Home » Мақалалар » Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтың рөлі

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі заманауи педагогтың рөлі

Абшукирова Асель Жетписбаевна,
Астана қаласы әкімдігінің
69 «Еркем-ай» балабақшасы тәрбиеші 


Ұстаз, педагог сөздері ұлық, мағынасы терең. Қазіргі білімді, ойы ұшқыр,
болашақтары жарқын  жастары бар, технологиясы дамыған елде педагог болу – үлкен жауапкершілік, қызығы мен қиындығы қатар жүретін, жауапты міндет, жүрек тебірентер еңбек.
«Халық мектебі үшін басты тұлға – мұғалім, ең тамаша педагогикалық
басшылық, ең жомарт мемлекеттік жарлықта, тыңғылықты педагогикалық бақылау да онымен теңесе алмайды». Білім беру ісі жаңа жанданып келе жатқан қазақ даласы үшін, мұғалімнің маңызы ерекше жоғары, сондықтан да  «жақсы мұғалімді дүниедегінің барлығынан жоғары бағалаймын» деген екен Ыбырай Алтынсарин.  «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы» — деп ақын Ғабу Қайырбеков жырлағандай, ғұмырын  ұстаздық мамандыққа арнаған, көңілі мәңгі жас баладай жақсылыққа құмар ұстаз болу – тынымсыз еңбек пен табандылықтың нақ өзі. Қай ақын, жазушы болмасын, білімге деген жолды ашқан, оған терең бойлауыңа негіз болған педагог туралы айтудан, жазудан жалықпаған.

Менде осы қиын жолды таңдадым. Көп жылдардан бері бала тәрбиесі мен олардың болашаққа дұрыс қадам жасауына ықпал етіп келемін. Осы жолда балаларды ғана емес, заманға сай болуға, өмірден тек жақсыны алуға, жоқтан бар жасауға, өзімді де тәрбиелеп келемін. Себебі, заманауи педагог – жаңашыл, үнемі ізденіс үстінде жүретін, жақсылық таратушы, білімпаз, өнерлі, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, жеті қырлы, бір сырлы, оң-солды ажырататын тұлға болуы керек. Әр баланың жеткен жетістігіне  қуанатын, сүрінсе қиналатын, білім мен ғылымның шыңына жетсінші деп тілеулес болатын адам да – педагог.

Мен, Астана қаласы № 69 «Еркем-ай» балабақшасында тәрбиеші болып еңбек етемін. Балалардың қоғамда алар орындарының болуына, заманға сай тәрбиелеуіне аса мән беріп, отбасымен бірлесе жұмыс атқарудамын. Күнделікті бала тәрбиесі жаңашылдылықты талап етеді. Оны ұлттық сана мен заманауи әдістермен толықтыру міндетті. Өз еңбегімде оларды үнемі қолданып келемін. Мысалы: «Ертегілер еліне қонаққа барамыз» атты бірнеше бағыттағы әдіснамады жиі қолданамын. Олар «Сахналық қойылым арқылы ертегіні балаға түсіндіру жолдары», Орамал, Еден, Тантамареска театры, Анималы терапия, Пластинография әдісі сияқты бірнеше мағыналы, мәнді, баланың түсінуіне жеңіл, тәрбиелік мәні жоғары жұмыстардан тұрады. Себебі ертегі арқылы балалардың  өмірдегі адамдардың іс-әрекеттері арқылы жақсылық пен жамандықты тануына, әртүрлі жағдаяттық жағдайлардан шығу жолдарын табуына көп мүмкіндік береді. Баланың дұрыс шешім қабылдауына да себеп болуы мүмкін. Мысалы: Пластинография әдісінде ермексаз қолданылады. Ертегі желісі бойынша суреттер қойылады, алайда кейіпкерлердің суреті болмайды. Басты рөлге қандай кейіпкер алатынын өзі таңдайды, қай жерге орналастыру керек екенін өзі біледі. Сол арқылы баланың шешім қабылдауына, жағымды кейіпкерді тануына болады.

 

Осы сияқты көптеген тәрбиелік мәндес жұмыстар шығармашылық еңбегімде көптеп саналады. Бастысы, балаларға білім мен тәрбие беруде көмектеседі. Мысалы: түстерді ажырату, сандарды тез табу, бірлесе жұмыс істеу, ойын арқылы дамыту және т.б.

Балабақшадағы атқарлатын жұмыстар дұрыс таңдау, балабақшадағы әрбір бүлдіршінге дұрыс тәрбие мен жан-жақты білім беру беру — заманауи педагогтің бірден-бір міндеті. Балабақшадағы бүлдіршіннің санасы таза, ақ парақ секілді, себебі, бала қалай жеткізсек, не берсек солай қабылдары сөзсіз. Бұлардың барлығы еңбек пен табандылықтың арқасында келеді. Жүргізетін жұмыстарды топта баланың мінез-құлқына сәйкес таңдауда үлкен жауапкершілік. Бұны түсіну, көптеген жылдардың жемісі, келешекте жақсы жұмыс атқарудың кепілі. Әр баланы  білімге жетелеу, тәрбиенің тал бесігінде тербеу – педагогтың міндеттері.

