Home » Ашық сабақтар » Қош бол, сүйікті Әліппем!

Қош бол, сүйікті Әліппем!

Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Талапкер ауылы
Жалпы орта білім беретін мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі
Елешова Сандугаш Аяновна

 

Әліппемен қоштасу

Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!

Мұғалім:

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппеге мың алғыс!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі,бірі әзірге жалғызы,ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.

-Ендеше,кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!Сонымен «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!

Автор

-Ерте,ерте,ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек.Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті.Содан екеуі елдің орта шетіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып,көкке шарлап өседі.Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?

Ханзада: Е,ханшайым,біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?

Ханшайым: Ханзада,мұның да бір себебі болар-ау!

Алма ағашы: Уа, ханзада мен ханшайым,маған күн шуағы жеткілікті,суда бар.Бірақ жемістерім жоқ,неге екенін өзім де түсінбеймін.

Ханзада:Иә,солай шығар!Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін орман іші тып-тыныш?

Ханшайым:Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.

Cиқыршы қыз: Бұл орманда неше жылдан бері ешқандай кеш,ешқандай сабақ өтпейді. Сол себептен осы ормандағы тіршілік иесінің бәрі ұйқыда

Ханшайым :Онда оларды оятайық.Сен оған көмектесші.

 «Ертегілер әлемі». Сиқыршы қыз ормандағы тіршілік иелерін оятады.

Сахнада жайлы әуен ойналады.

1-жұргізуші   

Армысыздар, ұстаздар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

2- жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

 

1 – жүргізуші:

Өтті оқу сан сабақ.

Бүгін үлкен салтанат!

Оқулықпен достассаң,

Әліппеміз қоштаспақ!

 

Өңкей білгіш балдырған

Құтты болсын тойларың

 

2– жүргізуші:

 

Балаларды қарсы алып,

Шашу, шашу, шашайық!

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық

Шашу, шашу, шашайық!

 

1 – жүргізуші:

 

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарында қызғалдақтай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

 

2-жүргізуші:

 

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата — аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

Ортаға 1 «Ж» сынып оқушыларын шақырайық.

 

1-оқушы: Мирас

Ұқсатпа мені басқаға

Есейдім 7 жастамын

Қош айтысып бақшаға

Мектепке жолды бастадым

 

2-оқушы: Ару

Қыркүйекте келдім де

Сыныпқа кірдім қуанып

Қарсы алды мейіріммен

Қадамымды құп алып.

 

3– оқушы: Мұхаммед

Еркесі едім атамның

Еркесі едім анамның

Толып биыл 7—ге

Мен де оқушы атандым!

 

1-жүргізуші Айару

Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата-анам.

Сеннен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек

Тамырланып, сан тарапқа тараған

 

Ән: «Мен мектепке барамын» хор

 

1-жүргізуші:Айару

 

Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

 

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

2 жүргізуші бірге:Бексұлтан

Ұстазым оның кілтін алып берді.

 

2-жүргізуші  Бексұлтан

 

«Әліппе» даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы.

 

1- Жүргізуші: Айару

Әліппе оқуға

Үйреткен әр күні

Үйретіп санауды

Көп еңбек сіңірген

Кім атын атай ғой?

 

Ол біздің мұғалім апай

 

Ән:Тілашар (Айару,Бексұлтан,Ильяс,Аяжан,Ару,Мұхаммед,Алан)

 

2-жүргізуші: Бексұлтан

 

Балалар, мен сендерге бір жұмбақ қояйын:

Іші толған әріпке

Білімдегі жарық не?

Хормен:

 

Болашаққа жол ашқан,

 

Ол сүйікті Әліппе!

 

Ол сүйікті Әліппе!

 

1-жүргізуші Айару

 

Ортаға құрмет қошеметпен әліппені шақырамыз.

 

ӘЛІППЕ, ӘЛІППЕ, ӘЛІППЕ

 

Әліппе әнін айтып шығады

 

Ортаға Әліппе шығады.

 

Әліппе:Ильяс

 

Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата – ана!

Болашаққа жол ашар,

Әліппең келді ортаңа.

Менің атым – Әліппе!

Мені анаңдай дәріпте!

