Баяхметова Алмагүл Әскербекқызы
КМҚК №141 бөбекжай-балабақшасы
Педагог-модератор
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Судың пайдасы және қасиеттері»
«Таным» білім беру дағдысы.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Мақсаты: Балаларды судың қасиетімен, судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; балаларды қарапайым зерттеу әдістеріне тарту. Баланың сумен эксперимент жасау процесінде танымдық қызығушылықтарын ояту, суды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал — жабдықтар: су, стақандар , шприц,езілген бояу түрлері, қант,мұз,түрлі-түсті кәмпиттер,тарелка.
Тәрбиелік міндеті: топпен жұмыс жасай білуге, суға ұқыпты қарай білуге тәрбиелеу.
Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз судың қасиеттерімен танысуға арналады
Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (су)
Аяғы жоқ жүреді,
Сылқ-сылқ күледі. (су)
— Сендер су туралы не білесіңдер?
— Суды қайда қолданамыз?
Балалар бұдан қандай қорытынды шығаруға болады.
— Ия балалар сусыз тіршілік жоқ. Сендер дұрыс айтасыңдар,жануарларға да өсімдіктерге де су керек, оларды үнемі суғарып тұру керек.Өйткені олар сусыз өліп қалуы мүмкін. Ал адамдарға су тамақ істеуге, жуынуға, ішуге керек. Ешқандай тірі зат сусыз өмір сүре алмайды. Су – тіршілік нәрі. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 86 пайызы судан тұрады екен. Егер организмде судың мөлшері азайса, онда адам әртүрлі ауаруға шалдығуы мүмкін екен.
Енді сумен тәжірибе жүргіземіз.
Балалар алдымызда тұрған не?
1 — тәжірибе. Су түссіз. Бір стаканға сүт,бір стаканға су құйып,екеуіне де қасық салып көреді. Қайсы стаканнан қасық көрінеді,қайсысынан көрінбейтінін анықтайды. Тағы бір дәлелді көрейік,бір стакандағы суға гуашь бояуын қосайық. Не байқадық? Яғни,судың түсі түссіз,мөлдір болады.Оған тек қоспалар,бояулар қосқанда ғана өзгеретінін байқадық.
2 — тәжірибе Су иіссіз. Иіскеп көрейік. Иісі бар ма? Стакандағы суға ванилин қосып көрейік. -Не байқадық? Иісі өзгергенін байқадық.
3 — тәжірибе Су дәмсіз. Стакандағы суға қант салайық. Енді дәмін татып көрелік. Не байқадыңдар? Дәмі тәтті болғанын байқадық.
4 тәжірибе. Су тез сіңеді. Ыдыстағы гүлге су құю арқылы судың сіңгіш қасиетін байқаймыз.
Судың үш күйі болады
Балалар мен сендерге тағы бір қызық көрсеткім келеді.
(балаларға мұзды көрсету)
— Бұл не?
— Қолымызға ұстап біраз тұрайық. Не байқадық? -Мұздың ерігенін байқадық. Балалар, бұл судың қатты күйі екен. Ол қалайша қатты болды?
— Дұрыс айтасыңдар су өте суық жерде қатып мұзға айналады. Бұл судың қатты күйі.
— Енді мына стакандағы суды тәрелкеге құяйық.
— Бұдан не байқадық?
— Суды төгуге болады. Ол ағады, сұйық.
— Енді мына шәйнекке қарайық? Шәйнектен не шығып жатыр?
— Бу қайдан шықты?
— Яғни, суды белгілі бір температурада қайнатқанда буға айналады.
— Бұл іс — әрекеттен қандай қорытынды шығарамыз.
— Су қайнағанда буға айналып жоғалып кетеді екен.
«Тәтті кемпірқосақ» тәжірибесі.
mm dens тәттілерін тарелкаға тізіп,үстінен су құямыз.Тәтті ерігенде кемпірқосақ пайда болады.
«Стакандағы кемпірқосақ» тәжірибесі.
