Home » Жаңалықтар » “Қазақшаң қалай балақай?”

“Қазақшаң қалай балақай?”

Жуырда Алматы қаласы
КММ “Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №66 бөбекжай-балабақшасында”
“Қазақшаң қалай балақай?” жобасы шеңберінде іс-шара өтті.
Жобаның ұраны:
“Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!”.

Іс-шараның — ата-ана, бала, педагог үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауының жемісі екенін бірден ұғынуға болады.

Бүлдіршіндердің бойына ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік қасиетті қалыптастыру мақсатында
жоба барысында “Текемет басу” , “Тұсау кесу”, “Бесікке салу”, “Құрақ құрау” дәстүрлері және ұлттық ойындарымыздың бірі — “Асық ату” көрсетілді.
Мектепалды даярлық тобының ерікті
аналарының бірі сәбиін бесікке бөлеп, бесік жырын айтты.
Анамыз “ Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялында сақталып, ананың мейірім-шапағатын арттырады” — дейді.
Сонымен қатар балалардың сөздік қорын дамыту және қазақ тілін оқыту,
ата-аналармен байланыста болу үшін жасалған мобильді стенд кітапшасы таныстырылды.
Бұл кітапша арқылы ата-аналар балаларына қазақ ертегілерін оқып, әндерін қосып бере алады.
Іс-шара бүлдіршіндердің “Үйшік” және “Бауырсақ” ертегісі қойылымдарымен аяқталды.

Жоба жетекшісі әрі балабақшаның меңгерушісі Зипарова Гульнара Ахметжановна
“Біздің басты мақсатымыз: Қазақ тілі мен дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті қазынамыз. Бүлдіршіндерді ата-бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге,
дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету,
педагог пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту” — дейді.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының міндеті»- деп нақты атап, көрсетіп берген еді.
Халқымыздың тілін, салт-дәстүрін, ұлттық ойындарын құрметтеп, қолдап, дәріптеп жүрген жобаның мерзімі ұзағынан болсын деп тілейміз.

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Амангелдіқызы

12 комментариев

  1. Түбекбай Жазира Абдуғалымқызы

    Бұл ауқымды жобаны қолға алған жетекші Гульнара Ахметжановнаға біз ұжымның атынан алғыс білдіреміз. Ана тілімізде бүлдіршіндеріміз сөйлеп , туған елінің салт дәстүрін біліп жүрсе, ол біздің жеңісіміз деп білемін. Ата -аналар жұмыла ат салысып, көріністерін көрсетіп бір сәтте педагог кейіпіне енді.Өзге тілдің бәрін біл- өз тіліңді құпметте, деген ұран , осы ұжымды биік белестерге жетелейді деген ойдамын.

  2. Біздің балабақшада біздің басшылық қандай тамаша бағдарламаны жүзеге асырды
    балалар қазақ тілін әртүрлі бағытта оқиды
    үлкен рахмет

  3. балабақшада жүзеге асырылған жоба үшін рахмет
    Менің балаларым тілімізді осылай үйренуге қатты қызығады

  4. Осыған атсалысқандардың барлығына алғыс айтқым келеді
    66-балабақша адам танымастай өзгерді
    біздің сүйікті балабақшамыз

  5. Всем спасибо за такую организацию изучения казахского языка. Детям очень нравиться . Очень хороший детский сад. Всем педагогам спасибо за наших деток. Дети с удовольствием ходят в садик и занимаются.

  6. Александра

    Здравствуйте, программа которую организовали очень интересная
    Если пройтись по саду, то попадаешь в сказку
    Такие яркие и красивые коридоры, все сделано для развития детей , все доступно. Спасибо за заботу о наших детях

  7. Всем Здравствуйте) Наш сад самый лучший по городу. В садике всегда придумывают что-то новое и интересное))) Дети с удовольствием ходят в садик. Кабинеты по разным тематикам разделены и украшены разными играми и тд. Коридор это вообще что-то очень классное , сделано всё с душой и всё для развития детей. Всем спасибо за заботу и любовь к деткам))))❤️

  8. Очень хороший детский сад
    Хороший педагогический состав
    Грамотная и современная заведующая 👍
    Нам нравится все больше и больше

  9. балабақша меңгерушісі бастаған ұстаздар қауымы әзірлеген бағдарлама тамаша

  10. Дариға Медетқызы

    Очень интересная программа,с актуальной темой » изучением казахского языка» ведь дети наше будущее 👍👍👍

  11. Әйгерім

    66 балабақша керемет балабақша! Тәрбиешілеріміз Рукиям Зейнавдуновна мен Нургуль Камымовна өте мейірімді, білікті мамандар. Бала-бақшаға келгелі қызымның тілі шығып, көпнәрсе үйренді. Бұл бағдарлама өте керемет👏👏👏 қазақ тілін үйретуде көмегі көп…

  12. Как мы рады,что попали в этот сад )))
    С каждым днем педагоги группы стараются вложить все свои силы в развитие наших детей
    Детский сад меняется с каждым днем в лучшую сторону

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.