Home » Мақалалар » «Дені сау балалар-дені сау ұлт»

«Дені сау балалар-дені сау ұлт»

Алматы қаласы Білім басқармасы
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
«Балабақшада денсаулық сақтау технологияларын қолдану, балабақшада заттық дамытушы орта қалыптастыру» атты семинар өтті.

Бұл семинардың басты мақсаты — балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, күнделікті денсаулығын шынықтыра білуге, балалардың  денсаулықтарын сақтай білуге үйрету.

Семинар балабақша меңгерушісі Нурбекова Галия Рамазановнаның алғы сөзімен басталды.

Семинар тәрбиеленушілердің мәнерлеп
өлең оқуымен басталып, “Тұлпарым”,
“Ақ әжем” әндері шырқалып, ортаға әсем көңіл-күй сыйлады.

Адамның денсаулығы — қоғам байлығы.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мектепке дейінгі кезеңнен басталатыны анық. Осыны негізіге ала отырып семинар барысында әдіскер Жаксылыкова Ақмарал Есенгельдиевнаны “Денсаулық әліппесі” атты баяндамасын оқыды.
Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын
түсіндірді. «Денсаулық-зор байлық» деп халқымыз айтқандай, денсаулықты ешнәрсеге теңеуге болмайды. Сергіту жаттығулары және жалпы жаттығулар тек дене қыздыруға емес, күні бойы сергек жүруге себеп екені туралы «Ұшқын» мектепалды топ тәрбиешісі Таженова Асель  Сексимбаевна жаттығулар тізімін көрсетіп, баяндап берді. Сонымен қатар семинар барысында “Дені сау ұрпақпыз” атты видео ролик көрсетілді. «Нүктелі массаждың» бала денсаулығына тигізер пайдасы жайлы балабақша медбикесі Бектұрсынқызы Назым түсіндіре кетті.
«Пішіндер еліне саяхат» атты денсаулық  технологияларын қолдану тәжіресін ортаңғы «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Жаксылыкова Эльмира Есенгельдиевна ортаға салды.
«Денсаулық» технологиясының тағы бір түрі бұл «денсаулық жолдары». Ортаңғы топ тәрбиешісі Бердалиева Танзила Егемкуловна қонақтармен ортаңғы топ балаларының  денсаулық жолдарын тиімді пайдалану практикасымен бөлісті.
Тәрбиеші- Тойбазарова Майра Рамадуллаевна семинар қатысушыларын
«Теңіз асты әлеміне саяхат» жасатып қайтты. Семинар соңында педагогтармен “ашық микрофон” айдары өтті. Бұл қызу пікірталас, сұрақтардың шешімін табу, еркін оймен бөлісу, жаңа идеялармен алмасу сияқты, маңызды мәселелердің шешімін бірлесіп табуға мүмкіндік беретін әдіс болды.
Семинарға қатысушылардың
көңіл-күйлерін көтеру, оларға шығармашылық шабыт беруде және
бір-біріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату мақсатында педагогтармен «Денсаулық дегеніміз не?» атты практикалық жұмыс жүргізілді.
Семинарға қатысушы әрбір қонақ
№25 бөбекжай –балабақшасында ұйымдастырылған семинардан «білім қоржындарын» түрлі әдіс-тәсілмен толықтырып, ризашылықпен жақсы көңіл–күйде тарқасты.

Алматы қаласы Білім басқармасы
«№25 санаториялық бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тоқталып өтер болсақ.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаты: балалардың бойында туберкулез ауруының дамуын алдын алуға, аз немесе қайтып бара жатқан туберкулез түрі бар балаларды толық клиникалық емдеуге бағытталған. Туберкулез жұқтырған, аз немесе қайтып бара жатқан туберкулез турі бар


мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін қажет жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырып отыр:
Туберкулез жұқтырған балалардың бойында туберкулез дамуының алдын алуға бағытталған  сауықтыру және емдік іс-шаралар  өткізуді енгізу.


Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында дене бітімі және психикалық жағынан саулығын қорғау және нығайту, санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтай отырып, балаларды жалпы шынықтыру терапиясымен қамтамасыз ету, қызығушылықтарын қанағаттандыру , жалпы адами және ұлттық құндылықтарға деген қабілеттерін дамыту. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық талабын таныту, білуге құмарлығын, еркіндігін және қабілеттігін дамыту. Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың білім беру бағдарламаларын балалардың игеруі үшін жағдайлар жасау. Бес (алты) жастағы балалардың мектепке даярлықтарын қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда балабақшада 6 топ жұмыс істейді. Балабақшада 13 тәрбиеші, оның ішінде 1 психолог, 1 дефектолог,
1 логопед, 1 медбике жұмыс жасайды. Барлығы жоғарғы білімді тәжірбиелі тәрбиеші педогогтар екені көзге көрініп-ақ тұр. Тәрбиеші-педагогтердің тынымсыз еңбегін қандай сөзбен өрнектесек те аздық ететіндей көрінеді.
Күнделікті балабақшада балалардың алаңсыз күміс күлкісін, шаттыққа толы көңіл-күйлерін көріп, балалармен бірге ойнап күлгеннің өзі бір бақыт деп жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімі мен тәжірибесін аямай еңбек етіп жатқан балабақшаның барлық қызметкерлеріне бас иеміз. Еліміздің ертеңі болар тұлғаны қалыптастыру жолында қанаттарыңыз талмасын.

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Аманқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.