Home » Мақалалар » Музыка пәнінің оқушы өміріндегі алар орны

Музыка пәнінің оқушы өміріндегі алар орны

Тасбауова Саулеш Талипбаевна
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы
А. Байтұрсынов атындағы
ЖББ мектебі
музыка пәнінің мұғалімі

Қазіргі таңда, бүкіл ел болып, онлайн білім алу әдісімен дәріс алуда. Басқа пәндермен қатар, музыка пәні де онлайн өтуде. Мен өзім, музыка маманы ретінде, шәкірттерімді музыка әлеміне саяхаттауға шақырамын. Өздерін сыныптағыдай күйде сезіндіруге тырысамын. Сабақты бастамас бұрын өзіме жоспар жасап аламын. Бұл жоспар байырғы бекітілген жоспардан ерекшелеу. Ерекшелігі неде? Берілген аз уақытта шәкіртке музыка пәнінің  тәрбиелік мәніне басты көңіл бөлу. Сабағымда ойын технололгиясын қолдану арқылы шәкірттерімнің қызығушылығын арттыруға тырысамын. Қазіргі қоғамды дамытудың ғаламдық факторы білім мен ғылым болып табылады. Ал  сол  ғылым мен білімнің ішіндегі музыкалық білім беру жүйесі жас ұрпақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсуі үшін ең жоғары мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады. Еліміз егемендік алып, аз шаңырағымызды тінтеген тұста ұлттық өнерімізді, мәдениетімізді жаңғыртып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу міндеті қойылған біздің алдымызға. Мектептерде музыка пәнін оқыту жүйесіне өзгерістер енгізіп, әдістемелік жинақтар, шығармашылық ізденіспен дамып келеді. Ал музыканың тарихи заңдылықтарын зерттеген Әбу Насыр Әл Фараби:

«Оның дүниеге келуіне табиғи және сезімталдық қасиеттер әсер етті»-деп жазды. Демек Шығыстың ұлы ойшысы тұлғаның рухани жаңаруын яғни оның педагогикалық мүмкіндіктерін бөлшектеп  оқып-білу музыканың негізі боларлықтай міндет деп есептейді.

Оқушылардың эстетикалық талғамын қанағаттындыра отырып, олардың музыка өнері жөніндегі түсінігін кеңейтуде музыка сабағының маңызы зор.

Қазіргі таңдағы онлайн оқыту әдісіне жаңа көзқараспен  қарау керек деп есептеймін.

Көрнекті педагог В.Сухомлинский:Өнер-өнегелі,ақылды,адамдарды тәрбиелейтін құрал-деген.

Музыка ырғағы кез келген шәкірттің сана түйсігі арқылы ойлау, қиялдау, елестету сияқты әдістерді  дамытуына өз септігін тигізері хақ. Музыка-адамзаттың рухани азығы,жан серігі. Ол нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына септігін тигізеді.

Жас өспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, эмоциялық сезімталдығына  қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне музыка сабағының алатын орны ерекше.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.