Home » Мақалалар » Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы

Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы

Асылбек Фатима,
Астана қаласы әкімдігінің
№36 « Балапан» балабақшасы
педагог-психолог

Отбасы мен балабақша біздің болашағымыздың бастамасында тұрған екі үлкен қоғамдық институттар. Алайда әлі күнге дейін толыққанды  түсінісе алмай оған  шыдамдылық пен әдептілік жетіспей келе жатқаны жасырын емес.  Отбасы мен балабақша арасындағы түсініспеушіліктің бар ауырлығы балаға түседі. Көптеген ата- аналар баласының балабақшада қалай тамақтанғанын ғана сұрап, балабақша- ата-ананың жұмыста болған кезде балаға қарап, бағып, қағатын орын деп ойлайтындығы құпия емес. Педагогтардың осындай ата- аналармен өзара қарым-қатынасында қиыншылықтар туындап қалатын кездер болады.
Осындай жағдайды қалай өзгертуге болады? Ата- ананы бірлескен жұмысқа қалай жұмылдыру керек? деген сауалдар туындайды. Балабақша отбасының орнын ала алмайды, ол тек өзінің ерекше функцияларын орындайтын білім ордасы. Өнегелі тәрбие жемісін көруі үшін  отбасы мен балабақша арасындағы өзара түсіністік , сенім мен тығыз байланыс орнағанда ғана толық жүзеге асады.
Бүгінде педагогтардың ата- аналармен жүйелі жұмысы негізінде үлкендер баланың жеке таңдауы мен өз ұстанымына деген құқығын тануды үйреніп келеді. Аналар мен әкелер бала көзқарасының үлкендер көзқарасынан ерекшелігін түсіне бастады. Сол үшін де үнемі  жеке ата-аналар мен балалар және үлкендердің қатысуымен жоспарланған бірлескен тренинг сабақтары өтіп тұрады.
Өсіп келе жатқан адам тәрбиесінің алғашқы мектебі- отбасы. Бала үшін ол -үлкен әлем, ол отбасында сүйіспеншілікке, шыдамдылық пен қуанышқа, жанашырлыққа үйренеді.
Барлық аналар мен әкелер кішкентай сәбимен жұмыстың маңыздылығын түсіне бермегендіктен, қарым- қатынас құрудың  өз қиындығы бар. Сондықтанда отбасы ертеден әлеуметтік және мәдени құндылықтарды сақтап, оны балаға бере білудің өмірлік ортасы екенін ата аналар саналы түрде түсінуі керек.  Біздің балабақшада бала тәрбиесі мен дамуына бірдей кеңістік ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. МДМ мамандарының (педагог-психолог, тәрбиеші, ән –күй және бейнелеу өнері жетекшілері, дене тәрбиесі нұсқаушысы, медбике) білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысы мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде отбасына педагогикалық көмек көрсете алады. Ата- ананы білім беру үдерісіне бірдей жауапкершілікке бейімдеп отыру біздің мақсатымыз. Осы жолда  ата- аналар топтағы барлық істердің белсенді қатысушылары, көмекшілері болып бір- бірімен өзара әрекеттесе білуге үйренеді. Нәтижесінде ата- ананың тәрбие беру тәжірибесі байып, отбасының мектепке дайындығы көтерілді. Бірлескен дайындықтар ата- ана мен педагог, ата- ана мен балаларды , бір отбасын екінші отбасымен жақындастырды. Мейірімділік атмосферасы топтағы басқа істер үшін де көмегін тигізеді. Осындай бірлескен жұмыстың арқасында көптеген ата-аналарда өзі білмеген қабілеттері ашылып, жүргізіліп жатқан жұмыс баланың мектепке дайындығы алдындағы жан күйзелісіне деген назарын арттыруда. Ата- аналар мектептегі оқушыға қойылатын талаптармен танысып, тіл дамыту бойынша ұсыныстар беріліп, баланың ақыл- ойын дамытуға іспеттес ойындық жаттығуларға қатысады. Бірлескен іс- шаралар өз баласының мәселелерін ішкі жағынан көруге, өзара қарым- қатынастардағы қиыншылықтарды жоюға, басқалардың әрекеттерін көріп, яғни тек өз баласымен ғана емес жалпы ата- аналар жұртшылықпен араласып,  тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Сол үшін де ата ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастық күнделікті жалғасып отыратын жұмыс деуге болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.