Home » Мақалалар » Төңкерілген сынып әдісін қолдану арқылы оқушылардың өз бетімен оқуын қалыптастыру

Төңкерілген сынып әдісін қолдану арқылы оқушылардың өз бетімен оқуын қалыптастыру

Ақмола облысы, Целиноград ауданы
Талапкер ЖОББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Кульмаганбетова Саламат Турсыновна

Қазіргі уақытта оқушыны пәндік біліммен қаруландырып қана қоймай, сондай-ақ оның бойына ынтымақтастық, көшбасшылық, әрдайым оқып-үйренуге ұмтылу, командада жұмыс жүргізу және тағы басқа көптеген дағдыларды сіңіре білудің маңыздылығын тәжірибе көрсетіп жүр. Сондықтан біздің алдымызда оқу үрдісінде оқушыны тек білім тұтынушы ретінде   емес, білімді өз бетімен тауып, игеруге қабілетін қалыптастыратындай жаңа иновациялық технологияларды қолданудың қажеттілігі мәселесі туындады. Олай болса «Төңкерілген сыныпты» кім және не үшін ойлап тапты? Дәстүрлі сабақта мұғалім сабақта жаңа материалды түсіндіреді оған уақытының 50 пайызын кетіреді, ал білімді қолдануға қалған уақыт кетеді,сонда мұғалімді сабақты бекітуге уақыт қалмайды. Жаңа материалды толыққанды түсіндіру сынып бөлмесінде жүреді. Оқытудың «төңкерілген моделі» білімді жеткізуді баланың жеке кеңістігіне аударады да, практикалық дағдыларды қалыптастырып, дамытуға көбірек уақыт бөлінеді – дейді «төңкерілген сынып» идеясының авторларының бірі Джонатан Бергман. Аталған тәсілдің негізін қалаушылардың бірі әрі алға апарушысы Салман Хан – ол әртүрлі пәндер бойынша бүкіл әлемдегі оқушылар мен студенттер қолдана алатын қысқа бейне дәрістерден тұратын ресурс жасап шығарды. Ханның бар идеясы мен қысқа дәрісті қашықтықтан оқып-үйрену қағидаты «төңкерілген оқытудың» негізінде жатыр. 2007 жылы орта мектептің химия пәнінің мұғалімдері Джонатан Бергман мен Аарон Сэмс сабақтан жиі қалатын оқушылаға арнап, өз дәрістерін видеоға жаза бастайды. Бұл олар үшін ыңғайлы әрі тиімді болғандықтан, олар ары қарай да осы бағытта жұмыс істейміз деп шешті. Олардың айтуынша, бастапқыда олар дәрістерін өзімшіл ниетпен жаза бастаған – себебі сабақтан жиі қалатын спортшылар үшін бөлек сабақ дайындауға көп уақыт кететін еді. Жаңа материалды түсіндіру үйде өтеді. Практикалық бөлімі сыныпта орындалады. Төңкерілген сабақ – бұл теориялық түсінікті мұғалім ұсынған түрлі ресурстар арқылы оқып біліп, түсініп және практикалық  тапсырмаларды ұйымдастыру кері бағытта ұсынылатын педагогикалық модель. Оқушылар үйде қысқаша видео сабақтарды, оқыту презентацияларын көреді, тыңдайды, ал сыныпта практикалық жұмыстар орындайды, оларды талқылайды. Бұл жерде видеосабақтар төңкерілген оқыту әдісінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады, мұндай сабақтарды қазіргі уақытта пайдалану бір жағынан оқушыларды өзбетімен жұмыстандыруға да өте тиімді тәсіл.

Басқаша айтқанда, үйде оқушылар сабақты өздері оқып, түсінеді ал сыныпта үй тапсырмасын орындайды, сол арқылы оқу үрдісін төңкереді.

