Home » Мақалалар » Бала тәрбиесі-ортақ міндет

Бала тәрбиесі-ортақ міндет

 Сембекова  Айгул Жарылкасыновна,
Астана қаласы әкімдігінің
№69 «Еркемай» балабақшасы
тәрбиеші

      Қай ғасырда не қай заманда болмасын, тәрбие мәселесі  назардан тыс қалып көрген емес. Әсіресе, бала тәрбиесі. Атам қазақ бала тәрбиелеуді отбасынан бастап мықтап қолға алып, оның болашағына бейжай қарамаған. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты – болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі, білім тәрбие арқылы беріледі. Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса, білім де соншалықты тереңде. Болашақ білімді, дарынды, адамгершілігі мол ұрпақ үшін бұл – өте маңызды. Сол себепті де отбасының бала тәрбиесінде алатын орны айрықша деп ойлаймын.  Өз отбасымнан  да осының айқын дәлелін көріп отырмын. Әрине, әрбір ата-ана өз ұлы мен қызының әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының білімді азаматы мен азаматшасы болып жетілуін қалайды. Сыйластық, түсіністік, зор жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қарым-қатынасы мазмұнды, сенімді болары  хақ.
Иә, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі. Қазақтың «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаса керек. Баланы  жастайынан байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған дұрыс деген тоқтамға толық қосыламын. Отбасымызда ұл-қызымызды  білім алумен қатар, еңбекке араласуына зор ықпал жасаймыз. Олардың атқарған кішкене еңбегін бағалап, мотивация беріп отыру – нәтижелі тәрбиенің бастауы. Балаларымыз келесі жолы өздеріне тапсырылған жұмысты барынша  құлшыныспен орындауға  тырысып, жауапкершілік танытқаны  мені тәнті етеді. Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде  ата-ана  мен педагог-тәрбиешінің  шешуші рөл атқара алатынына сенімдімін. Ата-ана мен тәрбиеші өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, білімі, іс-әрекеті арқылы балаға үлгі көрсетеді.
«Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқанда немесе бұйрық берген кезде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар. Сіздер оны өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер, сіздер қалай киінесіздер, басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар туралы қалай қуанасыздар және ренжисіздер, достарыңызбен қандай қарым-қатынаста боласыздар, қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар – осылардың бәрінің бала үшін маңызы бар» — деп дарынды  педагог С.Макаренко айтқандай, бала тәрбиесі бүкіл өмірімізбен  байланысты  екенін назарда ұстағанымыз жөн деп санаймын.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» деп айтылған. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды тәрбиелеу мен қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Қазіргі заманда білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру болып табылады деп тұжырымдаймын.
Болашағымыз жарқын, көк туымыз әрдайым көгімізде желбіресін десек, қазіргі балаларымызға дұрыс бағыт-бағдар көрсету керек. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне деген сенімділікті дер кезінде үнемі бойларына құю қажет. Қазіргі білім мен тәрбие — ақыл ойды ауқымды көп ақпараттармен шектен тыс қамту үстінде. Адамның екі қолында да жұмыс жеткілікті бола тұра, қазіргі жанталасқа ие заманда адамның жаны ұмыт қалып барады. Нағыз білімді азамат болғың келсе, ақыл мен ойды, ісің мен жүрегіңді бірлікте ұстау  керек деп ойлаймын. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік — рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек деген  қорытындыны негізге алып отыруды жөн деп санаймын.

 

42 комментария

  1. Шығармашылық табыс тілеймін Айгүл апай 💐💐💐💐💐💐

  2. Тансулу

    Жарайсыз!!!

  3. Жанат Жусипова

    Жарайсың Айгүл,шығармашылық табыс тілеймін

  4. Гүлзира Қасымханова

    Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
    Бала тәрбиесіне ата ана, тәрбиеші ғана емес қоғамда атсалысу керек. Жарайсыз. Балаға берер тәрбиеңіз молынан болсын!!!

  5. Айгүл апай, биік белестерге жете беріңіз🌸

  6. Айнагуль

    Айгуль Жарылкасыновна сизге саттилик!

  7. “ Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне деген сенімділікті дер кезінде үнемі бойларына құю қажет.” — өте дұрыс айттыңыз, Айгүл Жарылқасынқызы🌸 Рахмет сізге!

  8. Ақнұр Мамбеталиева

    Бағындырар белестерің көп болсын, еңбегіңнің жемісін көре бер, шығармашылық толағай табыс тілеймін

  9. Тойжан Маратовна

    toizhan87@mail.ru

  10. Тойжан Маратовна

    Ой саларлық мақала.

  11. Кулманова Айгерим

    Керемет енбегин жена берсин

  12. Кулманова Айгерим

    Шыгармашылык табыс тилеймин

  13. өте дұрыс, бала тәрбиесі маңызды, рухани тәрбие керек

  14. Акмарал

    Өте керемет айтылған, жарайсыз 💐💐💐💐

  15. Алтынай Нажиоллаевна

    Айгүл апай керемет!!!Еңбегіңіздің жемісін көріңіз😘😘😘Алдыңызда өсіп келе жатқан ұл қыздарыңыз аман болып,сеніміңізді ,еңбегіңізді ақтасын🙏🏻😘Сәттілік сізге!

  16. Айгул жұмысыңа шығармашылық табыс тілеймін! Алар асуың биік болсын әрқашан да! Сәттілік 🙌

  17. Айгүл Жарылқасынқызы ойыңызды жақсы жазыпсыз өте керемет
    Тәрбие тал бесіктен дегендей
    Шығармашылық табыс тілеймін
    Алла абыройдан айырмасын 🤲🏻👏🏻👏🏻👏🏻

  18. Ой саларлықтай мақала . Рахмет сізге

  19. Гульмира Нурумова

    Шығармашылық табыс тілеймін! Еңбегіңіз жана берсін!

  20. Айгүл апке үлгі тұтар жансыз.Шығармашылық табыс тілеймін😍

  21. Шығармашылық табыс тілеймін.

  22. Өте дұрыс айтасыз. Жарайсыз Айгүл апай🌸

  23. Гульсамал

    Жарайсыз, балаға берер тәрбиеңіз молынан болсын!💐

  24. Данагул Бакытжановна

    Айгүл Жарылкасыновна сәттілік серік болсын, шығармашылық табыстар тілеймін!!!

  25. Өте тамаша

  26. Хорошая работа

  27. Айгүл апай сізге шығармашылық табыс тілейміз .керемет жазылған

  28. Шығармашылық табыс тілеймін

  29. Алға қойған мақсатыңызға жетуіңізге тілектеспін⚘⚘

  30. Ой түйетін тақырыптардың бірі

  31. Керемет!!!

  32. Бекежан

    Айгуль апай шыгармашылык табыс тілейміз

  33. Нұрсұлу

    Өте керемет шығармашылық

  34. Шығармашылық табыс тілеймін 👏

  35. Адилет Алпысбаев

    Жарайсыз!!!

  36. Табыс, сәттілік тілеймін 👏👍

  37. Жанайым

    Өте керемет, табыс тілеймін 👏👍

  38. жарайсыз👍👍

  39. керемет!!!

  40. Енбегынын жемысын кор

  41. Айгул. Енбегиннин жемисин кориниз. Жарайсыз

  42. Сәттілік тілеймін 👍👍

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.