Мені оқып, ер жеткен,

Әпкең сенің, ағаң да!

Мерекелерің құтты бол

 

1-жүргізуші: Айару

 

Ән: Әліппе (хор)

 

2-жүргізуші:Бесұлтан

 

Әліппеге арналған тақпағымызды тыңдаңыздар!

Алан

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Дәрия

Әліппем менің, әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Әдемі

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе!

Ислам

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз.

Бірге:

 

Сүйікті біздің Әліппе!

Малика

Ыстық әрбір беттерің

 

Жазуыңды ұғамын

 

Ақыл бердің Әліппе

 

Ақылды сен мұғалім

Наргиз

Әліппем менің Әліппем

 

Өмірді келем танып мен

 

Қайталап айтам мың рет

 

Өзіңе көп-көп рахмет.

Мадина

Қош бол құтты әліппем

 

Көп нәрсені үйреттің

 

Таныстырып әріппен

 

Тақылдатып сөйлеттің.

Қасым

Жақсы кітап әліппе,

үйрететін әріпке

қуыршақпен қоштастым

,әліппемен достастым

А-дан бастап әріпті,түгел маған танытты.

 

Әліппе:Ильяс

—  Балалар осы сендер қандайсындар?

 

Талабы биік тауда ймыз.

 

Мың бұралған бишіміз.

 

Біз шеберміз.

 

Ақылдымыз.

 

Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

 

Көп оқимыз.

 

Барлығы: Біз — қазақ елінің болашағымыз.

 

2-жүргізуші Бексұлтан

 

Алфабиттер шығыңдар

 

Орындарыңа тұрыңдар

 

Бастайық қане айтысты

 

Жібермейік намысты

Ескендір

Мен үшін жақсы адам,

 

Жақсы көрем басқадан

 

Апа ,ата сөздері

 

Қай әріптен басталған? \А\

Нұрдаулет

Таныстырар әріппен

 

Мынау кітап әліппең

 

«Әліппе» деген аты оның

 

Басталған қай әріптен \Ә\

Әлинұр

Аналарға силайтын

 

Аралар бал жинайтын

 

Бұл немене балалар

 

Үзуге адам қимайтын? \Гүл Г\

Райымбек

Ұқсайды өзі шалғыға

 

Елестет көз алдыңа

 

Қане оиланып табайық

 

Болады екен бұл қай әріп? \Ғ\

 

2- жүргізуші: Бексұлтан

 

Жиналған қауым таң қалсын,

Ән-бимен шашу шашылсын!

Мың бұралған бишілер,

Бименен кешті жалғасын.

Би: Қазақ биі «Шалқыма»

 

Әліппе:Ильяс

 

Шәкірттерім, балғындар!

Не үйреніп, не білдік

Кәне ортаға салайық.

 

1 жүргізуші: Айару

 

Алфавитті жаттадық

Онда жүйе, қалып бар,

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

 

2-жүргізуші: Бексұлтан

 

Сан әріпті үйрендік,

Бүгін бізге сеніңдер.

Әріптер әлеміне,

Саяхаттап көрелік.

 

—  Енді әріпті жұмбақты шешіп көрейік

Әліппе:Ильяс

— Балалар! Сендер менімен ғана достасып  қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар: дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, математика.

 

Мұғалім: — Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Хормен: Біздерге білім үйреткен,

 

Әліппе, саған рахмет.

 

Әліппе: Ильяс

Енді мен сендермен қоштасайын, сабақты жақсы оқыңдар.

Оқумен өсіп толыңдар,

 

Аман-есен болыңдар.

 

Хормен: Қош бол, құтты Әліппе! Қош бол, құтты Әліппе!  (Балалар бас иіп, қоштасады).

1 жүргізуші: Айару

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

 

2 жүргізуші: Бексұлтан

 

Уа, халайық, халайық

Мұнда назар салайық.

Бәріміз қол соғып.

Ана тілін қарсы алайық!

 

(Ортаға ана тілі шығады)

 

Ана тілі: Диас

 

Ақыл-ойы дананың,

Ана тілі боламын.

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың,

Өсірген ой білімді,

Мәнін терең білуде,

Мейірімі мол балаға.

Ана тілді құрметте.

