Есельбаева Гульжайна Бигельдиевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№69 «Еркем-ай» балабақшасы тәрбиеші
Таңдағаным бұл емес еді…
«Бала жүрегі – кішкентай күй сандық.
Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.
Педагогтың қолында әр кезде сол кілт жүруі керек.» деп М. Шаханов ақын атамыз айтқандай әрбір педагог тапқыр, жүрегі мейірімге, махаббатқа толы, ақылды, жан-жақты, балалардың екінші анасы, ең бастысы жүрегі кең болуы қажет-деп ойлаймын. Бала жүрегінен орын алу мен үшін үлкен бақыт. Балабақшадағы балалар өзгенің балалары болса да, өз балаларымдай қарап тәрбиелеймін. Балаларға барлық бойымдағы жақсы қасиеттерді беруге тырысамын. Тәрбиешінің әр күні жаңалықтарға толы, сол жаңалықтар кішкентай бөбектермен басталады. Менің әр күнім мен үшін бақыт болып есептеледі.
Бүгінгі таңда тәрбиеші болу оңай жұмыс емес екенін білемін. Басқа ешбір мамандық адамға дәл тәрбиешіге қойылғандай талаптар қоймайды. Тәрбиеші қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымды қатты жақсы көремін және мақтанамын.
Менің негізгі кішкентай кезінен армандаған мамандығым дәрігер болатын. Отбасы жағдайына байланысты «Бастауыш сыныпта оқыту және тәрбиелеу» мамандығына барып түсе салғанмын. 4 жыл оқып, түйгенім баланың бойына «тәрбие мен білім осы мектептегі бастауыш сыныптан беріледі» деп ойлайтынмын. Бірақ ол ойымның қате екенін балабақшаға жұмысқа орналасқаннан кейін түсіндім. Өзім оқуды бітірген жылдары жұмысқа тұру қиындап, алыс таныстарым арқылы балабақшаға жұмысқа тұрған болатынмын. Мен ең алғаш балабақшаға орналасар алдында алдымда соншалықты қиын жүк артулы тұрғанын сезген емес едім. Алғашында балабақша мен үшін балаларға тамақ беріп, ойын ойнатып, ұйықтататын орын болып есептелсе, қазіргі ойым басқаша. Тәрбиеші әркезде өзінің жұмысында, өзінің педагогикалық тәжірибесінде асқан шеберлігін көрсете білу керек екен. Бір орында тоқтап қалмай, жаңа технологиялық бағдарламаларды игеру, дәстүрлі емес әдістерді, халық шығармашылығын ұмытпау керек. Тәрбиешіге шыдамдылық, қайырымылық, ең керек қасиеттердің бірі.
Жыл сайын менің тәрбиеші мамандығы туралы идеяларым кеңейе түсті. Әрбір балаға менің аманатым деп қарай білдім. Мен бұл жұмыстың маңыздылығы мен жауапкершілігін түсіндім. Балаларды тәрбиелеу-үлкен жауапкершілік. Тәрбиешінің алдында тек бала ғана емес, болашақ суретші, дәрігер, құрылысшы, инженер, әскери немесе жай жұмысшы. Ол қандай болады? – деген сұрақ мазалайтын болды.
Қазіргі таңда № 69 «Еркем-ай» балабақшасында «Ерке» мектепалды тобының тәрбиешісімін. Мен өз жұмысымды және алдымда отырған кішкентай балапандарды өте жақсы көремін және әйел үшін тәрбиеші мамандығы ең жақсы мамандық деп санаймын. Өйткені, ана болу-әйелдің басты қасиеті. Мен «ана тілінде» балаларды зейінмен, қамқорлықпен және сүйіспеншілікпен қоршауға тырысамын. Балаларға жауап ретінде мен позитивтіліктің жаңа зарядын, көптеген жағымды эмоциялар мен шығармашылыққа арналған жаңа идеяларды аламын. Балалардың жанында мен әрқашан сергек, жас және жігерлі сезінемін және балалардан көптеген жағымды қуат аламын.
Менің өмірдегі басты мақсатым – балалар өмірге еш қорқынышсыз,зұлымдықсыз қарап, олар алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін табатындарына және де алда ашық, жарқын күндер күтетініне сенсе екен деймін.
Биіктерден көріне беріңіз Гүлжайна апай💐💐💐💐
Гүлжайна апай, дәрігер болсаңыз да, өте білікті дәрігер болатын едіңіз.💐😘
Керемет!!!
Жарайсыз!Еңбегіңіз еселене берсін
Шығармашылық табыс тілимін!
Білімді ұрпақ, білімді ұстаздардан шығады.
Гулжайна Бигелдиевна сизге шыгармашылык табыс тилеймин! оз исинин маманысыз!
Өз мамандығыңның майталманысың дер едім. Білімді ұрпақ, білікті тәрбиешіден шығады. Сендей білікті тәрбиешілер көбейе берсін!
Жетістікке жете беріңіз🌹
Керемет тәрбиеші!!!
Керемет тәрбиеші!!!
Гулжайна Бигелдиновна профессионал своего дела. Уважаем🌹🌹🌹 удачи
Керемет тәрбйе 🫶🙌🙌🙌🙌👍🏽👍🏽👍🏽
Гүлжайна биіктен көріне бер. Осындай жүрегі жұмсақ, кең пейілді, ақ көңілдігінен таймай, еңбегіңнің жемісін көре бер. Биік шыңнан көруді нәсіп етсін Аллам! 🤲🏻🤲🏻🤲🏻
Өте мықты өз ісін білетін мамансыз😘😘😘Сәттілік сізге🙏🏻😘
Гүлжайна,сәттілік!Жұмысың алға баса берсін!🌹🌹🌹
Керемет тәрбиеші
Жарайсың! Болашақта білімді де,білікті маман иесі болуыңа тілектеспін🙌🏻
Гулжайна Бигелдикызы сиз керемет мамансыз. Уйренеримиз коп
Гүлжайна жарайсың! Еңбегінің жемісін көр! Әрқашан жұмысың алғабаса берсін! 🫰🏻🫰🏻🫰🏻
Керемет жансыз, еңбегіңіз жемісті болсын!
Гүлжайна апай сізге шығармашылық табыс тілейміз. ⚘⚘
Керемет Устаз. Тек Алга Саттилик.
Керемет!sakenzamenov@gmail.com