Бақытқызы Гүлжан
Астана қаласы әкімдігінің
№36 «Балапан» балабақшасы
мұғалім-дефектолог
Correctional work of a defectologist and diagnostics of children with mental retardatio
Bakhytkyzy Gulzhan
Abstract
This article reveals the significance of diagnostic work for children with mental retardation at the present time and allows you to correctly identify deviations in the development of children, correctly assess the clinical, psychological, and pedagogical features of development. Correctional classes of a defectologist with children with mental retardation have a positive impact on the formation of cognitive processes, the expansion of General concepts about the environment, the development of educational skills and socialization of the child as a whole. The directions and content of correctional work are described.
Key words: child’s diagnosis, remedial work, educational process, a multi-disciplinary group.
Психикалық дамуы тежелген балаларға жүргізілетің диагностика мен дефектологтың түзету жұмысы
Бақытқызы Гүлжан
Түйін
Бұл мақалада қазіргі кезде психикалық дамуы тежелген балаларға жүргізілетін диагностикалық жұмыстардың маңыздылығы және балалардың дамуындағы ауытқушылықты дұрыс анықтауды, дамуларының клиникалық, психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Психологиялық дамуы тежелген балалармен дефектологтың түзету сабақтары танымдық процестердің қалыптасуына, қоршаған орта туралы жалпы түсініктердің кеңеюіне, оқу дағдыларының дамуына және жалпы баланың әлеуметтенуіне оң әсер ететіндігі. Түзету жүмыстарының бағдарлары мен жұмыс мазмұны жайлы баяндалынған.
Түйін сөздер: бала диагностикасы, түзету жұмыстар, танымдық процесс, мультидисциплинарлық топ.
Коррекционная работа дефектолога и диагностики детей с задержкой психического развития
Бақытқызы Г
Резюме
В данной статье раскрывается значимость диагностических работ для детей с задержкой психического развития в настоящее время и позволяет правильно определять отклонения в развитии детей, правильно оценивать клинические, психологические, педагогические особенности развития. Коррекционные занятия дефектолога с детьми с задержкой психического развития положительно влияют на формирование познавательных процессов, расширение общих понятий об окружающей среде, развитие учебных навыков и социализацию ребенка в целом. Изложены направления и содержание работы коррекционных работ.
Ключевые слова: диагностика ребенка, коррекционная работа, познавательный процесс, мультициплинарная команда
Мектепке дейінгі балалық шақ – баланың қарқынды психикалық даму кезеңі.
Осы уақытта тұлғаның барлық психикалық қасиеттерінің, танымдық үрдістері мен қызмет түрлерінің негізі қаланады. Бұл кезең – қоршаған ортаны белсенді тану уақыты. Бала өз маңайында орын тапқан жанды және жансыз объектілермен танысады, олардың қасиеттері мен сапасын таниды, дене бітімін, мінез-құлық формаларын, түрлі іс-әрекет түрлерін меңгереді, балада сөздік-логикалық ойлаудың көрнекі-тілдік, көрнекі-бейнелі элементтері қалыптасады. Мектепке дейінгі баланың айналысатын жетекші іс-әрекеті ойын үрдісі болып табылады, сондықтан оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде балалардың ойлау белсенділігін оятатын ойыншықтар, дамыту құралдары мен ойын тәсілдері кеңінен қолданылады. Баланың психикалық дамуының дәл осы кезеңінде ересек адам онымен ең жақын қарым-қатынаста болуға, оның дамуында ең белсенді қатысуға тиіс. Егер баланың зияты және эмоциялық әлеуеті мектепке дейінгі жастағы тиісті дамуды алмаса, онда кейіннен оны толық көлемде жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан балаларды балалық кезінен бақылап, диагностикадан өткізу оның бойындағы бұзылушылық немесе ауытқушылықты дер кезінде анықтап, түзетуге мүмкіндік береді.[1]
Кешенді диагностика жан-жақты, жүйелі түрде ұйымдастырылуы қажет. Балаларды зерттегенде оларда болатын кемістікті анықтау және дұрыс диагностикалау үшін әртүрлі мамандар қатысуы қажет: дәрігер, психолог, дефектолог, логопед. Бірнеше маманның бірігіп қарауы балалардың дамуындағы ауытқушылықты дұрыс анықтауға және дамуының клиникалық, психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Аномалды дамудың диагностикасында баланың жоғарғы психикалық процесінің жүйелі анализінің ерекше мәні бар. Зерттелетін баланың нейропсихологиялық, неврологиялық, психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін жүйелі, кешенді түрде анықтау қажет. Баланы зерттеу психологиялық базадан басталады. Баланың күнделікті әрекет ету структурасының қандай бөлігі немесе бірнеше бөліктері қалыптаспаған немесе бұзылған екендігін анықтап алып. Балаларды ары қарай зерттеп және түзетуді дұрыс жүргізуге себеп болады. Бұл жағдайда баланың нені білетінін, нені білмейтіндігін анықтаумен қатар, оларды неге үйретуге болады, нені игере алатындығы есепке алынады[2]
Дефектолог деген кім және ол психикалық дамуы тежелген балаға қалай көмектеседі?
Дефектолог – психикалық дамуы тежелген баланың дамуы, білімімен, тәрбиесімен және қоршаған ортамен танысып дағдыланумен жұмыс жүргізетін маман.
Дефектолог әрбір баланың танымдық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері тұрғысынан толық және жан-жақты тексеру жүргізеді, соның барысында баланың оқуға және ойынға қабілетін анықтайды, бұл маманға анықталған даму ерекшеліктеріне қарай баламен түзету жұмыстарын ұйымдастыруға көмектеседі.
Дефектолог балалардың танымдық белсенділігін арттырады және ойлау, қиял, зейінді, білімділік, есте сақтау, қабылдау сияқты негізгі психикалық процестерді дамытады. [3]
1- кесте: Дефектологтың түзету жүмыстарының бағдарлары