Home » Мақалалар » «Мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістік даму ортасын ұйымдастыру»

«Мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістік даму ортасын ұйымдастыру»

«Өрлеу»біліктілікті арттыру орталығы Алматы қаласы бойынша кәсіби даму институты тыңдаушылырына

КМҚК №76 бөбекжай балабақшасында

«Мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістік даму ортасын ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.

 Бұл семинар көшпелі тәжірибелік тақырып бойынша: «Ұйымның заттық-кеңістіктік даму ортасының сапасын бағалаудың құралдарын сынақтан өткізу» туралы болды.

Курстың жетекшісі: Аға оқытушы пед.ғ.кандидаты: А.А. Маханбетова

Алматы қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілері 25 курс тыңдаушылары қатысып іс-тәжірбие  алмаса отырып бағалады.

Балабақшадағы заттық-кеңістік ортасының сапасын бағалай отырып балалардың өз бетімен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін КМҚК №76 бөбекжай-балабақшасындағы заттық дамытушы ортасында:

  • ойын зонасы; • оқшаулану зонасы;
  • заманауи ойыншықтар;
  • дамытушы ойындар;
  • дидактикалық және көрнекі материалдар;
  • өнімді іс-әрекеттерге арналған материал;
  • шығармашылық іс-әрекет үшін атрибуттар;
  • эксперимент жасау бұрышы;
  • табиғат бұрышы;
  • логопедиялық бұрыш;
  • фонотека, видеотека;
  • спорт құралдары мен жабдықтары және т.б.

Топтық кеңістік шартты түрде үш зонаға бөлінеді:

— тыныш: оқу, «оқшаулану», кітап бұрышы;

— орташа қарқынды: театрланған, музыка, құрастыру зонасы;

— қарқынды қозғалыс зонасы: спорт бұрышы.

Топтар кеңістігі аясында шартты түрде баланың барлық

қызығушылықтарын қамтитын ойын және тақырыптық зоналарды атап

көрсетуге болады:

— танымдық даму зонасы (оқу); шағын-зертхана (қызықты математика,

сөйлеуді дамыту, ғарыш), мұнда энциклопедиялар, ойынхана бар;

— көркем-эстетикалық даму зонасында сурет салу, балаларға арналған

көркем әдебиеттер, музыкалық аспаптар, шығармашылық «қабырға»,

декоративті-қолданбалы өнер туындыларының үлгілері және т.б. бар;

— «зертханада» тәжірибе өткізуге арналған материалдар бар;

— театрланған зонада әртүрлі театр қуыршақтары, маскалар, декорациялар,

ширмалар бар;

Осындай заттық дамытушы ортасын жасау бойынша пікірлер алмасты. Балабақша тәрбиешілері  «Балаларды жан-жақты дамытудың инновациялық әдіс- тәсілдері»тақырыбында  шебер –сынып өткізді.

Алматы қаласы
Алатау  КМҚК №76 бөбекжай-балабақша
меңгерушісі Кубекова Гулжария Абдикеримовна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.