Home » Мақалалар » Алматы-біздің ортақ үйіміз

Алматы-біздің ортақ үйіміз

Сатканова Гульбану Бактығалиқызы
Түрксіб ауданы,»119 бөбекжай- балабақша»
КМҚК меңгерушісі

Халықаралық білім беру кеңістігінде болып жатқан үдерістер балалардың ішкі әлеуетін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашуда. Білім парадигмасының инновациялық тенденциялары  әртүрлі факторлардың әсерінен толығуда. Соның бірі баланың табиғатқа, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын, табиғи байланысын дамыту болып табылады. Бала табиғаттың құндылықтарына бейімделу арқылы өзінің рухани мүмкіндіктерін, экологиялық мәдениетін қалыптастырады.

Адам-табиғат-қоғам арасындағы сабақтастық бүгінгі білім беру жүйесінің интеграциялық байланысын, адам мен табиғаттың шынайы үйлесімділігін, экологиялық мәдениетін жетілдіруді қажет етеді.

Табиғат пен қоғам, адам арасындағы қарым-қатынастар қайшылықсыз, әрдайым үйлесімді деп қарауға болмайды. Олардың арасында барған сайын ішкі қайшылықтар көбейіп отырады. Техникалық прогресс дамыған сайын табиғатқа деген адамның үстемділігі артуда, бұл табиғи апаттардың туындауына себеп болады.

Сондықтан да адамзаттың табиғатқа ерекше қарауы маңызды. Себебі адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.

Қазақ халқы наурыз айын жаңару мен жаңғырудың  бастауы деп білген. Осы кезеңде халқымыз айналасын тазартып, ретке келтіріп, өз ұрпағын табиғатты аяулауға үйреткен. Осыған орай халқымызда ойлы сөздер қалған. «Туған жер -алтын бесігім», «Ауылым-алтын бесігім», «Отан- отбасынан басталады» деген мақал-мәтелдері табиғат пен адам арасындағы гармониялық байланысты дәлелдейді. Дала өркениетінде өмір сүрген халқымыз табиғаттың тылсым дүниесін жүрегімен сезінген. Тәрбиенің алтын бесігіне айналған еліміз үшін жас ұрпақтың экологиялық дағдысын қалыптастыру маңызды.

 

Қазақ даласының табиғи үйлесімділігінен туған бұл заңдылықтар, халқымыздың алтын қағидасына айналған. Сондықтан да табиғаттың тылсым өмірімен етене жақын өмір сүрген халқымыз үшін табиғаттың тылсым күштері, табиғи заңдылықтар маңызды. Көшлелі өмір сүрген қазақ халқы табиғат мезгілдеріне байланысты өздерінің өмір сүру дағдыларын өзгертіп отырған. Табиғаттың тылсым дүниесіне сеніп, оның өзгерістерін болжап отырған. Табиғатқа қамқорлықпен қарап, денсаулыққа қажетті таза, табиғи өнімдермен қоректенген. Бұл адам экологиясының дала өркениетіндегі орнын көрсетеді.

Қоршаған ортаның инфроқұрылымдарына жауапкершілікпен қарау, экологиялық тәрбие беру, киелі мекенді ортақ құндылыққа айналдыру  мақсатында «Алматы-ортақ үйіміз» атты науқан өткен болатын.  Алматы қаласының  әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен өткен бұл шараға барлық қала тұрғындары, бизнес өкілдері, білім беру мекемелері қатысты. Алматының сұлу табиғаты мен көркем жерлерін тазарту, қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, киелі өңірді ортақ үйімізге айналдыру арқылы адамдардың бірлігі, татулығы, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері, ортақ мүделері қалыптасты.

Туған жерге деген сүйіспеншілік — табиғатты сүюден басталады. Осы орайда мегаполис балабақшаларында «Алматы-ортақ үйіміз» атты науқаны аясында «Жер бетіндегі ең әсем қала» тақырыбында  суреттер көрмесі ұйымдастырылды.  Бұл шараға 119 бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері қатысты.

Сұлу қаланың табиғатын шынайы бейнелеген, сурет арқылы жан дүниесін жеткізуге тырысқан бүлдіршіндердің бұл өнеріне тәнті боласын. Сүйікті қаласының келбетін, тыныс-тіршілігін, уақытпен бірге қозғалыстағы тылсым өмірін сурет бейнесі арқылы жеткізген бала қиялы ұшан теңіз.  Табиғат аясында балалар қаланың көрікті жерлерін, парктері мен бау-бақшаларын суретке түсірді. Балалар өздерінің ішкі сезімдерін, қиялы мен ойын сурет арқылы жеткізуге тырысты. Алматының бейнесін жүрек үндерімен жеткізген бүлдіршіндердің суреттері жалғасын тапты. Қаланың әсем жерлерін қыл қаламның ашық түстерімен бейнелеуге тырысты. Ішкі эмоциялары сурет өнерімен ұштасты.

Балалалардың жарқын эмоциясы суретке деген қызығушылығын көрсетеді. Күн сәулесін бейнелеу арқылы Алматының жарқын болашағын, күн сәулесі сияқты айналасындағы адамдарға шуақ төгуін суреттейді. Табиғат аясында сурет салу балаларға әсем қаланың шынайы бейнесін көруге көмектеседі.

Бұл шараға  аудандық білім бөлімінің басшысы Жылкышина Ж.К. және әдіскер Сұлтанбаева А.Т. қатысты. Олар балалардың салған суреттеріне жоғары баға берді. Сонымен қатар балаларды қаланың экологиялық жағдайына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Олар әсем Алматының көшелерінде серуен құруға жағдай жасалғандығын тілге тиек етті. Осындай шаралардың ұйымдастырылуы балалардың экологиялық дағдысын дамытады.

Әсем табиғаты мен биік тауларына талай жанды ғашық еткен, көптеген адамдардың мекеніне айналған Алматының табиғатын ешнарсемен салыстыруға болмайды.

Қорыта айтқанда «Алматы — ортақ үйіміз» тақырыбында ұйымдастырылған  бұл шараның маңызы зор. Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қаланың әсем бейнесін әртүрлі суретте  бейнелеуге  дағдыланады.

Бұл науқан Наурыз мерекесінің жалғасы іспеттес. Қыс кетіп, қоршаған ортаның гүлденуі, тылсым табиғаттың ерекше бейнеге енуі, айналадағы адамдардың көңіл-күйі.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Бейсенова Ә., Смақова С. «Экология және табиғатты пайдалану». «Ғылым». -3-24 б.б
  2. Мендаяхова Қ., Экологиялық білім мен тәрбие беру 2011. — №3, 6-11

One comment

  1. Алматы қаласы, 119-балабақшаның ұжымына мың алғыс. Басшылықтың қолдауымен жүзеге асатын тәрбиешілердің жаңашыл идеяларының арқасында бүлдіршіндеріміз үнемі жаңа өнер-білімді үйреніп келеді үйге. Ата-ана ретінде балаларымыздың осындай шаңырақта қазақи тәрбие алып, дағдыларды игеріп, Қазақстан атты әдемі мемлекетіміздің түзу кірпіші болып қаланып жатқанына марқаямыз, қуанамыз, мақтанамыз. Балабақша басшысы Гүлбану Бақтығалиқызы, тәрбиешілеріміз Раушан Бақытжанқызы, Назерке Қанатқызы және Эльмира апайларамызыға мың алғыс

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.