Аманжолова Алтынай Дидарбекқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№69 «Еркем-ай» балабақшасы тәрбиеші
Адам еңбегінен қуанышын таба алатын болса, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықыласы мен шабытымен істеген әрбір ісі, бәйтеректің биігіне жеткізетіні хақ. Абай Құнанбаев айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқаны жөн! Соның ішінен ойып тұрып орын алатын мамандықтардың бірі де бірегейі – педагог.
Педагог – тұңғиығы терең, бір ауыз сөзбен жеткізе алмайтын мамандық. Қандай мемлекетте болсын педагогтардың мәртебесі, мақсаты, міндеті – бір. Кемел жазушы Жүсіпбек Аймауытов айтқандай: «Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық, дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, педагог адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады».
Педагогтар елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеуші, ілім-білім беруші. Олар жас ұрпаққа қасиетті де сыйлы ана тіліміз – қазақ тілін сіңіруші, үйретуші. Ұстанымымыздың жоғарғы сатысында осы тіл тұрса, сол арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрімізді, ұлтымызға тән ізгіліктерімізді, жалпы адамзатқа ортақ, өркениеттік ұстанымдарымыз дамитынына кәміл сенімдімін.
Елбасымыз: «Біз білім, ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз»,-дегендей, қазіргі заманда балаларды заманауи білім мен ғылыммен қамтамасыз етпесек, ертеңгі күнімізге дайын бола алмаймыз. Болашағымызды жақсарту, өсіп-дамуымыз үшін балалардың дұрыс тәлім-тәрбие мен біліміне аса көп көңіл бөлуіміз керек. Осы орайда, білімді де саналы педагогтар өте маңызды рөл атқарады. «Білім беремін»- деп келген әрбір педагог, білімнің бір орында тұрмайтынын және әр қашан, міндетті түрде ізденісте болу керек екенін, баланың әр кез дамуына жаңа ілім қосып отыру керек екенін ұғына білу керек. Әзілхан Нұршайықов айтқандай-ақ: «Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!»-деген. Яғни, жаңашыл немесе заманауи педагог болу, қазіргі заманымыздағы ең талап етілетін қасиеттердің және менің ұстанымымның бірі.
«Педагогтың бүкіл мақтанышы – шәкірттерінде, өзі шашқан ұрықтарының өсіп-өнуінде»-деп, Дмитрий Менделеев айтқан сөзінде бір мән бар. Баланың ой-өрісін дамыту барысында тек соған тоқталмай, баланың қандай шығармашылық қасиеттері, өнері немесе баланың неге қызығушылығы бар екендігін аша білу де ұстаздың қолында. Баланың мүмкін ешқандай да қызығушылығы болмаса, оған уақыт бергені дұрыс. Себебі бала келе сала ашыла салмауы мүмкін немесе бәрімізде кезедесетін жағдай, оның қызығушылығы ауытқып отыруы мүмкін. Қандай да, бір жағдай болмасын оны бірегейлеп бекіту және балаға қолдау білдіру біздің мойнымызда. Шәкіртті жан-жақты дамытып, оның қалауын ескерген, сабырлы бола білген ұстаз – білікті, дана ұстаз. Бұл ұстаздың оқу барысында алға қойған мақсаттарының бірі болуы тиіс.
«Жалпы екі әлеуметтік институт бар. Ол – педагог және ата-ана. Көп уақыт, әсіресе кеңестік кезеңде, осы екі әлеуметтік институт бір-бәріне қарсы болды. Қазіргі заманымызда бұл екеуі бір жақта, бірігіп жұмыс жасауда. Ата-ана өзінің асылын бізге аманат етіп алып келеді. Сондықтан, бала бәрімізге ортақ. Балаға білім беруде тек сол баламен ғана жұмыс жасамай, ата-ананың да көзі ішінара іс-шараларда көрінуі, қатысуы – бала үшін де, педагог үшін де өте маңызды. Олар біріншіден балаларына тәрбие барысында үлгі бала алса, педагог үшін арадағы түсініспеушілікті жояды. Осы орайда ата-ана→бала→педагог жұмысы жоғарғы деңгейде және кез-келген қиындық артта қалады. Өнегелі ұрпақ тәрбиесі білім ордасының бір бағытта жұмыс істеуінен басталады. Ата-ана мен педагог арасындағы байланысты нығайту – саналы ұрпақ тәрбиелеудің басты кепілі.
