Home » Мақалалар » Адамның бақыты – балада

Адамның бақыты – балада

Таджиханова Айзада Ержанқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№36 «Балапан» балабақшасы тәрбиешісі

«Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің» демекші кішкентай бүлдіршіндер жүрегіне халқымыздың ең асыл құндылықтарын ұялата білу балабақша мен ата-ана арасындағы байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – баланы айналаны тану, сезіну, қабылдау, түсін таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ортасы мектепке дайындау. Тәрбиенің алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Халқымыздың даналығына құлақ ассақ «Адамның бақыты – балада» деген екен. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз осыдан қалса керек. Сондықтан баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланысы болуы маңызды. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуын, ержетіп, азамат болуына өнеге беретін – ата-ана. Ананың, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойында ұстамдылық, кішіпейілдік, нәзіктік қасиеттер қалыптасса, әке қамқорлығы арқылы еңбекқорлық, батылдық, табандылық қасиет қалыптасады. Балабақша мен отбасындағы ынтымақтастықты біріктіре отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту. «Баланы өмірге икемдеуде ата-ананың тәрбиелегені жақсы, ал өнерге баулуда кәсіби маманның көмегіне жүгінген жөн» дегендей, баланың тәрбие, үлгі алатын алғашқы ұясы -отбасы ортасы, ата-анасының жылы құшағы. Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады. Ата-анасы үйді таза ұстап, өздерін күте білсе, жақындармен сыпайы қарым-қатынаста болса, жақсы кітап, кино шығармалар жайлы әңгімелеп отырса баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ. Отбасы-бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын. Қазіргі кезеңде қоғамда білімді де білікті ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп өскен, жаңа адам тәрбиелеу міндетті тұр. Сондықтанда да балаға кішкентайынан дұрыс тәрбие беріп, инабатты, адамгершілігі мол, иманды ұрпақ тәрбиелеуге ата-анасына да, тәрбиешісіне де үлкен жауапкершілік жүктелді. Отбасында адамгершілік тәрбиесі үлкен рөл атқарады. Ата-ана — баласының алдында үлгі. Баланың адамгершілігі мол жеке тұлға болып қалыптасуы ата-анаға, оларға берген тәрбиеге байланысты. Отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала этно — мәдени білім мен тәрбие алары анық. Отбасы тәрбиесі арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруда қазақ халқының ағартушы ғалымдары
А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов,
Ш. Құдайберді еңбектерінің орны ерекше. Баланың отбасынан кейінгі сүйікті мекені, екінші ұясы — балабақша. Ата- аналар баланы өздігінен әрекет ете бастаған кезден бастап балабақшаға бергені жөн. Отбасында балаға барлық жағдай жасалғанымен, өзі қатарлас балалармен қарым-қатынас жетіспейді. Бала өзінен басқа да балалардың бар екенін көріп, олармен тіл табысып, олардың қызығушылығымен санаса білуі қажет. Бала — кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы өзін қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып-білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ. Оқу ісінің сәтті болуы сәбидің балабақшада, отбасында алған білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Олай болса, балғын бөбектерді әдептілікке, достық пен бауырмалдыққа, туған өлкесі мен Отанына деген сүйіспеншілікке, оның ой-өрісін, сана-сезімін, өмірге қажетті білік-дағдыларын кеңейтіп дамыту — тәрбиеші, педагогтар мен ата-аналардың ортақ ісі. Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам — оның ата — анасы. Ал, ең әдемі де жарық үй — оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орны ерекше. Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау». Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу. Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау. Баланың әр бір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу.
Қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы — балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр бөлімдері арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде халық ауыз әдебиеті ішінен жиі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс әрекеттерінде пайдаланады. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз. Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты жақсылыққа баулу -тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш — жігер алдымен бүлдіршіндерді Отанды сүюге тәрбиелеуге бағытталады. «Ата — ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата — ананың да қадірін біледі»
Ол үшін өз халқының дәстүрін, мәдениетін, өнерін тілін қадірлеуді ата — ана және ұстаз болып үйретуіміз керек.

20 комментариев

  1. Қаламқас

    Жақсы мақала екен

  2. Керемет 😍

  3. Жузимгул

    Айзада, ұстаздық қызметіне сәттілік, жаным! 🤲

  4. Дұрыс айтасыз- тәлім тәрбие ұядан басталады. Керемет👍👍👍👍👍

  5. Гулбагдат

    Керемет макала 👍👍👍

  6. Айгуль Султанбековна

    Тамкша жазылған 😘🌹🌹🌹Өркенің өссін

  7. Диана Жамбылқызы

    Қосыламын! Тәрбие — тал бесіктен👍🏽👍🏽👍🏽😘

  8. Бала біздің болашағымыз! Керемет мақала👍

  9. Жақсы мақала

  10. Өте керемет! Сәттілік

  11. Татьяна

    Умница! Хорошие мысли!

  12. rausanerkebaeva76@gmail.com

  13. Керемет! Дұрыс айтасыз! 👍🏻👍🏻👍🏻

  14. Кульасия

    Өте орынды жазғансыз!!! Еліміздің кірпіші-әр отбасы, әр жеке азамат!!! Тәрбиелі ұрпақ-болашақ кепілі!!!

  15. Ауескуль

    Сәттілік тілеймін!

  16. Жарайсың! Сәттілік!

  17. Гульмира

    Жақсы ой жазылған мақала екен!
    Керемет! Сізге сәттілік тілеймін!

  18. xadisha1973@mail.ru

  19. Керемет! Іске сәт!

  20. Болашағымыздың тұғыры — болашақ ұрпағымыз саналы, білімді болсын. Оның тізгінін ұстаған ұстаздарымыздың еңбегі жана берсін, Алла берекелі етсін! Әрдайым жетістік тілеймін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.