Нурсеитова Нуршат Зеитхановна,
Астана қаласы әкімдігінің
№87 «Қадыр» балабақшасы тәрбиешісі
Тәрбиеші мамандығы ең бір көне мамандықтың бірі, ол Ежелгі Грекияда пайда болған. Ол кезде ол балаға қараушы ретінде деп аталған, оның міндеті –бала өміріне жауап беру және оны дамыту болған. Сол заманнан бері мыңдаған жылдар өтті, бірақ тәрбиеші қызметі өзінің мазмұнын жоғалтпады. Ал, қазіргі тәрбиеші қандай оның мамандығының негізгі ұстанымы неде дейтін болсақ — ол баланың анасынан кейінгі ең жақын адамы.
Бүгінгі таңда тәрбиешіге қойылатын талап өте жоғары- ол жоғары кәсіби маман, білгір жетекші, әртіс, суретші, көркем тілді ертегіші, баланы оқыту мен дамытудың жаңашыл тәсілдерін меңгерген маман. Сондай-ақ тәрбиеші бала сеніммен қарайтын, үнемі көмектесе білетін ертегілер, мен ғажайыптар еліне жетелейін білгір қамқоршы.
Мен тәрбиешімін. Мен өзімді бақытты санаймын, өйткені мен тәрбиешімін. Күнде таңертең тұрып мына керемет дүниені көрген сайын, осы біздің туған елдің, оның әсем табиғатын, табиғаттың ғажайып құбылыстарын, адамдар мен жануарлардың тіршілігін өмір деген ұзақ жолға аяқ басқан кішкене азаматтарға таныстырып үйрететін мен, яғни тәрбиеші.
Күнделікті балабақшаға барып балалардың күнәсіз, сеніммен қарайтын айнадай таза көздерін көргенде, еріксіз ойланасыз, мен не бере аламын, осылардың сенімінен шыға алу үшін не істеуім керек деген сұрақты өзіңе еріксіз қоясың. Сол уақытта барлық балаға деген махаббатың оянып мен барлық жақсыны балаларға берсем, олардың үлкен сенімімде болсам деген ой бар болмысыңды билейді. Қандай қызықты ойындарды тауып, балаларды өзіме тартып бар зейіні мен ойын, жадын дамытатын әдістерді қолданасың. Түрлі ойын материалдарын ойлап тауып, қолданыста жүрген ойындарға жаңа дем беріп, өзгертіп балалар жанына жақын ойын материалдарын қолдана бастайсың. Балалардың ойынға қатысып, ертегіні жандандырып, түрлі тапсырмаларға ден қойып орындаған сайын өз бойыңда шығармашылығың артып, күнделікті балалар өмірін ғажайыптарға, керемет көріністер мен ойындарға жетелейсің.
Енді бір балаларды қызықтыратын дамытатын ойындардың көп легі қимылды ойындар. Ойындарды түрлі материалдармен толықтырып әрбір баланың сол ойындарға белсене қатысып өз қимыл әрекетін ұштай түсуіне көмектесесің.
Қазіргі кезде біздің алдымызға қойған тағы бір үлкен мәселе балаларды ұлттық құндылықтарымен танысуына жол салу. Сондықтан Астанадағы ұлттық музейге балалармен барып қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетін паш ететін құнды материалдармен таныстырып олардың шығу тарихын балаларға түсіндіру арқылы өз ұлтын сүйіп, оның мәдениетімен танысып, тілін толық меңгеру арқылы бала бойына өз ұлтына, еліне деген үлкен мақтаныш патриоттық сезімінің қалыптасуына көмектесіп жетелеп келудеміз. Осы міндеттерді атқаруда тәрбиеші өз бойына төзімділік, мейірімділік, басқаға деген деген толеранттық, білімділік пен үлкен кәсіби шеберлік пен біліктілікке ие болуы шарт. Өйткені, оның алдында үлкен өмірге аяқ басқан, көзінде «көрсем, білсем» деген көзқарас, тәрбиешінің әрбір сөзіне сенуге дайын болашақ азаматтар отырады. Ал, ата-аналар болса өзіндегі ең қымбатты-баласын сеніп тапсырады. Ол деген тәрбиеші үшін үлкен жауапкершілік. Сондықтан тәрбиеші өз білімі мен педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіріп отырады. Тек қана алға жылжып, педагогика — психология ғылымының үлкен жетістіктерін халық педагогикасы туындыларымен астастыра отырып жүргізеді. Тәрбиеші білім беріп, біліктілігін арттырумен ғана шектелмей, балалар ортасында, үлкендер арасында қоғамдағы тәртіп мінезбен таныстырып сол ортада өмір сүруге дайындайды. Өйткені, ол тобындағы әрбір балаға жауапты.
Бала өмірдегі ең бір таза, күнәсіз, риясыз күлкісі мен сеніммен қарайтын әдемі көздер, тап-таза жүректер. Сондықтан мен оларға өз жүрегімнің бөлігін, махаббатымды, білімім мен шеберлігімді, бере отырып мына өмірге жетелеймін. Өмірден алдағы уақытта өз жолын таба білетін білімді, Отанын сүйетін, үлкен адамгершілікке ие тұлға тәрбиеленіп шығуына қосқан үлесім бар деп мақтанамын.
Сонымен менің ұстанымым неде? Тәрбиеші деген кім? Ол әрине ең бірінші адам. Ол біздің еліміздің болашағын қалыптастыратын тұлға. Сондықтан да мейірімділік пен адамгершілік, жауапкершілік тек қана тәрбиешіге ғана тән емес барлық адамдарға тән қасиет деп түсінемін. Сол асыл қасиеттердің дәнін адам бойына егушілердің бірі- тәрбиеші яғни менің мамандығым болғанына мақтанамын.
Қорыта келе, өз ойымды А.Макаренконың мына сөздерімен аяқтағым келеді:«Адамды бақытты ету қиын іс, бірақ ол өзін бақытты сезінетіндей етіп тәрбиелеуге болады».