍👍

  3. Асылзат

    Тәрбиеші мамандығы туралы өте керемет айтылған 👍🏼 шығармашылық табыс тілеймін!

  4. Жарайсың, Ақмарал! Еңбегің жемісті болсын!

  5. Биіктерден көріңіз

  6. Сәттілік тілеймін

  7. Тансулу

    Құтты болсын, биіктерден көріне бер🌺

  8. Еңбегіңіз жана берсін

  9. Керемет жұмысыңыздын жемісін көріңіз,биік белестерді бағындыра беріңіз.Сәттілік🥰

  10. 👏🏻👏🏻👏🏻👍🏻

  11. Сәттілік сызге

  12. Сәттілік👏👏👏

  13. 👏👏👏👏👍👍👍

  14. Мейрамкуль

    Керемет. Аркашан биіктен көріне бер

  15. Сәттілік🙌

  16. Енбегиннин жемисин кор🙌😘💐

  17. Айнагуль

    Акмарал апай оте жаксы тарбиеши оз исинин маманы😘

  18. Қымбатгүлім

    Еңбегіңіз жемісті болсын!!! Еліміздің болашағы Жарқын болсын!!!

  19. Қаламқас

    Керемет мақала! Сәттілік!

  20. Неденген не нарсе бул ))

  21. Арайлым

    Ақмарал құрбыма сәттілік серік болсын !

  22. Потолок 🔥🔥🔥

  23. Еңбегіңнің жемісін көре бер, Ақмарал!

  24. Керемет, еңбегіңнің жемісін көр

  25. Гульдана

    Акмарал Бейсенбековна керемет тәрбиеші🌹🌹

  26. Әрине сүйіп ұнатқан жұмысыңыз өнімді берекелі болады

  27. Xaish1990@gmail.com

  28. Амангүл

    Ақмарал, биіктерден көрініне беріңіз

  29. Керемет👍👏

  30. Акмарал жарайсыз. Керемет жансыз

  31. Ақмарал жарайсың, өте керемет! Тек қана алға.

  32. Құндызай

    Керемет мақала, сәттілік тілеймін

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.