Home » Мақалалар » Балабақша-бақыт баспалдағы

Балабақша-бақыт баспалдағы

Куанышова  Слухан Ережеповна,
Астана қаласы әкімдігінің
№95 «Алматы» балабақшасы
«Көктөбе» ортаңғы  тобының тәрбиешісі

Менің өмірдегі бақытым-жүрек қалауымен ұстаз болғаным .Ұстаз болу-жай ғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы. Менің мамандығым тəрбиеші. Бала тəрбиесінің  негізі балабақшада қаланады. Баланы жеке тұлға етіп тəрбиелеу үшін, тәрбиеші соған сай болуы керек. Белгілі орыс педагогы Ушинский айтқандай «Тəрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген» деген екен. Демек, баланың алдында педагог  үлгі болуы керек. Бойынан адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, əділдік  ең бастысы өз мамандығын сүйе  білуі тиіс. Тəрбиеші жан –жақты болса ғана, өз маманының ұстасы болады деп ойлаймын. Сондықтан да жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Тəрбиеші болуы  жай ғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сəулетшісі. Бұл сөздің астында бұл мамандық  үлкен жауапкершілік иесі екеніңді аңғартады. Балабақшадағы жұмыс əрі қызықты, əрі жауапты. Жауаптылығы сол Отанға лайықты тұлғаларды қалыптастыру. Өмірдің ең алғашқы баспалдағы, қызықтысы-жас бүлдіршіндермен араласып, олардың тəтті қиялынан туындайтын əр сөзіне, балаң көңілінен ұштасып жатқан іс-əрекеттерін тамашалаудың өзі бір ғанибет. Қиындығы мен қызығы, ауыртпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбек жолында жұмыс атқарып жүргеніме бақыттымын. Педагогикалық ұстанымын-əр тəрбиеленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, білім бұлағының көзін ашып биік шыңдарға жетелеу.Тəрбиешісі ғана болмай екінші анасындай болуға тырысу. Мейірім мен қамқорлық танытып бала көңіліне жол таба білу.
Жай ғана білімен сусындатып қоймай, бала жанына тереңінен үңіліп, бүлдіршіндерді жан-тəнімен сүйе алатын тəрбиеші ғана нағыз маман. Ұлы педагог Г.Песталоцци «Егер де сүйе білмесең, тəрбиелеуге құқығың жоқ»,-деген екен. Баланы тəрбиелеуде негізгі мақсатым-дені сау, ұлттық сана –сезімі оянған, рухани ойлау дəрежесі биік, мəдениетті, парасатты, ар-ожданы мол ,еңбекқор, бойында игі қасиеттер қалыптасқан патриот ұрпақ тəрбиелеу. Сонымен қатар балаларды имандылыққа тəрбиелей отырып бала бойына мейірімділікті, қайырымдылықты, ізгілікпен кішіпейілділікті сіңіру. Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тəрбиесі сол сияқты, өзің қалай тəрбиелесең ол солай тəрбиеленеді»деген. Өзімнің еңбек жолымда əрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала рөлде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланатын болады. Педагог К.Д.Ушинскийдің егер педагогика адамды жан-жақты тәрбиелегісі келсе, оны жан-жақты білуі керек деген терең мағыналы сөзін жадымда сақтай отырып, білімімді тереңдетіп, ізденуді мақсат етемін. Кішкене сәбимен сөйлесе білу де-үлкен өнер. Олар бір нәрсені естігені мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, мейілінше сенгіш, барынша таза адал көңілді, білуге, тануға құмартқыш келеді. Көздері қарақаттай мөлдіреген балалардың менің өткізген оқу қызметтеріме қызығушылықпен қарап отырғанын көремін. Білуге, үйренуге құштар балаларды көргенде менің шабытым оянып, тағы бір арман пайда болды. Кішкентай, балғын балалар!… болашақ үздік шәкірттерімді қалай қалыптастырамын, отанын сүйетін адам етіп тәрбиелеуге өзіндік үлесімді қоса алам ба?-деген сұрақтар мазалап, жаңа жоспарлар құруға жол ашты. Баланың бойында имандылық, көркем қасиеттерді сіңіру басты мақсатым болды.
Тәрбиеші баланы жан тәнімен сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі қажет. Мейірімділік шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мен өз мәртебемді көтере аламын. Балаға үнемі қолдау көрсету менің ізгі мақсатым.
Мен,  балабақша –бақыт баспалдағым деп айта аламын. Өйткені балабақша менің алғашқы жұмыс орыным, қалаған мамандығымның ортасы.   Менің  педагогикалық ұстанымым-кішкентай бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Болашақта алдымнан түлеп ұшқан әр шәкіртім Қазақстан елінің жарқын болашағына үлес қосар белсенді ұрпақ болады деген үміттемін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.