Астана қаласы
«Арт-терапия басым бағыттағы
№45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
Екайбаева А.Ш.
(А.Қалаубаеваның орындауындағы әні көбелектер) қыздар муз залға спорт залдың есігінен билеп шығады да төрт нүктенің үстінде тұрып билейді соңынан ұлдар аралар дзылдап билеп шығады қыздардың жанына келіп тұарады.
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қайырлы күн, аяулы аналар – ару қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 — наурыз халықаралық әйелдер күні келді.
Құрметті ата аналар балаларымыздың «Ару ана» атты ертеңілігіне қош келдіңіздер!
Балалардың орындауында көктем әнін қабыл алыңыздар.
1.Ән: Көктемде
Көктемде, көктемде
Дала құлпырады,
Көктемде, көктемде
Құстар ән салады.
Чик- чирик, чик- чирик
Құстар ән салады.
Көктемде, көктемде
Гүлдер бүр жарады,
Көктемде, көктемде
Гүлтередібәрі.
Ля- ля- ля, ля- ля- ля
Гүлтередібәрі.
Көктемде, көктемде
Күн нұрын төгеді,
Көктемде, көктемде
Күнбізге күледі.
Ля- ля- ля, ля- ля- ля
Күнкүледібізге.
Балалар бір қатарға тұрып орындарына отырады.
Ал алғашқы өлең шумақтарын аналарға жолдаймыз
- Тақпақтар
Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де! ЕлханАна- біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз! Азима
Мен анамды жақсы көрем ,
Айтқан тілін алып жүремін.
Қасымда анам жүргенде ,
Шаттанып – ойнап күлемін ! Батыр
Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі. Еркежан
Құрт пен майын жинаған
Балаларға сыйлаған.
Бұл әжемнің өмірі-
Таусылмайтын жыр маған. Әмір
Шын жүрекпен, қара сөзбен ,
Ана жайлы айтайық,
Мейірі мен шаттығына
Мәңгі біздер тоймайық Дияна
Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді. Әділ
Жүргізуші: Өте тамаша балалар аналарымызды жақсы көреді екенсіңдер.
Ендеше көктем аруын шақырайық.
3.Көктемнің кіруі:
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп жеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Басына тал еккенмін.
Шуағын төгіп әлемге
Жылуын күннің әкелдім
Жүргізуші: Амансың ба, Ару көктем!
Ұлан байтақ елімізге хош келіпсің!
Қар еріп, құстар ән салып, жәндіктер оянып, бәйшешек гүлдер шыға бастады. Адамдарға қуаныш сыйлайтын көктем мезгілі де келді.
Көктем: Көбелектермен аралар менен бұрын келген екенғой? Қандай әдемі болып құлпырып кеткенсіңдер. Ал сендердің аналарың қайда? Бүгін аналардың мерекесі. Алыстан сендердің ән, тақпақ айтып жатқан дауыстарңды естіп, көңілдеріңді көтерейін деп келдім. Үш ай бойы енді сендермен болам. Бірақ балалар сендердермен ойын ойнағым келіп тұр.
- Ойын: «Орамалдарды жуып жайу»
Көктем: Қандай керемет. Көп — көп рахмет балалар сендерге.
(осы кезде көктемнің телефоны шақырады)
Көктем: Ало, тыңдап тұрмын….Көбелектер мен аралар оянып балаларын таппай жатыр дейсіз бе? Жақсы, оларға көмектесейін. Қазір келемін. Балалар сендер аналарыңнан бұрын оянып мерекеге келіп алғансыңдарма? Аналарың сендерді таппай жатыр екен. Мен барып аналарыңды осында жіберейін. Аналарыңмен бірге қауышыңдар.Құрметті қонақтар мерекелеріңіз құтты болсын. Сау болыңдар.
Жүргізуші:Балалар қалай ойлайсындар бүгін қандай мереке? (8-ші наурыз)
Балалар ең асыл жан кім?\Ана\
Қызығыңда, бұзығында көтеретін кім? \Ана\
Үнемі жанында періштедей қорғаштап, демеу беретін кім? \Ана\
Сонымен бүгін қандай мейрам? \Аналар\
Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келеме? \ Иә \
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі,
Мейірімді ғой керемет. Аналарға арналған әнімізді қабыл алыңыздар.
(балалар жартылай шеңберге тұрады)
5.Ән: «Ана деп ән салам.»
Қуанышым данашым,
Асыл ардақ анашым.
Сен жанымда жүргенде
Күлімдейді бала шын.
Қ-сы:
Ана, ана, ана деп жыр салам,
Мама, мама, мама деп ән салам.
Анашым-ау, мамашым-ау,
Бізге қамқор панасың-ау.
Қолқанат боп әрдайым,
Қасында мен жүремін.
Нұр ойнаған жүзіңнен
Мейірімді сеземін.
- Әдемі әуенмен көбелекпен ара ұшып келіп билеп жүріп отырған балаларын құшақтайды.
Көбелек- сәлемтсіздерме қонақтар көктем мерекесі құтты болсын.
Ара- қар еріп, жер кеуіп, күн жылынып күн нұрын шашты, біз жәндіктер тіршілік ете бастадық.
Көбелек-біз балаларымызды іздеп таппай жүрсек сендер осында екенсіңдерғой құлыншақтарым менің… көңіліміз орнына түсті.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер ара көбелек төрлетіңіздер, сіздер уайымдамаңыздар, балаларыңыз сіздереге тамаша би дайындап қойды.
- Би: «Көбелектер» қыздар
- Тақпақтар
Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз. Жансая
Ана деген не деген
Ақ тілеулі жан еді.
Алғысын алып оның мен
Өсе бергім келеді. Қ. Амир
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төр бөліп,
Түнде бесік таянған
Аялы қолды анажан. Амиралі
Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда. Томирис
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай. Асия
Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін. Хан
Шай қайнатып келейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті жан әжем. Нұрасыл
Жүргізуші: Кел балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық,
Көңілді бір көтеріп
Мерекені тойлайық!
- Би: «Аралар» ұлдар
- Ойын: «Қыздарды әшекейлеу» аналармен
- Ән: «Әжемнің шайы»
1.Мен барған сайын,
Дастархан дайын.
Қояды құртын,
Тосады майын.
Қ-сы:
Ля-ля-ля-ля,
Әжемнің шайы.
2.Тұрады жайнап
Құманы қайнап
Қалампыр сеуіп
Қатады қаймақ.
3.Дейді әжем шайдың
Татып көр дәмін.
Шынында шайдың
Біледі бабын.
Жүргізуші: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Бүгінгі аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, әлемнің жарығын сыйлаған — анамыз емес пе?
Тәрбиеші: Ендеше құрметті ата аналалар келіп назар аударғандарыңызға рақмет!
asem_8611@mail.ru