Талапкер ауылының жалпы орта
білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Егентаева Фатима Амангелдиевна
Мақсаты: Оқушылардың болашаққа деген жолын ашу. Білімі мен оза шауып тапқырлығын дәлелдей білетін саналы,жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу. Ойын арқылы оқушылардың білімін арттыру, ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа, бірлесе жұмыс жасауға үйрету.Қазіргі заманның талабы- білім мен кең дүниетанымдылық екендігін насихаттау.
-Армысыздар құрметті білім сүйер көрермендер. Бүгінгі 21 ғасыр көшбасшысы «Ұшқыр ой» тақырыбындағы интелектуалды-танымдық ойынына қош келдіңіздер.
Терең білім -тәуелсіздігіміздің тірегі. «Қазір бой жарыстыратын заман емес,ой жарыстыратын заман»,біздің қоғамда адал еңбекпен терең білімді ұштастыра білген адам ғана жетістікке жете алатындығын естен шығармаған абзал. Біздің бүгінгі сайыскерлеріміздің рухани сауаттылығы мықты, демек көп оқитын жастар екеніне сеніміміз мол.Ендеше бүгінгі ойынымызды бастамастан бұрын ойынның қатысушыларын ортаға шақырайық .
1.Жомарт Сымбат
2.Жұмабай Ақару
3.Жұмабек Төрехан
4.Кучербай Райымбек
5.Кеңес Ернар
6.Исмагулова Жасмин
7.Серік Мерей
8.Серікбай Мөлдір
9.Саматқызы Адия
Ал сайыскерлердің білімін тұрақты сарапшымыз ……………………саралайтын болады.
«Ұшқыр ой» интелектуалдық ойыны 3 кезеңнен тұрады.
1-кезең «Таңдау-табыс»( 9)
2-кезең «Тіл білгірі» (7)
3-кезең «Ой жүйрік» (5)
Ширату жаттығулары:(Балалар иә немесе жоқ деп жауап береді)
- Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш шаршы.
- 2 метрде 100 сантиметр бар.
- Санды сол санға бөлгенде ,сол санның өзі шығады.
- Кез-келген санды нөлге көбейткенде нөл шығады.
- 4+5 бұл әріпті өрнек. Дұрыс па, әлде бұрыс па?
- Периметр дегеніміз барлық қабырғаларының қосындысы.
- Зат есім Қандай?Қай? сұрағына жауап береді .
8.-лар, -лер ,-дар, -дер, -тар, -тер көптік жалғау.
9.Балықтар сусыз тіршілік ете алады.
Ойынның шарты: 1-кезеңнен кейін ұпай саны аз 2 оқушы , 2-кезеңде – 2 оқушы ойынға қатысуды тоқтатады. 3-кезеңде 5 оқушы қатысып,қорытынды шығарылады.
1-кезең «Таңдау-табыс» (9 оқушы)
-Алғашқы кезеңнің шартымен таныстырып өтейін. Қазір сіздерге «Мен патриотпын»,«Таңғажайып табиғат», «Логика әлеміне саяхат» атты тақырыптар бойынша 12 сұрақ беріледі.Сұрақтардың күрделілігі әр ұяшықта көрсетілген ұпай сандарына байланысты. Егер оқушы өзі таңдаған сұраққа жауап бере алмаса,менің қарсыластар деген сөзімнен кейін 1-ші болып белгі берген оқушы жауап бере алады. Ал егер ол сайыскер дұрыс жауап берсе, сол ұяшықтың ұпайын өзіне алады.Осы айналымның қорытындысы бойынша ұпайы ең төмен 2 қатысушы ойыннан шығады.Сондықтан қапы қалмаңыздар.Ойын шарты түсінікті болса,1-айналымды бастайық.
«Мен патриотпын»
10 ұпай: Мұқағали Мақатаевтың “Үш бақытым” өлеңіндегі бірінші бақытын ата “……, ( халқым)
20 ұпай: ҚР Конституциясы күні? (30 тамыз)
30 ұпай: Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі, желбіреген көк туымыздың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
40 ұпай Қазақ балаларына алғаш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)
«Таңғажайып табиғат»
10 ұпай: Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінен жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді. (Қызыл кітап)
20 ұпай: Қазақстан дүние жүзі елдері ішінде жер көлемі жөнінен нешінші орын алады? ( 9)
30 ұпай: Жаңбырдан кейін ағаш, томардың қай жақ беткейі тез кебеді? ( оңтүстік)
40 ұпай: -Елеуішпен су әкелуге бола ма? Болса қалай әкелуге болады?