Әдістің артықшылығы:

  • Оқушымен жеке жұмыстану
  • Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы
  • Оқушылардың сабақтан тыс оқуы
  • Қызығушылық танытқан оқушылар бірін-бірі оқытады, ал оқу үрдісі оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылады
  • Оқушылар жеке оқуға уақыттарын бөледі

«Төңкерілген сабақ» артықшылықтары мен кемшіліктері:

АртықшылығыКемшілігі
Видео сабақтарды оқушылардың  қайта – қайта қарауға мүмкіндіктері барБарлық оқушы берілген тапсырманы орындамайды.
Сабақта болмаған оқушыларға да тыңдауға мүмкіндік барБерілген видеоны және презентацияны қарамаған оқушыларға сабақ қызықты болмайды
Мұғалімнің оқушылармен жұмыс жасауға уақыты көп боладыОқушы туындаған сұрақты мұғалімге қоя алмайды
Тақырыпты жақсы меңгерген оқушылармен шығармашылық жұмыстар жасауға болады және олар мұғалімге көмекшіМұғалімге көп ізденісті қажет етеді

Мұғалімдер жаңа сабақтың мазмұны бойынша: видеосабақтар, презентациялар және басқа да бейне материалдар және тапсырмалар дайындайды. Яғни, жаңа сабақпен оқушылар үйде өз бетімен оқып, материалмен танысады. Оқушының мүмкіншіліктерін ескере отырып, электронды почта немесе диск, WhatsApp, флешка арқылы жаңа сабақты алдын – ала үйге береді.

Жаңа материалды оқып біліп, танысуды үй тапсырмасы түрінде беру

арқылы оқушыға әр түрлі ресурстар көзін өзіне ыңғайлы болатын кез

келген уақытта қарап, мүмкіндігінше қайталап қарап түсіну – осы төңкерілген сабақтың басты ерекшелігі. Әрі бұл әдістің тағы бір ерекшелігі оқушылар өзін – өзі дамыту жоспарын құра алады, өз бетімен оқу дағдыларын жетілдіреді,  оқуға, дайындалуға деген жауапкершілікті сезінеді, өзін жетілдіруге жұмыстанады.

Төңкерілген оқу әдістемесін жүзеге асыру барысында мұғалімнің ролі басқарушыдан нұсқаушылыққа ауысады да, оқушылардың өз оқу үрдісін басқаруына өз жауапкершіліктерін арттыруға ықпалдасатын ерекше оңтайлы ахуал тудыруға алып келеді. Сонымен қатар бұл технология тақырып бойынша электронды білім беру ресурстарының дамуына ықпал етеді. Оқушылар берілетін тақырыпты дұрыс түсіну үшін олар алдыңғы тақырыпты жақсы меңгеруі керек және берілетін материалдар оқушыларға тілі және түсіндірмесі жеңіл болуы керек.

Қорытынды:

  1. Оқушыларды төңкерілген оқыту әдісі арқылы оқыту нәтиже береді.

Себебі, оқушылар өздері оқу арқылы жіберілген кемшіліктерінің орынын толықтыра алады, оқушылар бір материалмен дайындалғандықтан бірін – бірі оқыта алады.

  1. Ресурстарды беріп қою бойынша өз қажетінше қайталап оқу жақсы нәтиже береді.
  2. Өздігінен оқу үшін видеосабақтар, нақты ресурстарды, жеке орындауға тапсырмаларды мол беру керек.
  3. Оқушылардың орындаған жұмыстары бойынша сындарлы кері байланыс беру оқушының даму аймағын анықтап береді.

Зерттеу жұмысымыз әлі жалғасуда. Қазіргі таңда ақпараттық технологияларды пайдалану бұрынғыдан арта түсті,  дәстүрлі лекциялар мен үй жұмыстарының түпкілікті өзгеріске ұшырап, оқушылар қысқаша шолу түрінде бейнесабақтар мен онлайн сабақтарды қарайды және сабақ барысында тек талқылау мен тапсырмаларға мән беру керек.

10 комментариев

  1. Даирбекова Кулзат

    Жарайсыз, көңілімнен шықты

  2. Керемет!👍👍👍

  3. Кабдиева Жанар

    Жарайсыз! Керемет!👍👍👍

  4. alinabazarbek08@icloud.com

  5. Керемет сөздер!!!

  6. Керемет!Менің көңілімнен шықты.Алда қолға алу қажет деп білемін.

  7. Өте керемет! Жарайсыз!

  8. Сабақта қолдануға болатын тиімді әдіс екен

  9. Жарайсыз жақсы әдіс осы әдіс арқылы оқыту керек

  10. Асемгуль

    Жарайсыз! Сәттілік!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.