Баймурзина Тансулу Турсынтаевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№69 «Еркем-ай» балабақшасы тәрбиеші
Мамандық – ол әрбір адамның сүйіп, қуанып жасайтын ісі. Мамандықты таңдауда әр адам құрметпен қарау керек. Мамандықты таңдау — адам өміріндегі үлкен қадамдардың бірі болып саналады. Адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен байланысты болып келеді.
Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам қызығушылығына, қабілетіңе, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Ең бастысы — адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Мамандық ол сіздің болашағыңыз, табысыңыз, өміріңіз. Бұл жөнінде Ж.Аймауытовтың мынадай сөзі бар. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніңе икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе».
«Адам өмірінде маңызды екі күн бар екен, бірінші – өмірге келген күнің, ал екінші – өмірге не үшін келгендігіңді түсінген күнін» деген екен Марк Твен.
Бұл сөзден түйіндейтініміз: адам өзіңе сұрақ қоя білу керек, менің өмірдегі мақсатым қандай, мен қалай сол ісімді шыңдап, арман – мақсаттарыма жете аламын деген. Әр адамның бойында табиғатыңа сай өз мінез-құлқы, ықыласпен істейтін сүйікті мамандығы болады. Сол мамандыққа сай адам өзін шыңдай біледі, кемшіліктерін түзеуге тырысады , әр уақытын тиімді пайдаланып, мамандығын зерттеп, білім алуға ұмтылады.
Кез келген мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары болады. Таңдау жасау барысында мамандыққа сұраныс пен беделі, мансап перспективалары, еңбек жағдайлары, орташа жалақы сияқты аспектілерді ескеру қажет. Мамандық таңдауда адам өзінің интеллектуалдық қабілетін, белгілі бір жоғары оқу орнына, бағдарламасына түсі мүмкіндігін де ескеруі керек. Жер бетіндегі барша маман иелерін білім нәрімен сусындатып, зейінін ашатын, сан сырлы құбылыстарды ұғындыратын бірден-бір маман иелерінің мұғалімдер екеніне ешкім дауласа қоймас, сірә! Бұнымен алашымның ардақты ұстазы Ыбырай Алтынсарин де келіскен: «Мұғалім-мектептің жүрегі, өйткені ол бәрінен де қымбат» деген екен.
Кемеңгер, дана Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та бар қалан», деген сөзінің өзі біздің өз мақсатымызға жетуге зор мүмкіндік ашады. Барлық балалар болашақта бір үлкен мамандық иесі болатынын армандайды. Кезінде мен де бұл сұрақтың жетегінде қиялдап, армандап, өзіме ұнайтын істі таңдау етегінде жүрдім. Мектепте оқығанымда ұстаздарыма тәнті болатынмын. Ұстаздарым бізге тек қана сабақ оқытпай, біздің әр қырымызды тани алатын. Сол себепті өскенде мұғалім мамандығын таңдайтыныма сенімді болдым. Астанаға оқуға түсуге келгенде мұғалім мамандығына балым жетпей, балабақшада жұмыс жасайтын тәрбиеші мамандығына түстім. Оқуымды бітірген соң, жеке балабақшаға жұмысқа тұрдым. Қасымдағы әріптестерімнен үйрене бастадым.
«Ұстаз – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекеттің, ақылдың дәнін себетін, нұр құятын жалын иесі» — деп чех педагогы Я.Коменский айтқандай жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасындағы құндылықтар мен дағдыларды өзара ықпалдастыра, жас ұрпақ бойына дарыта отырып, білім мен тәрбие беру менің міндетім.
Тәрбие тал бесіктен басталады демекші, кішкентай бүлдіршіндермен жұмыс жасау өте қызықты болды. Өзіме кішкене тәжірибе жинап алып, мемлекеттік балабақшаға жұмысқа тұрдым. Тәрбиеші мамандығым өзіме қатты ұнайды. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болып өскенде оны түзей алмайсың» деп бекер айтпаған екен. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсаты біреу ол – заман талабына сай білімді ұрпақ тәрбиелеу. Болашақта өзім тәрбиелеген бүлдіршіндерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді тәрбиеші – ұстаз екенімді білетін боламын.
Өте керемет жазылған , жарайсыз Тансұлу Тұрсынтайқызы! Тек алға!
Оте керемет жарайсыз Тек алга
Отте керемет кушти !!!👍👍👍👍
Керемет ұстаз,жарайсыз!
Керемет Ұстазсыз. Біз сізбен мақтанамыз. Сіздің арқаңызда менің қызым тақпақ өлеңдер көп біледі. Мамандық туралы керемет жазыпсыз. Жұмысыңызға абырой тілеймін!
Өте керемет жазылған,өте керемет көпке үлгі боларлықтай ұзтаз😍👍🏻Өз мамандығына үлкен жауапкершілікпен қарайды,Тансулу Тұрсынтайқызы арқасында тәжірибеде көп нәрселер үйрендім😍👍🏻
Өте әдемі, керемет жазылған эссе!!!! Жарайсыз Тансұлу
Күшті жазылған😍👍
Просто великолепно, вы как всегда на высоте Тансұлу, 👍
Шығармашылық табыс тілеймін
Тансұлу апай 💐💐💐
Оте керемет. Жарайсыз тек алга Тансулу Турсынтаевна!!!
Таңсұлу, сәттілік тілеймін. Сіз сияқты еңбекқор апайлар көп болсын!
Бетке ұстар,үлгілі,өнегелі,тәжірибелі ұстаз!!!Жас ұрпақты ізгілікке баулып,жақсылыққа тәрбиелейтін ұстаз!Жарайсың!!!
Биіктерден көрініп жүре бер!
Нағыз өз маманның иесі екенііңіз көрініп тұр өте керемет,жалпы сіздей маман иелері неғұрлым көп болса болашағымыз жарқын болады келешек ұрпаққа зор үлессіңіз қосып үлгі екеніңізге қуаныштымын
Керемет,нағыз маман иесі жарайсың
Керемет айтылған, жарайсыз ! Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға 👍🏼
Еңбегің жемісті болсын
Тек биіктерден көріне бер! Жарайсың!!!
Жан-жақты, ізденімпаз,өте керемет тәрбиеші.Сәттілік тілейміз!!!
Тек алга! Саттилик!!!
Тансулу апай оте керемет тарбиеши, оз исинин маманы
Сәттілік еңбегіңіз жана берсін
Керемет апай❤️
Таңсұлу апайымызға сәттілік тілейміз! Тек алға!
Сәттілік!🌹🥰🥰
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Айналайын Таңсұлу еңбегің биік шыңдардан көрінсін. Атам Абайдың жолымен өмірдің ақ жолынан тайма
Күшті жазылған! Жарайсын 👍🔥
Тансулу Турсынтаевна керемет тәрбиеші, өз ісінің маманы! 🌹🌹🌹
👍🏻👍🏻👍🏻
zhumanovaaruzhan650@gmail.com
Өте қызықты және маңызды тақырып
👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼
Біздің сүйікті апайымыз 😘еңбегіңіздің жемісін көріңіз!Керемет жазылған,сәттілік сізге өсе беріңіз🙏🏻😘
Сәттілік!! 😍😍😍
Керемет жумысынын жемисин кор 🔥🔥🔥🔥
Тансулу сиз керемет тарбиешисиз
Өте керемет 👍