Фортификация-өнімдерді адам денсаулығына қажетті дәрумендермен және минералдармен байыту.
Фортификация-ұнтақтау кезінде ұнға аз мөлшерде дәрумендер мен минералдарды (премикс деп аталатын витамин-минералды кешен) енгізу процесі, бұл өнімнің сапасы мен тағамдық құндылығын арттырады. Фортификация ұнның органолептикалық және басқа қасиеттеріне әсер етпейді және жанама әсерлер тудырмайды. Байытуға тек жоғары және бірінші сортты ұн жатады, оны дайындау кезінде астық құрамында микроэлементтердің (витаминдердің) ең көп мөлшері бар қабықтан тазартылады.
Осының негізінде ұн зауыттары ұнды темір, мырыш, фолий қышқылы және дәрумендерден тұратын витаминді-минералды кешенмен (премикспен) байытады.
Ұнды байыту тағамдық жетіспеушіліктерді, соның ішінде темір тапшылығы анемиясын, бірқатар ауруларды және туа біткен ақауларды болдырмауға көмектеседі.
Тамақ өнімдерінің көпшілігі технологиялық өңдеу нәтижесінде пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Оларды қалпына келтірудің ең жаксы жолы-әсіресе ұнды витаминдермен және микроэлементтермен байыту.
Бидай-В1 (тиамин), В2 (рибофлавин), ниацин, В6 (пиродоксин) дәрумендерінің, сондай-ақ темір мен мырыштың жақсы көзі. Бірақ бұл микроэлементтер дәннің сыртқы қабатында болатындықтан, олардың көпшілігі өңдеу кезінде жоғалады.
Сондықтан фортификация кезінде ұнға микроэлементтер қосылады. Ұн зауыттарында жоғары және бірінші сортты ұн өндірудің соңғы кезеңінде тоннасына 150 грамм мөлшерінде диспенсер арқылы премикс қосылады. Содан кейін арнайы құрылғы соңғы өнімнің біртектілігін қамтамасыз ету үшін барлық витаминдерді мұқият араластырады.
Темірмен байытылған ұнды жеу денеде темірдің артық болуына әкелмейді. Керісінше, әсер бірден пайда болмайды. Байытылған ұн мен нан гемоглобин деңгейін оларды үнемі жеген жағдайда ғана қалыпқа келтіреді. Байытылған ұнның сақтау мерзімі алты ай.
Бидай ұны фортификациялау үшін бекер таңдалған жоқ. Ұн дәрумендер мен темірдің қарапайым, арзан, қолжетімді түрі. Байытылу процесі ұнның дәмін, түсін өзгертпейді, пісірілім сапасы бұрынғыдай қалады. Фортификацияланған ұнды пайдалану қауіпсіз. Ұнды фортификациялау бидайды ұнтақтау кезіндегі жоғалған дәрумендерді толтырады, сондықтан, бұндай ұнды пайдалану өте пайдалы.
Өздеріңізде және жақындарыңызды теміртапшылықты анемияның алдын алу үшін темірмен және фолий қышқылымен байытылған ұн мен нанды таңдаңыз.
Дендеріңіз сау болсын!
Алатау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Толқынбеков Мақсат Мырзабекович
Алатау ауданының санитариялық-гигиеналық
бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді
бақылау бөлімінің бас маманы Досетова Айгүл Қайранбаевна