Менің тағы да бір ұстанымымның бірі — білімді жәй ғана тасымалдамай, шәкірт бойында өмірде қажет болатын дағдыларды қалыптастыру. Бұл балалардың сыни ойлауын, ақпаратты талдау және негізделген шешім қабылдау қабілетін дамытуға көмектеседі. Оларды басқа адамдарға құрметпен қарауға, төзімділікке, ашықтыққа үйретеді. Баламен санасып, ақылдасып, қиындық түскенін көрген ұстаз оған дос болуы керек. Оның жан-сырын түсініп, дұрыс шешім қабылдай алмай тұрған болса, қолұшын беру — ол да ұстаздың бір ерекше қасиеті деп білемін. Бұл ұстаз үшін де, ата-ана үшінде өте маңызды деп білемін.
Мақсат, міндет, ұстаным дейміз дегенімен де бәрі Алланың қалауымен, одан кейін педагогтың еңбегінің арқасында болатын дүниелер. Әр мақсатымызға заманауи талаптарымызға жететін нұсқауларды енгізсек, өзімізден бірнеше жыл өтілі бар педагогтерден ақыл-кеңес алсақ, өз оймызды қиылыстыра алсақ, балалардың ойымен санасып мақсаттарымызды қойсақ біз педагог – алдыңғы қатарлы педагогтардың бірі болатынымызға кәміл сенемін. Бұл мамандық қай елді мемлекетте болсын оңай мамандық емесі бәрімізге мәлім. Тарихымызда да болсын, әдебиет саласында да болсын, бұл «ұстаздық ету», «ұстаз болу» үлкен орны тарихы бар – ілім десемде артық кетпеймін деп ойлаймын. Соның ішінен ұстаздар оқуы тиіс 3 кітапты ұсынғым кеп отыр, атап айта кесем: Мағжан Жұмабайұлының «Педагогика», Жүсіпбек Аймауытұлының «Психология» және Григорий Петровтың «Мінсіз мұғалім». Бұл кітаптар педагогтарға үлкен көмек және қолдау беретін ерекше туындылардың бірі деп айта аламын. Педагогтар туралы да, кино саласында бірнеше шын өмірде болған оқиғалардан кинофильмдер де аз емес. Оларды көрмеген ұстаздар жоқ шығар. Солардың ішінен сіздерге мен көрген, мен үшін көп ақпарат берген, мені күшті әсерге бөлеген 5 фильмді ұсынғып келіп отыр. Атап айта кетсек: «Жүрегің шақырғанда»/ «Когда завет сердце» (Канада, Румыния, АҚШ), «Бапкер»/ «Тренер» (Россия 2018), «Жыл мұғалімі»/ «Учитель года» (Канада, АҚШ 2003), «Ауыстыруға келген мұғалім»/ «Учитель на замену» (АҚШ 2011), «Триумф: Рон Кларгтің тарихы»/ «Триумф: История Рона Кларка» (АҚШ, Канада 2006). Бұл фильмдерді көрсеңіздер өздеріңіз осы менің эссемде нақты не айтқым келегенін толық түсінесіздер деген үміттемін. Дегенімен, мен барынша бұл эссені өзім үшін емес бар адамдар көріп оқыса деген арманым. Мақсатым-педагог тек педагог немесе бала қараушы тек білім беруші емес, арғы жағындағы жұмысымызды да көрсе деген үміттемін және сенемін.
Мен ұстазбын,
Шәкірт маған шамшырақ,
Жаға білсең, жана түсер жарқырап.
Жаға алдымба?
