Home » Мақалалар » «Ата-ана & бала-бақша»

«Ата-ана & бала-бақша»

Бүгін, Алматы облысы Түркісіб ауданына қарасты нөмірі 185 бөбекжай-балабақшасында болдық. Жалпы, балабақшада он екі топ бар, оның екі тобы қазақ тілді болса, он тобы балаларға дәріс пен тәрбиені орыс тілінде береді екен. Бас аяғы 57 қызметкерден тұратын ұжымда 300-ден аса бала тәлім алуда.

Балабақшадағы бүгінгі тәжірибелік семинар:
«Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыс жасаудың тиімді түрлері»- деген тақырыпта өтті.
Іс-шара шымылдығын ашқан бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Яфарова Гульнара Халиловна
«Әрдайым отбасы ежелгі философтардан қазіргі реформаторларға дейінгі алдыңғы қатарлы қоғамдық ойлардың назарында болды. Және бұл таңқаларлық емес. Барлық ата-аналар баланың алғашқы тәрбиешілері және ұстаздары, сондықтан оның тұлғасын қалыптастырудағы олардың рөлі орасан зор.
Ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне қатысуы баланың балабақшаға келген алғашқы сәтінен басталады. Отбасымен жұмыстың түрлері әртүрлі, дәстүрлі ата-аналар жиналыстарынан, музыкалық және спорттық ойын-сауықтардан, мерекелік ертеңгіліктерден бастап, ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеудің жоғарыда сипатталған түрдерінен басқа да атқаратын іс-шараларымыз жетерлік. Бүгінгі біздің өткізіп отырған
«Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыс жасаудың тиімді түрлері» атты тәжірибелік семинарымыз да соның айқын көрінісі,-деді балабақша меңгерушісі.

«Тиімді ата-ана мектебі» тақырыбы аясында балабақша әдіскері Джантурсынова Алина Сериккалиевна презентация жасап көпшіліктің назарын өзіне аударды. Бақытты баланы тәрбиелеуде, ата-ана мен педагогтың өзара әріптестік қарым-қатнасының маңызы зор деді.
Балаға берілетін тәрбиені:
«Ата-әжелер» мектебі
«Аналар» мектебі
«Әкелер» мектебі
«Көп балалы аналар» мектебі
«Жас отбасы» мектебі- деп жеке-жеке бөліп түсіндірді.
Егер ұлтыңды сақтаймын десең қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең- ұлыңды тәрбиеле. Бұл тұжырымның тамыры терең екенін біз тарихтан біліп, көріп отырмыз. «Қызды қасиетіне, ұлды ісіне қарай мақтаңыз»- деді әдіскер.

Баланың даму процесінде тәрбиешілер мен қоса ата-аналардың да жұмыс жасауы өте маңызды.
«Бала, балабақша, ата-ана үштігі» аясында мектепалды топ тәрбиешісі Абиева Айгерим Биржановна аналармен жұмысын «Әлемдік кафе» формасында өткізді.
Бұл қызу пікірталас, сұрақтардың шешімін табу, еркін оймен бөлісу, жаңа идеялармен алмасу сияқты, маңызды мәселелердің шешімін бірлесіп табуға мүмкіндік беретін әдіс болды.

Баланы үлкен өмірге тәрбиелеу мен оның сөйлеу, ойлау қабілетін сауатты қалыптастыру ойын түрінде өтсе, баланың қабылдауына жеңіл әрі қызығушылығын арттырары сөзсіз.
«Коммуникативтік дағдыларды дамытуда Эйлер шеңберін қолдану» арқылы мектепалды топ тәрбиешісі Сабирова Валерия Владиславна аналармен ойын тренажерін өткізді.

21 ғасырда дүниеге келген, Альфа буын, жүрмей тұрып, смартфондар мен планшеттерді қалай пайдалану керектігін біледі — бұл абсолютті норма. Олар iPhone, iPad, мобильді қосымшалар дәуірінде дүниеге келген және бұл компоненттерсіз әлемді елестете алмайды. Олар технологиядан қорықпайды және олардың не үшін жасалғанын білу олар үшін қызық -деп әңгімесін бастады ата-аналар алаңына
«21 ғасыр балалары» тақырыбымен шыққан мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері: Абдурасулова Гадиля Нажаровна мен Умирбекова Фарида Талиповна.
Ақыл мен ойды жетілдіруде әртүрлі қызықты сауалдарға жауап алып, ойын түрінде баланың ойлау қабілетін жақсарту мақсатында аналармен жұмыс жүргізді.

Семинарға өзге балабақшалардан келген қонақтарды тақырыптың өзектілігі мен ауқымдылығы қызықтырды. Алған әсерлерімен бөліскен әдіскерлер мен тәрбиешілер, тәжірибелік семинардан іліп алар дүниенің баршылығын айтты. Баланың ақыл-ой жүйесі мен дамуына айтарлықтай үлес қосатын әдіс тәсілдермен бөліскен балабақша ұжымына шығармашылық табыс тілеп тарқастық.

Арнайы Білім Айнасы үшін Назира Сұлтанмұратқызы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.