Алматы қаласы, Алатау ауданы КМҚК
«№120 бөбекжай-балабақшасында» мамыр айының 15 күні «Мектеп жасына дейінгі балаларды халық ертегілері арқылы ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Әртүрлі жас тобындағы балалармен жұмыс жасауда қазақ халық ертегілерін пайдалану» тақырыбында аудан көлемінде семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Ертегі — фольклордың ескі жанрларының бірі. Оның мазмұны шындыққа жанаса бермеседе, астарында үлкен ғибарат, қазына жатыр. Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін білім салаларының өзара байланысы арқылы қалыптастастыру. Балалардың коммуникативтік, танымдық және зияткерлік дағдыларын дамыту. Балаларды ертегіні сомдай отырып мейірімділікке, достыққа баулу. Сөздік қорын дамытып, ертегіге деген қызығушылығын арттыру.
Семинарға Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қарлығаш Медербекқызы, бас маман Зейтова Мәншүк Сапиновна, әдістемелік бірлестіктен Салтанат Нұғманқызы, мемлекеттік балабақша және жеке меншік балабақша меңгерушілері мен тәрбиешілері қатысты.
Семинар басында алғы сөзді КМҚК «№ 120 бөбекжай-балабақша» меңгерушісі С.Г.Ахметжанова алып, бағдарламамен таныстырды.
Ертегілердің түрлері туралы көрмемен таныстырды. Келген қонақтар ерекше әсер алды.
Балабақшаны музыка жетекшісі А.Әділжанқызы ритмикалық ойынды келген қонақтармен бірге ойнап көрсетті. Бағдарламаға сәйкес ортаңғы топ тәрбиешісі Ж.С.Алишева «Әжемнің ертегісі» бүктеу әдісімен шебер сыныбын көрсетті. Бағдарламаның келесі бөлігі бойынша музыка залында педагогтар мен мектеп алды даярлық «Көбелек» тобының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Алтын сақа» ертегісінің қойылымы көрсетілді.
Келген қонақтармен балабақша меңгерушісі С.Г. Ахметжанова “Ашық микрофон” әдісі арқылы кері байланыс жасады. Семинардың соңы музыка жетекшісі А.С.Игиликованың ән шашуымен аяқталды. Семинарға қатысқан қонақтар өте жоғары деген баға беріп, ризашылықтарын білдірді.
КМҚК «№ 120 бөбекжай балабақша»
меңгерушісі Ахметжанова Сауле Губайдуллиновна