Жауап: Болады,қар мен мұз күйінде
«Логика әлеміне саяхат»
10 ұпай: Шынар 18 тұшпараны ағасы Еркін мен оның екі досына тең бөліп салып берді.Сонда Шынар әр адамға неше тұшпарадан салды? (6)
20 ұпай : Әкесі 50 жаста,ал баласының жасы әкесінің жасының жартысынан 5 жас кіші.Баласы неше жаста болуы мүмкін? (20)
30 ұпай: Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді.
Жауабы: атасы, баласы, немересі.
40 ұпай: Сарбаздар сап түзеп тұр. Дәурен саптың алдынан санағанда да, соңынан санағанда да 9 — ыншы болып тұр. Сапта неше сарбаз тұр?(17сарбаз)
Алғашқы кезеңде қатысушыларымыз жарыса жауап беріп,көзді ашып-жұмғанша алғашқы айналымның сұрақтары толығымен оқылып
болды. Олай болса «Таңдау-табыс» бөлімінің қорытындысына назар аударайық.Әзірге алда келе жатқан ……………., ал өкінішке орай ……… сізде 0 ұпай.Ойынның шарты бойынша ұпай саны аз 2 оқушы ойынға қатысуды тоқтатады.
Білімді оқушылар арасындағы тартысты ойынымызды одан әрі жалғастырамыз.
2-кезең «Тіл білгірі » ( 7 оқушы)
Қатысушыларды құттықтаймын,сіздер келесі «Тіл білгірі»деп аталатын айналымға өттіңіздер.Бұл кезеңде сіздерге қазақ тілінде жазылған жұмбақ жасырылады.Сіздер жұмбақтың шешуін тауып, олардың орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасын айтасыздар.Егер жауабын үш тілде айтсаңыз 30 ұпай, 2 тілде айтсаңыз 20 ұпай,1 тілде айтсаңыз 10 ұпай беріледі. Егер оқушы өзі таңдаған сұраққа жауап бере алмаса,мен «қарсыластар» деген сөзімнен кейін 1-ші болып белгі берген оқушы жауап бере алады.
1.Өмірді өлшейді ешкімнен сұрамай,
Тіліңді алмайды тетігін бұрамай. (сағат-часы-clock (клок))
- Қалқиып екі құлағы
Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян-заяц-hare (хея),rabbita(рэбит))
- Мұрны насос, кран да
Таң қаламын бұл аңға (піл-слон- elephant(элифант))
- Қоймасын қыс ақтарып
Жерді жапты ақ мамық (қар-снег-snow(сноу))
- Ауаға шықса ауырады
Су ішінде сауығады (балық-рыба-fish(фиш))
6.Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық-кошка-сat (кәт))
7.Ұрмай соқпай жылатады,
Әркім бірақ ұнатады. (пияз-лук-bow )
3-кезең «Ой жүйрік» 5 оқушы
«БЛИЦ» сұрақтары. (әр оқушыға 1 мин.уақыт беріледі)
* «Үш бақытым»өлеңінің авторы кім? (М.Мақатаевв)
* ҚР астанасы ? (Астана)
*Орман емшісі? (Тоқылдақ)
*Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?( 42)
*7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса,100 жұмыртқаның бағасы неше теңге?
*аюдық төлі ?( қонжық)
* Сын есім сұрақтары ? (қандай?,қай?)