Төрт стаканды қатар қойып,оның біріншісіне бір ас қасық,екіншісіне екі ас қасық,үшіншісіне үш ас қасық,төртіншісіне төрт ас қасық қант саламыз. Үстіне үш ас қасықтан су құямыз да араластырамыз. Енді осы суға төрт түрлі гуашь бояуын қосып араластырамыз. Енді төртінші стаканнан бастап шприцпен сорып алып біртіңдеп, кезекпен басқа стаканға құямыз. Стакандағы кемпірқосағымыз дайын болды.
Оқу іс-әрекетін қорытындылау.
Балалардың су туралы мақал-мәтелдеріне ,тақпағына кезек беру.
- Су анасы – бұлақ,
Сөз анасы – құлақ. ( Амина)
- Су тіршілік көзі (Әлиасқар)
- Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – жанарсың.(Раяна)
Су ішкен құдыққа түкірме. (Бекасыл)
Суды шашпа, бекерге төкпе (Қаламқас)
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға бетіңді жу
Таза болсын әрдайым
Беті қолың,маңдайың.
Суды жақсы көреміз.
Тазалықты сүйеміз. — дей келе оқу іс-әрекетін аяқтап,суды үнемдеп пайдалануға және бұлақ,өзен,көлдерді таза ұстауға,ластамауға кеңес беремін.
Керемет! Еңбегіңіз жемісті болсын!
Жарайсыз Алма апай жумысынызга саттилик🌹 бииктерден коринн бериниз🌹
Алма апай, жұмысыңыздың жемісің көріңіз! Биіктерден көріне беріңіз! 🌹🌹🌹
Алма апай нағыз өз ісінің маманы.Балам Харун өте қатты жақсы көреді.Өте тәжірибелі,қазіргі дамыған білім әдістерін жақсы біледі.
Балаларға беріп жатқан тәрбиеңіз үшін рақмет ❤️
Балалардың жас ерекшелігі ескеріле отырып, сабақ жан-жақты, жүйелі,тиянақты өткізілген. Балаларды өмірге, күнделікті тұрмыс-тіршілікке тәрбиелеуде маңыздылығы өте жоғары. Тағлымы мол тамаша сабақ.
Керемет , мән-мағынасы бар деректер
Керемет! Шығармашылық ізденістермен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін 👏
Alma apai, ote jaqsy. Enbeginizdin jemisin koriniz.
Енбегиниз жана берсин оте жаксы такырып ,керемет ман магынасы бар 💞
Білдіршіндердің сана сезімін дамытудағы енбегін қуанышты да кызыкты болсын ! Денсаулық тілеймін ❤💕
Мұғалімнің үздіксіз дамуындағы кәсіби құзыреттілік деңгейі жоғары.
Сабақ барысында қолдануға арналған әдіс тәсілдері ерекше, өте пайдалы
Ерекше әдіс-тәсіл. Алмагүл Әскербекқызы , рахмет.
Оқу іс-әрекетін қортындылағаны, жалпы оқу іс-әрекетінің жоспары, мазмұны жоғары деңгейде 👍
Қазіргі кезде судың қадірін түсініп жатырмыз.сәбилерімізге ерекге оқу сабақ жоспарымен жеткізірюп, маңыздылығын артып жатқаныңыз үшін рахмет!
Еңбегінің жана берсін!
Кішкентай балалврға өте пайдалы ақпарат. Еңбегің жана берсін, біліктілігің арта берсін!
Видно , что высококвалифицированный педагог. Успехов вам 🥳
Сабақтың барысын оқып, өзім қатысқым келіп кетті. Жүйелі әрі оңтайлы, Алмагүл Әскербекқызы алғысымыз шексіз. 🌸🌸🌸🌸
Жарайсыз, еңбегіңіз алға баса берсін. Жоспарыңыз маңызды👍
Yer-ba@mail.ru
Еңбегіңіз жана берсін! Өте керек ақпарат екен
Өте пайдалы ақпарат, авторға мың алғыс!
Еңбегіңіз Жана берсін, сіз сияқты білімді,сапалы білім ұсына алатын ұстаздарымыз көп болсын!!