Абай атамыз айтқандай, толық адам тұлғасын қалыптастыра алсаң, міне,  ұстаздық мұрат- мақсатың — осы болмақ. Өмірде баланы дұрыс тәрбиелеуге істеген жұмыстарың оң болса, еңбегіңнің жанғаны, өмірді құр сүрмегенің деп білемін.

56 комментариев

  1. Шығармашлық табыс тілеймін Асел апай

  2. Керемет апай! Сәттілік 💐

  3. Әсел апай, сәттілік! Әрқашан еңбекқор!🥰🥰🥰

  4. Асель апай өте білікті маман. Сенім білдіремін балаларымыздың болашағына жол ашады.

  5. Әсел, сәттілік! Сізді жақсы көреміз! 🥰🥰🥰

  6. Асель апай өте керемет тәрбиеші. Қызым жақсы көреді. Әрқашан балаларға әр түрлі дүниелер ізденіп жүреді.

  7. Асель алға тоқтама, шығармашылық табыс.

  8. Тансулу

    Керемет!!!

  9. Керемет Асель мұғалім сәттілік👍

  10. Асель шығармашылық табыс тілеймін, тек биіктерден көріне беріңіз!

  11. Асылхан

    Асел Апай білімі жоғары

  12. Сәттілік 👍👍👍👍👍👍👍

  13. Шығармашылық табыс тілеймін

  14. Айнагуль

    Асель апай сизге саттилик!

  15. Гульмира ДМДЖ

    Оте мыкты устаз! Жаным береди!

  16. Асел жарайсын

  17. Әсел Жетпісбайқызы

  18. Асель Абшукирова өте білімді жан — жақты педагогсыз өз ісінің шебері биік белестерден көргіңіз.

  19. Өте ізденімпаз,шығармашыл тәрбиеші ,жарайсыз ,Әсел,еңбегіңіз жана берсін

  20. Шығармашылық табыс тілейміз.👏👏👏

  21. Сәттілік! 👍

  22. Керемет. Өте талатты маман.

  23. Шығармалық табыс шыңына өрлей беп,Асел

  24. Асел апай саттилик!

  25. Өнерің өрге жүзеберсін Әсель, өте керемет.

  26. Сәттілік тілеймін

  27. Өте керемет жазылған😍 өз маманын жақсы біледі тек алға😍👍🏻

  28. Тишімкүл

    Асель сәттілік тілеймін 😘

  29. Асель өте мықты ұстаз👍

  30. Жарайсың Асель

  31. Ырысалды

    Әсел сәттілік тілеймін!

  32. Райгуль

    Сәттілік Тілеймін Асель

  33. Толганай

    Асель апай жарайсыз, саттилик тилеймиз!

  34. Жарайсыз👍🏻

  35. Әсель керемет мақала, жарайсың 👍👍👍

  36. Амангул

    Сәттілік Асель👍

  37. Керемет, сәттілік!

  38. Алға женеше супер👍

  39. Айгерим

    Асель сәттілік тілеймін

  40. Әсел, жұмысына сәттілік 👍👍👍

  41. Керемет,сәттілік

  42. Гулжанат

    Молодец! Жарайсың

  43. Бекқожа

    Жарайсыз Асел апай!)))

  44. Асель апай молодец Улкен бийиктерден корине берениз 🥰🤗

  45. Әсел тек қана алға сәттілік

  46. Асел алга супер оте жаксы устаз

  47. Асель апай жарайсыз!

  48. Сәттілік тілеймін

  49. Лаура Беккалиевна

    Еліміздің ертеңі үшін алаңдап, бойындағы бар асыл қасиеті мен білімін бала бойына сіңіруде аянбай жасап жатқан еңбегіңіз елене берсін! Биік белестерді бағындыра беріңіз Асель Жетписбаевна!

  50. Асел апай саттилик

  51. Ерен еңбегіңіз үшін сізге алғыс айтамыз.Қаламыңыз ұштала берсін.Бүлдіршіндерге үйретуден жалықпай жүре беріңіз.Шығармашылық табыс тілейміз.

  52. Әсел сәттілік тілеймін!

  53. БАЛАУСА

    АСЕЛ АПАЙ СІЗГЕ ҮЛКЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫС ТІЛЕЙМІН!! Еліміздің өсіп келе жатқан балалардың болашағы үлгілі ұстазбен етене тығыз байланысты!!Бүлдіршіндеріміз аман болсын 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  54. Тек алға Асель

  55. Шығармашылық табыс тілеймін!

  56. Сәттілік! Дами бер!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.