* «Әліппенің атасы» (Ахмет Байтұрсынұлы)
*Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы? (домбыра)
*Қазақша жыл басы? (тышқан)
*1кг.темір ауырма,1кг.мақта ауырма? БІРДЕЙ
*Тері қандай қызмет атқарады? (жарақаттанудан,күюден,үсуден қорғайды)
* Судың қатты күйі….(мұз)
*Жылқының пірін ата (Қамбар ата)
* Ц-қандай дыбыс? (қатаң дауыссыз)
*Ұясы жоқ құс? (көкек)
*Сандар қатарында айтылмаған санды тап. 1,2,3,4,5,6,8,9,10
*Мемлекеттік тіліміз?(қазақ)
*математикада неше амал бар? (4)
*Анамыздың туыстары бізге (нағашы)
*2-ге бөлінетін сандар қандай сандар деп аталады? ЖҰП
*Адамға,жануарларға және өсімдіктерге –бәріне не қажет? (ауа,су,жылу,қорек,жарық)
*109-дан кейінгі сан? (110)
*Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)
*Қалталы жануар (Кенгру)
*Я қандай дыбыс?(қосарлы)
*Санды нөлге бөлуге болама? (жоқ)
*мойны ұзын жануар- КЕРІК
*5²= ? (25)
*жылқының сүті-ҚЫМЫЗ
* Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы? БОСТАНДЫҚ
*Адамның ішкі мүшелерін ата: (ми,өкпе,жүрек,бауыр,бүйрек,қарын,ішек,қуық)
*қасқыр қоянды қуып жете алмай жүрген жер? (мультфилм)
*қалталы жануар (кенгуру)
* жыл мезгілдері нешеу? 4
*Асқазан қандай мүше? (ас қорыту мүщесі)
* 2 Екі тәулікте неше сағат? 48
* 3³= ? (27)
*Жапырақ не үшін сарғаяды? (Хлорофин жетіспеуінен)
*1тоннада неше кг.бар? (1000)
*50саусақ көріну үшін неше баланың қолы қажет? (5 бала)
*Ең кіші үш таңбалы сан? (100)
* Су- (тіршілік көзі)
* 6² =? (36)
*Ауаны неге көрмейміз? (түссіз,мөлдір)
*Шаршының қабырғалары қандай болады? (тең)
*Математика сөзінде неше А әрпі бар? (3)
*1метрде неше дм бар? (10дм)
*Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты? (топырақ)
*Адамға бір сөткеде қанша май қажет? (50-60г)
*Өкпе дененің қай бөлігінде орналасқан? (көкірек қуысында)
* Ұяң дауыссыз дыбыстар? Б,в,д,ж,з,г,ғ
*Үстелдің 4 бұрышы бар.Егер бір бұрышын кесіп тастаса,неше бұрыш қалады? (5)
*Ағзаның асқа сұранысы қалай аталады? ТӘБЕТ
*5 оқушыда неше саусақ бар? (50)
Қорытынды:
1,2,3—орындар беріледі.
«Тапқыр оқушы», «Озық ойлы оқушы»-наминациялары
Бүгінгі ойын әрқайсымыз үшін пайдалы болды деп санаймыз.Бүгінгі ойында өз біліміңізді, талантыңызды таныттыңыз.
Білім – теңіз,мектепті-кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз,неге дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа еге дейміз.
Қош дейміз,әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар.
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз
Өте жақсы жұмыс
Ойын арқылы оқушылардың білімге құштарлығын арттырудың жақсы жолын таптыңыз.
Жарайсыз апайка
Мақалаңыз тамаша 👏💐
Керемет тамаша👍
Миды жаттықтыратын керемет ойын👍👍
Керемет ұстаз
Пайдалы, керемет ойын👏🏻🔥
Керемет! Енбегиниз жана берсин🌹
Фатима Амангелдіқызы сіз керемет ұстазсыз.
Өте керемет!👍 Балалардың танымын өсіріп, жылдам ойлануын арттыратын сайыс екен! Тек алға!✊💐💐💐
Осындай ойындар арқылы , балалардың сабаққа деген ынтасын арттыруға болады екен. Өте жақсы
Білімі мен оза шабатын тапқырлығын дәлелдей білетін саналы оқушыларды шыңдай бер! Өте жақсы.
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады дегендей білімді оқушыларың көп болсын.
Еңбегің елене берсін
Керемет! Оқушылардың оқуға ынта-жігерін қалыптастырып, білімге деген құштарлығын оятатын ойын екен!!! Маған өте ұнады, мектеп қабырғасында осындай ұстаздарымыз көп болғай!!!👍👍👍
Тамаша ұйымдастырылған жұмыс. Оқушылардың танымдық белсенділігіпен интелектісін дамытуға ықпалы жоғары болуы сөзсіз. Сәттілік тілеймін.
Сәттілік тілеймін!
Керемет -іс шара екен.
Еңбегіңізге сәттілік.!
Еңбегіңіздің жемісн көріңіз.
Шәкіттеріңіз көбейе берсін!
Керемет танымдық сабақ. Білімдердің ойын ұшқырлайтын, дүниетанымы кеңейтетін сабақтың бірі болды. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Біз сізбен мақтанамыз!