Home » Мақалалар » Азаматтық ерлік пен жауынгерлік ерлік бір негізден тарайды

Азаматтық ерлік пен жауынгерлік ерлік бір негізден тарайды

Атанбекова Жанат Турсынбаевна
Түркістан облысы  Қазығұрт ауданы
Қ.Сатпаев атындағы мектеп -лицейінің
биология пәнінің мұғалімі

Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды демекші Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тумасы Жақыпбеков Абдуғаппар Тұрғынбекұлы, Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің тарих және география пәнінің ұлағатты ұстазы еді. Атап өтетін болсақ Абдуғаппар ағайымыз сабақ берген сынып оқушылары “Қазақстан тарихы”, “Дүниежүзі тарихы” бойынша әр жылда ҰБТ-да жоғары ұпай жинады. Шәкірті өзінен озған ұстаз — еңбегі ақталған ұстаз.

Мектепте жас ұрпаққа біліммен, әрбір сөзімен, іс-әрекетімен оқушыларға, әріптестеріне үлгі бола білді.

Абдуғаппар Тұрғынбекұлы — Ауған соғысының ардагері. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған, сын сағаттарда отан алдындағы интернациалдық борышын атқарып келген азаматтың бірі. Ерлік көрсету қазақтың қанына жазылған. Ауған соғысында Абдуғаппар ағайымыз талай ерлік көрсеткені үшін, кеудесі мемлекеттік ордендер мен медальдерге толы. Біз ол кісіні әрдайым мақтан етеміз.

Әрдайым оқушыларға жауынгерлік жылдарынан естелік ретінде оқушылар арасында, мылтық атудан түрлі жарыс өткізіп, облыстық, республикалық деңгейде қанжығасына жүлделі орындар иеленіп жүрді.

Бүгінгі бақытты өмірге жеткеніміздің өзі аға ұрпақтың ардагерлеріміздің арқасы. Осыншама жыл өтседе ешкімде, еш нәрсе де ұмытылмады, өйткені сұрапыл соғыста жауынгерлер жеңіс сағатын минуттап күтті. Сол қасиетті жолда қаншама боздақтар қыршыннан қиылды.

Соғыс әр адамның жүрегіне жара салған. Жауынгерлерге құрмет көрсету- біздің қасиетті парызымыз.

7 комментариев

  1. Әбекең өте шыншыл өз жұмысына адал жан еді. Ондай адам кемде-кем. Ол кісінің орны бөлек. Шәкірттері үшін уақытпен санаспай жұмыс жасайтын ұстаз, ұстаздардың ұстазы болған, өте керемет адам еді. Қалғандардың барлығы жоғарыда жазылғандай.
    Ер есімі, ел есінде!!!

  2. Елназым

    Менің әкем маған тек әке ғана емес мұғалім,тренер бола білді.Әр салада өзін көрсетіп жүрген жан.Ауданымыздың атын облыстық және республикалық жарыстар деңгейіне жеткізіп, келе жатқан ұрпаққа патриоттық тәрбиені сіңіріп келді. Әліде Жақыпбеков Абдуғаппар Тұрғынбекұлы атындағы мергендер үйірмесі мектебіміздін ғана емес ауданымыздын да атын шығарып,биіктерден көрінеді деп сенемін.❤️

  3. Жансезім

    Әбдіғаппар ағайым өте сабырлы, еңбекқор, өте шыншыл адам еді. Ешқандай оқушыны бөліп жармай барлық тілеуін бірдей орындап бірдей жақсы көрді🥹 Өзінің жұмысына адал бола білді. Абдик ағай маған тренер ғана емес ағай да ағамдай адам болып кетті. Мені әрдайым сабырлылыққа,шыдамдылыққа және жарыста ешқашан берілмеуді үйретті.
    Ағайым көмек керек кезде ешқашан жалғыз тастап кетпеген әрдайым бар ақылын айтып көмектесіп жүретін🥹 Ағайдың сіңірген еңбегін оның шәкірттері әліде мақтана әрі биіктерден көрсететініне сенімдімін.

  4. Абдығаппар Тургынбекович өте керемет тарих пәнін ұстазы еді.Ол кісіден білім алған ,тәрбие көрген шәкірттері еліміздің дамуына үлесін қосып,ұстаз сенімін ақтауда.Өзі өмірден өткенімен,жарқын бейнесі сақталады.
    Аспаннан ағып түссе бір шоқ жұлдыз,
    Мұнаяды аспандағы бар жұлдыз.

  5. Абугаппар Тургунбекович преподавал нам историю и географию, и с тех пор я очень углубленно начал изучать историю Казахстана и мира, и так же после окончания школы хотел стать археологом, и преподавать уроки истории, он васпитал нас хорошим человеком, я очень уважал его относился к нему как к своему отцу, а так же был не только моим классным руководителем но и тренером по пулевой стрельбе, при его руководстве я несколько раз стал районным чемпионом, и двух кратным чемпионом области по пулевой стрельбе, я первый поток группы спортсменов который он тренеровал, когда то я ему обещал что на 20 летие окончания школы я подарю пару спортивных винтовок для школьного кружка по стрельбе, жаль он не смог дождаться этого времени, никто не вечен, покойтесь с миром Ағай, помним и скорбим. Ваш 11 Д класс будет всегда помнить о Вас.

  6. Абдугаппар Тургунбекович был самым замечательным человеком и классным руководителем, он нас многому научил, мне нравились его уроки, и его добрая улыбка, он нас смешил, мы его уважали, спасибо вам наш дорогой и любимый учитель.

  7. Гаухарбек

    Әбдіғаппар бауырымыз ұлағатты ұстаз сонымен қатар қосымша жұмыстарды мықты атқарды мылтық ату сайысынан қаншама жарыстарда алдынғы қатардан бой көрсеткен, кез-келген істі жауапкершілікпен атқаратын, ешкімді бөліп жармай барлық адаммен жақсы қарым қатынас жасайтын, ақкөңіл адамгершілігі мол, мейірімді жан еді. Ауған соғысының ардагерлері арасында абыройлы беделді азамат еді Өз отбасында үлгілі әке, адал жар бола білген.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.