Жұмысыңызға сәттілік.
Алма Баяхметова өз ісін шын жақсы көретін педагог. Сондықтан жұмыстары тартымды, тиянақты, түсінікті әрі қызықты.
Мақала өте жоғары деңгейде жазылған. Судың адам өміріндегі маңыздылығы, құндылығы жөнінде айқын жазылған. Алмагүл апай, сәттілік тілеймін!😘
Алма апай сабақты керемет өткізеді.
Қатты ұнайды, күшті.
Алма апай өте күшті апай😍
Қатты ұнайды
Өте керемет,Алма апай жұмысыңызды өте тиянақты жасайсыз!Сізге тамсанамын.Жұмысыңызға ұқыпты қарайтыныңыз көрініп тұр!🌷🌷💐💐
Еңбегіңіз өрлей берсін! Керемет мақала, нағыз балаларға танымдық ақпарат береді екен. Сәттілік тілеймін ❤️
Алма апай Оз исинин маманы, балаларга берген тарибиениз ушин Рахмет,енбегиниздин жемисин коре бериниз!!!!
Алмагул Аскербековна, желаем Вам достижения больших высот в деятельности обучения детей. Спасибо за ваше умение обучать маленьких детей, за тепло и терпение. Знаем вас на протяжении 8 лет как грамотного педагога.
Керемет жазылған , еңбегіңізге табыс тілейміз , мақтауға тұрарлық Алма апай өз ісіне ұқыпты , тиянақты , мейірімді . Балаларымыз апайын өте жақсы көреді , биік биік асулардан асыңыз !!!
Алма апай өте керемет жан еңбегіңізге табыс тілейміз.
Жасыл желектей жайқалып өсіп келе жатқан жас өркеннің қоршаған орта байлығы — су, оның қасиеттері туралы дүниетанымын қалыптастыруда маңызы зор сабақ. Ғылыми мәліметтерге қоса, қазақ этнопедагогикасы мұраларын кеңінен пайдаланауы сабақтың жаңашылдығын көрсетеді. Ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан ұрпақ болашағы жарқын болмақ, осы жолда тынбай ізденіп жүрген Алмагүл апайларына шығармашылық шабыты өсе берсін дегім келеді
Алма апайды жаксы көреміз 🥰
«Алыстан Алаш десе, аттанамын! Қазақты қазақ десе мақтанамын, болғанда әкем қазақ, шешем қазақ, мен неге қазақтықтан сақтанамын», деп Ұлы Мағжан жырлағандай бұл сабақ әр қазақ баласы қиялын шабыттандырады деп ойлаймын
Алма апай жарайсыз🫶🫶Біліміңіз шындала берсин💪💪
Керемет екен, өте жақсы жазылған еңбек. Аларымыз көп. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Еңбегіңізге жеміс тілеймін!
Алма апай жарайсыз, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз🌹 Біздің балапандар сізді жақсы көреді🫶
Бұл нағыз шеберлік.Сіз сияқты ісінің нағыз маманы,өз жұмысына ұқыпты қарайтын педагог кем де кем.Сізді ешкіммен салыстыруға келмейді.Теңдесі жоқ ұстаз.Балалардың тануы терең болуы үшін қолыңыздан келгенін барлығын істейсіз.Өз жұмысына махаббатын осы жетістіктермен көрсек болады.Өте пайдалы,танымды ақпарат болды.Ісіңіз алға бассын💐❤️
Алма Аскербеккызы, жумысыныздын жемисин кориниз, осип келе жаткан балапандарга берип жаткан талим-тарбиенизге мын алгыс!
Жумысыннын жемисин кор,исын алга баса берсын!!
Алмагүл Әскербекқызы Сізге алғысымыз шексіз, Балаларымызға ауқымды іс- шара өткізіп білім беріп, тәрбиелеп жатқаныңызға. Еңбегіңіз жансын.
Алма апай қандай керемет!
Еңбегіңіз жаңа берсің, жұмысыңызға табыс, балаларды тәрбиелеуде қажымас қайрат тілеймін.