Home » Мақалалар » Бала тәрбиесі – ортақ міндет

Бала тәрбиесі – ортақ міндет

Тастанова Ширин Талгаткизи,
Астана қаласы әкімдігінің
№69 «Еркем – ай» балабақшасы тәрбиешісі

Адам ата- анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы – жаманды таниды- дағы сондайдан білгені, көргені көп адам білімді болады»
А.Құнанбаев

Жас ұрпақ тәрбиесі — адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағыда тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен еңбекті қажет ететін ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»- деген екен. Әрбір тұлғаның тәрбиесі отбасынан басталады. Отбасы тәрбиесі өте күрделі жүйе.   Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, білімді де білікті, Отансүйгіш азамат болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Сондай ақ, Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен  оқыту ұйымдары — баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты. Бала  тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады.

Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу- тәрбиеші және отбасының негізгі міндеті. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауып әкеледі» деп философ Әбу Насыр әл Фараби айтқандай, балаларға жан- жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру басты парызымыз. Өйткені бала ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңі, келер тарихқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасатты, өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – ортақ міндет.

Баланың жан- жақты білімді, мәдениетті, саналы адам болып қалыптасуын қамтамасыз ететін отбасы мен білім – тәрбие орындары өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараса егеменді еліміздің болашағы жарқын болуы айқын.

6 комментариев

  1. Тансулу

    Жарайсың!!! Сәттілік!!!

  2. Жумабекова Ерке

    Жарайсыз Шырын Талғатқызы! Керемет жазылған 👏🏻👏🏻👏🏻

  3. Дурыс айтасыз ,керемет

  4. Дұрыс айтасыз тәрбие беру кідірісті қажет етпейтін үздіксіз процес. 👍🏼👍🏼

  5. Жарайсыз, Дурыс, Керемет макала

  6. Сәттілік 👍🏻

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.