Сарина Гульдана Бериковна,
Астана қаласы әкімдігінің
№69 «Еркем-ай» балабақшасы тәрбиеші
Мамандық адам өміріндегі маңызды қадамдардың бірі деп ойлаймын. Себебі адам жаны рахатты екі нәрседен табады деседі. Оның бірі жанына жақындармен бірге болуы болса, екіншісі жанына жақын сүйікті ісімен айналысуы. Сондықтан кез-келгеніміз өз мамандығымызды, кәсібімізді таңдауда қателеспегеніміз жөн. Мамандықты таңдауда қызығушылық болғаны дұрыс. Қызығушылық болса әсте икем, сүйіспеншілік, белсенділік пайда болады. Әлемдегі ұлы тұлғалардың немесе өз қоғамында айтарлықтай жетістікке жеткен адамдар олар өз мамандығын шынайы жақсы көретіндер және ол үшін аянбай тер төгуге дайын жандар деп білемін.
Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесінде балабақшаның орны ерекше. Өйткені, әр бала әр үйдің ерке – тотай тентегі. Әжесі мен атасының төбесіне шығарып отырған елдегі жоқ тәттісі. Ата – ананың әлпештеген ардақтысы. Бағындырып көріңіз осындай әр үйдің еркесін. Олар оңайлықпен бағынбайды. Айтқанды қылмайды. Олар жүген – құрық тиген тайдан бетер асау. Бұған енді үлкен шыдам, шексіз сабыр, терең ақыл, парасат – пайым, кез келген адамда бола бермейтін әдіс, айла керек. Өйткені, адам баласын ұрып жөндей алмайсың. Қатты сөйлеп, қорқыта алмайсың. Сондықтан жауқазындай жаңа ғана бүр жарып, көктеп келе жатқан, әлі оң-солын танып білмеген жас бүлдіршіндердің өмір атты үлкен мектепке алғашқы қадамы балабақшадан басталады. Әр үйдің еркелерін тәрбиелеген балабақша тәрбиешісінің еңбегі жеңілге жатпайды. Баланың тілін табу үшін де терең білім, сабырлылық, шыдамдылық керек – ақ.
Ж. Аймауытовтың айтуынша
«Бала тәрбиесі –бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер….
Бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала алмайтын мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші айыпты».
Осыған қарай отырып тәрбиешінің арқалайтын жүгінің өте ауыр және өте жауапты екендігін түсінесің және түсінген адам ғана осы мамандық бойынша жұмыс істей алады деп ойлаймын. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз тәрбиешілердің еншісінде.
Өйткені бала – кіршіксіз пәк, тап-таза мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып тұнығына айналу үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету олардың ой – сезімдерін оның еркін көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.
Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажет екеніне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.
Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне” бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Балалар – өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі.
Culdana.almenova@mail.ru
Шығармашылық табыс тілеймін! Сіздей ұстаздарымыз барда еліміздің болашағы жарқын!
Жарайсың!Тек биіктерді бағындыр.
Әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары болады. Оның ішінде бүлдіршіндермен жұмыс жасау, өте жауапкершілікті талап етеді. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейді, жарайсың!!! Әрқашан биіктен көрін.
Шығармашылық табыс тілеймін Гүлдана апай 💐💐💐💐💐💐💐
Керемет Гүлдана Бериковна, жарайсыз🌸
Жарайсың! Тек биіктерден көріне бер! Балапандың жүректерінен орын алып, мейірімді ұстаз болыңыз! Еңбегіңізге толағай табыс тілейміз!
Білікті маман, жақсы тәрбиеші!
Биіктен көріне беріңіз!
Шығармашылық табыс тілеймін әрқашан биіктен көріне бер, еңбегінің жемісін көре бер!. 🌹👍
Балалардағы бағыт бағдар сіздерден басталады. Үлкен еңбек пен шығармашылық талап ететін мамандық. Өз жұмысыңызды Жақсы алып келе жатырсыз деп білемін. Әрбір алдыңыздан тәрбиеленіп шыққан бүлдіршіндер болашақта топ жарған білімді Азамат Азаматшалар болсын 🤲. Сізге тек сәттілік тілейміз. 🤲Рақмет айтамыз🫶
Ия педагогтер дәл осындай болу керек 👍
Керемет😻😻😻
Балаларды және өз жұмысын жақсы көретін өте мұқият тәрбиеші 🙏🏻🌹
Гулдана Бериковна енбегиниздин жемісін көріңіз!
Тәрбиеші – жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізу ұлы қасиет.
Гулдана Берікқызы жумысынызға толағай табыстар тілеймін!
Тәрбиеленушілеріңіз биіктен корініп, мерейіңіз үстем болсын!!!
Жарайсыз! Гүлдана ханым!!
Жарайсыз!!
Жумысыныздын жемисин кориниз
Жарайсың .
Гүлдана Берікқызы баланың жүрегінен орын таба алған ұстаз! Өз жұмысын жақсы көретін, жауапкершілікпен қарайтын маман. Жарайсыз, еңбегіңіздің жемісін көріңіз!
Гүлдана ісінің шебері, мықты маман😘😍 Керемет!!!
Шығармашылық табыс тілеймін! Еңбегіңіз елене берсін!🌹
👍👍👍Жарайсын
Шығармашылық табыс тілимін
Керемет мақала, жүйелі ой!!!! Еңбегіңіз еленіп білімді шәкіттеріңіз көп болсын!!!!!
Шығармашылық табыс, еңбекте жеміс тілеймін!!!
arailym0803@mail.ru
Жарайсың. Еңбегің жана берсін
Биік шыңдарды бағындыра берініз👏🇰🇿💐
Шығармашылық табыс тілеймін, сәттілік серігін болсын!💐
Гүлдана Бериковна өз мамандығының мықты иесі. Сізге тек табыс тілеймін, биіктен көріне беріңіз . 💐
👍🏼👍🏼👍🏼керемет. Енбегиннин жемисин Кор 💯
Тек биіктерден көріне беріңіз! ✊
Жумысыныздын жемисин коре бериниз
Күшті жазылған😍 керемет мұғалім,тек алға👍🏻
Гүлдана Берікқызы әрқашан еңбегіңіз елене берсін! Тек биіктен көріне беріңіз!
😍күштіі керемеет👏🏻👏🏻👏🏻
Гулдана жарайсын тек кана алга жумысын арта берсин! Улгили устаз бол!
Гүлдана еңбекте жемісті бол!!
Гулдана Берик кызы , еңбегіздин жемисин кориниз, бик шыңнан корине бериниз.
Гүлдана, сәттілік еңбегіңмен биік шыңдардан көріне бер💥💥💥👍👍Біз сені бастаған ісіңнің соңына дейін жеткізктін, жұмысыңа адал, еңбекқор маман ретінде көреміз!
Гулдана Бериковна енбегиниз жана берсин
Гулдана өз маманының шебері. Сәттілік!
Жарайсыз, саттылык
😍😍😍керемет
Шығармашылық табыс тілеймін!Тек биіктен көріне бер!
Жарайсыз биіктен көріне береңіз
Сәттілік тілеймін. Еңбегіңнің жемісін көр.😘.