Ой жүгіртем өткенге,
Кейде өзімді сынға алғанда сан сұрақ….. — деп ұстаздар әр күні өзіне – «Балалардың шамын жаға алдымба?» деген ой мазалайтынын кез-келген ұстаз біледі деп ойлаймын. Мен осы, Талғат Өтеповтың
«Ұстаз сыры» өлеңінен бір шумақ әнімен сөзімді аяқтағым келеді.
Ұстаздар, Сіздер асыл тұлғасыздар, Сіздер бұл шамшырақты жаға алдыңыздар.
Алтынай еңбегің жана берсін, алға қарай өрлей бер! Сені тек биіктен көрейік! Сәттілік!!!
Өте керемет жазылған!
Биіктерден көріне беріңіз Алтынай апай💐💐💐💐💐💐💐💐
Керемет✍🏻
Шығармашылық табыс тілейміз🌹🌹🌹🌹
Алтынай жарайсың 😉👍.Биіктерден көріне бер.
Шығармашылық табыс тілеймін🫶🏻
Керемет, жарайсыз!
Оте керемет
Жарадыңыз апай🥰
Алтынай тек қана алға. Еңбегіңнің жеиісін көр. Іс оң болсын.биіктен көріне бер..Алға қойған арман мақсатың орындалсын.
Алтынай еңбегіңнің жемісін көр!👏
Тамаша жазылған👍
Керемет! Енбегин Жана берсин
Алтынай биік шыңдарды бағындыруыңа тілектеспін. Еңбегің жансын. Жарайсың!
Алтынай апай әрдайым ізденіс үстінде жүреді, балалар жаксы көреді
Шығармашылық табыс тілеймін
Тамаша. Жарайсың 👍
Алтынай апай саттилик!
Молодец апай
Сәттілік тілейміз
Алтынай Дидарбекқызы өз маманы ретінде білемін және болашақта белестерді бағындыратынына сенімдімін. Елімізде сіздей мамандар көп болғай. Балапандарымыздың тәрбиесіне, ой-өрісін жан-жақты дамытып, ата-ананын да, балапандардын да көнілін баурай білу тек нағыз педагог деп білемін. Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз! Сіздей педагог бар елде, болашағымыз анық,нық,жарқын боларына сенімдімін!
Алтынай жарайсың! 👍 Тек Алға! Тек биік белестерден көріне бер! Сәттілік тілеймін.
Еңбегініз бағаланып биіктен көрейік 🌹🌹🌹
Еңбегің жемісті,табысты болсын,әрқашан биіктерден көрінуіңе тілектеспіз!!!🌹🌹🌹
Еңбегің жемісті болсын
Еңбегіңіздің жемісін көріңіз😘😘😘Алға қойылған мақсаттарыңыз орындалсын🙏🏻
Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.Өте керемет👍
Алтынай керемет. Еліңнің айнасы, көз қуанышы бола бер. Бағындырар биіктерің көп болсын
Шыгармашылык табыс тилеймин
Алтынай Дидарбекқызы еңбегіңіз еселене берсін!Алар асуларыңыз биік болсын!Сізге шығармашылық табыс тілеймін
Алтынай Дидарбекқызы еңбек жолында жолыңыз әрдайым ашық болсын, шығармашылық табыстар тілеймін!
Алтынай Дидарбекқызы жұмысыңызға шығаршашылық табыс тілеймін.Жазған еңбегіңіз, әр ата -ананың, ұстаздың өміріне керегіне жарайтынына сенемін. Әр ұстаздың бойындаы жақсы қасиеті, сөйлеген сөзі мен ісінен көрінетіні белгілі. Сіз ең жақсы ана, ең үлгілі ұстазсыз әрқашан жылы жүзіңізбен, әр баланың көңілін тауып аласыз. Осы орайда сізге үлкен бақыт пен мықты денсаулық тілеймін! Әлі талай биік шыңдардан көрінетінізге тілектеспін.!
Жарайсыз, тамаша!
Алтынай апай, еңбегіңіз жана берсін!💐
Өте керемет 😍 жарвйсыз!