Елубаева Айтбала Зейноллавна,
Астана қаласы әкімдігінің
№55 «Қарақат» балабақшасының тәрбиешісі
Ойын арқылы балалар өздерін қоршаған дүниені таниды, білім алады. Балалардың ойын барысында достарына деген көзқарас қарым қатынастары, мінез құлықтары, ақылы қалыптасып жетіледі. Мұндай жағдайда баланың жан жақты қалыптасуы үшін балабақшада педагогтар, үйде ата аналар ықпал етіп оларды ойыншықтармен, жақсы атмосфера мен, жақсы жағдай жасауы керек. Балалар ойын кезінде сол ойын мазмұнын өздері кешіп жүргендей сезініп қуанып, ренжіп те қалады, көмек керек кезде бір біріне көмектесіп те жатады. Кейбір балалар тек өзін ғана ойлап өзіне ғана жағдай жасайды мұндай жағдайды байқағанда үлкендер ол балаға кеңес беріп топпен ойнауға көмек қолұшын беруге тәрбиелеп ықпал ету керек. Баланың әрбір жақсы ісін, көмегін қолдау көрсетіп үлгі тұтып отыру керек. Әсіресе кіші топтың балалары ойын кезінде айналадағы заттарды салыстырып оларды қасиеттеріне қарай ажыратып танып біледі. Олар осы ойын арқылы өз тобының жасындағы бағдарламаның міндетін меңгереді. Балабақшадағы педагогтердің негізгі алдына қойған мақсаты ол: балалардың ойлау қабілетін арттыру, ұжым болып бірігіп шешім қабылдауға, олардың ойлана білуін, топта жұмыс жасап көшбасшы бола білуін жетілдіріп дамыту. Ертеде дана аталарымыз баланы ойын өсіреді деп бекер айтпаған олар ойын үстінде ойланып, көңілдері өсіп, ойы өсіп, денесі шымырланады. Ойын ойнамай жеке дара отыратын баланың дамуы болмайды және ол бала ашылмайды. Баланың жетелеп оны топқа қосып, бір түймедей жасалған көзге көріне бермейтін жақсы ісін таудай ету көрсету педагогтың міндеті және оны жетелеп жүріп бойындағы жақсы мінездерін жақсы қабілеттерін ашу керек. Сондықтан әр ойын баланың жас ерекшелігіне сай болуы керек. Ойын мақсатын бала түсініп сол мақсатқа жету керек екенін түсіну керек. Және балада сол алдындағы мақсатқа жетуге деген құлшыныс болады. Ойын педагогтың жетекшілік етуімен және өз қалауынша ойнағаны дұрыс. Сондай ақ ойын түрлері алуан түрлі болуы өте маңызды. Бала өзі ойнап өзі әрекет жасап мақсатына жету керек, ал біз үлкендер соған тек көмек көрсетіп жағдайын жасап бақылаймыз. Кіші топтарда педагог өзі ойынға кірісіп баламен бала болып араласуы қажет, ойын соңында заттарды, ойыншықтарын жинақтап орындарына қоюға дағдыландыруы маңызды. Балалардың бойына ұлттық салт дәстүрді сіңіру үшін ұлттық ойындардың маңызы зор, сол кезде баланың ұлттық сана сезімі, мәдениеті қалыптасады. Қазіргі заман талабы: әлемнің бейнесін қабылдай алатын, креативті таныммен қарым қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын адамға айналдыру. Оқыту және тәрбиелеу процесінде әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып, балалардың интеллектуалдық қабілетін арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Ойын — сабақтардың көмегімен педагог білімді беріп ғана қоймай сонымен бірге балаларды ойнауға үйретеді. Мысалы дидактикалық ойындар балалардың креативтік қабілеті мен қарапайым математикалық түсініктерді, баланың сөйлеу қабілетін, айналадағы қоршаған әлеммен таныстырып, сенсорлық мәдениетті дамытады. Балалар ойын мақсатын түсіне білсе олардың соған қарай білімдері тереңдей түседі. Сондықтан педагог әр ойынды әр оқу қызметін дұрыс жоспарлап дұрыс мақсат қоя білуі басты орында. Ұжымда топта ойнаған балалардың бір біріне деген қарым қатынастары жақсы қалыптасады. Балалар топтан топқа өскен сайын балалардың алдына қойылған мақсаттары да күрделене түседі. Балабақшаларда жаңа технологияны, жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады. Болашақ жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет. Ойын арқылы оқыту баланың өздігінен оқуға тырысуы сын тұрғысынан ойлауды, оқудың компьютерлік технологиясын игеруді, балалардың жан дүниесін түсінуді талап етеді. Тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы балабақшадан басталады. Бала біздің ертеңіміз, жалғасымыз. Ойын арқылы күтетініміз: Балалар жан жақты дамып біздің игі істерімізді жалғастырушы әлемге танитын нағыз ойлаушы, мақсатына жетуші патриоттары болса деп тілейміз.