 

Мұғалім: Балалар, Ана тілі бізге бос келмепті. Ол: ата-аналарға арналған тапсырмаларым,- бар дейді. Ол ана мен баланың арасындағы байланысты байқамақшы. Ананың балаларына арналған жылы сөздерін,балаға деген махаббатын тыңдап көрмекші. Ортаға үш ата-аналарды шақырамын.

Ойын: Өз баласын табу

 

Хормен:

 

Анам – үнім, жүрегім,

 

Әкем – өмір тірегім.

 

Біз бақытты ұланбыз,

 

Бәрі бізге қуансын!

 

 

 

Әжем – асыл ардағым,

 

Атам – дана қорғаным.

 

Біз бақытты ұланбыз,

 

Бәрі бізге қуансын!

 

Ана тілі:Диас  Мен әліппеден оқып — білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.

 

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікбас,

Ана тілін сүймеген.

Халқын сүйіп жарытпас.

 

Мейірі мол балаға

Бар әлемде анаға

Басымызды иеміз,

Бабамыздың тілі деп

Даламыздың үні деп

 

Бәрі:Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!

 

Рахмет балалар, мені жақсы оқыңдар.

1-жүргізуші: Айару

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған

Бақыты үшін балаңның

Аман сау жүр ақ мамам

2-жүргізуші: Бексұлтан

 

Шаршамайтын талмайтын

 

Қатем болса кешірген

 

Қадірлі ата анам

 

Мен сенің көшірмең деп

 

Би:    Жауқазындар биі

 

Мұғалім:

 

Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға

Тілек айтар қонақтар. Директорға, ата-аналарға сөз беру, оқушылардың сыйлығын беру.

 

Жүгізуші:

 

Құрметті, ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Әліппемен қоштасу» тойымыз аяқталды.

Келгендеріңізге көп-көп рахмет!

Ән: «Тәуелсіз елдің ұраны»

14 комментариев

  1. Балсулу

    Мақалаңыз тамаша 👏💐

  2. Данагүл

    Керемет! Менің алғашқы ұстазым, Сандуғаш Аянқызы!❤️

  3. Асель Муратовна ата-ана

    Оте керемет,бізге де ,балаларға да ұнаған көңілімізден шыққан тамаша мереке сыйладыңыз!! Рахмет.Алдағы уакытта да бииктерден көрініңіз, биз тилекшіміз!

  4. Амангүл

    Сандуғаш Аянқызы сізге алғысым шексіз 🤗 биік шыңдарды бағындыра берініз…

  5. Тамаша! ❤️👍

  6. Тамаша!😇👍

  7. Сандуғаш Аянқызы, сізге мың алғыс! Ұрпағымыздың тәрбиесіне қосқан үлесіңіз шексіз😘🔥, Сіз керемет ұстазсыз

  8. Устазымыз сизге алланын нуры жаусын оте керемет макаланыз. 😘💐🥳

  9. Сандуғаш Аянқызы — ұстаз бен оқушы арасындағы нәзік байланысты дөп басқан нағыз мұғалім! Бүгінгі күні сізден білім алған оқушылардың алды елімізге үлкен үлестерін қосып жүр. Әрқашан абыройлы болыңыз. Алдыңыздан талай ғалымдар мен тамаша адамдар білім алсын. Құрметтейміз, жақсы көреміз🌹🌹🌹

  10. Өте керемет! 👍👍👍

  11. Жанылсын

    Өте жақсы құрылған екен👍🏻

  12. Сандуғаш Аянқызы -нағыз педагог. Абыройыңыз асқақ болсын!

  13. Айнагүл

    Ұстаздың шығармашылығы басым,оны пікірлерден де көруге болады.Бастауыш сынып мұғалімінің жүгі қашанда ауыр, еңбектері зор.Сондықтан Сандуғаш Аянқызына мол денсаулық,төзімділік пен шәкірттеріңің жетістігіне қуана беруін тілеймін.Бұндай бала жанын түсініп,нәрлі білімді шебер сіңіре білетін ұстаздар көп емес.Әр жылыңыз жетістікке толсын,демекпін.

  14. УЛБОСЫН М.К.

    Сәттілік тілеймін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.